Kapshagay.gov.kz

Қазақстан Республикасы Жер кодексіндегі өзгерістер туралы

Главная



  Мемлекет Басшысымен 2018 жылдың 4  мамырында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу  мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» №151- VI Заңымен Қазақстан Республикасы Жер кодексіне азаматтарға ауылшаруашылығы қызметін жүргізу үшін берілетін жер учаскелеріне тиісті өзгерістер енгізілді.
Біріншіден, шаруа қожалығын жүргізу үшін жеке тұлғаларға және тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін жер беру тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексіне қосымша енгізілген баппен регламенттелген - бұл 43-1 бап, оған сәйкес жоғарыда аталған мақсаттар үшін жер  учаскелері конкурс тәртібімен беріледі.         Заңнамалардың нормаларымен жергілікті атқарушы органдарымен конкурстарды өткізу тәртібі айқындалған.
Қазақстан Республикасы Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, Қапшағай қаласы әкімдігімен 2018 жылғы 27 маусымында  шаруа қожалығын жүргізу үшін және тауарлы ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін беру бойынша конкурс  жарияланды. Конкурс 2018 жылдың 15 тамызында өткізіледі. Кәзіргі кезде, «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ Кодексте аталған талаптарға сәйкес азаматтардан көнкурстық құжаттамаларды қабылдап жатыр.
Екіншіден, ауылшаруашылық мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және олар бойынша  қолданылатын іс-шараларға тиісті өзгерістер енгізілді. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 145 бабына сәйкес, жерлердің пайдалануына және қорғалуына бақылауды орталық уәкілетті орган, жердің пайдаланылуы  және қорғалуына бақылау бойынша уәкілетті орган, аудандық  ( қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органдар, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, поселкелер, ауылдар, ауылдық округтер, аудандық маңызы бар қалалардың әкімдері,  және өз құзыретіне сәйкес басқа уәкілетті органдар жүргізеді. Осыған орай, жерлерді ( оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді) тиісті тәртіпте және ұтымды пайдалануына бақылау Қапшағай қаласы әкімдігі мен ауылдық округтерінің әкіміне жүктелген.
Қапшағай қаласы әкімдігімен  ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жерпайдаланушыларға тиісті жер учаскелерінің пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастырады және жүргізеді, атап айтқанда:
1) жерлердің топырағының құнарлығын  сақтау және қалпына келтіру бойынша ұйысдастыпу-шаруашылық, агротезникалық, гидротехникалық, эррозияларға қарсы кешенді іс- шараларды  жер учаскелердің меншік иелері мен жерпайдаланушылармен уақытылы және дұрыс жүргізілуіне;
2) жерлерді жақсарту, топырақтың эррозияға ұшарамауына, тұздануына, батпақтануына, сумен басылуына, шөлге айналуына, құрғақтануына, тығыздауына, қоқыстануына, ластануына және жерлерді тозуына әкеліп соқтыратын процесстеріне жол берілмеуіне және оның салдарының  жойылғанына;
3) жерлердің пайдаланылуы  және қорғалуы бойынша жерге орналастыру жобаларының  орындалуына.

            2018 жылғы ауылшаруашылық мақсатындағы пайдаланылмай жатқан жерлерге қатысты жерлерге түгендеу (ревизия) жүргізу нәтижесі бойынша, қала әкімдігімен  белгіленген құзыретіне сәйкес тиісті шаралар қолданылады- жерпайдаланушылармен жалдау шарттарын біржақты тәртіпте бұзу және жеке меншіктегі жерлер бойынша  материалдарды  сот органдарына жолдау.
Жоғарыда баяндалғанға орай толықтырарымыз- азаматтарға жер халық пен мемлекеттің  қасиеті болып табылатынын ескерткеніміз қажет, сондықтан, берілген жер учаскесіне жоғары жауапкершілікпен қарағаны дұрыс.  Мемлекет  азаматтарды Қазақстан Республикасы Жер кодексімен көзделген  шекте және талаптарына сәйкес жер учаскесіне құқығымен берілгенін ескерілгені жөн.  Жер учакесін алған кезде азаматтарда құқықтан бөлек белгіленген міндеттемелер де туындайды, және, заңға сәйкес , оларды бұзғаны үшін жаупкершілікке тарту  қарастырылған.

 

 

21.08.2018


«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .