Kapshagay.gov.kz

Газетке мақала

Главная



 

Алматы обысының жерді пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының міндеттері мемлекеттік органдардың, жеке, заңды тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасы жер заңдарының сақталуын, Қазақстан Републикасы заңдарының бұзылуын анықтауды және жоюды, азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді, жер учаскелерін пайдалану ережелерінің сақталуын, жер кадастры мен жерге орналастыру ісінің дұрыс жүргізілуін және жерді ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуден тұрады.      Қазіргі уақытта, Алматы обысының жерді пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын талқылау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Өздеріңізге белгілі, 2016 жылдың мамыр айында Ел Басының Жарлығымен және тиісті заңмен Жер кодексінің жекеленген нормаларына (24, 37, 48, 97, 101-баптарың тармақтары) 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий енгізілді.
Атап айтқанда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қазақстандықтарға жеке меншікке, шет елдіктерге жер беруге мүлдем тыйым салынды.
Бұл ретте, парламент депутаттарының, орталық уәкілетті органдардың, қоғам қайраткерлері мен азаматтық қоғам белсенділерінің қатысуымен арнайы Жер реформасы бойынша комисия құрылып, тиісті жұмыстар атқарылды.
Комиссия мүшелері, еліміздің жергілікті  тұрғындармен өткізілген кездесулер нәтижесінде берген ұсыныстарын, мәселелердің қоғамдық маңыздылығын ескере отырып, келесі шешімдер қабылдады:


1. Ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жалға беру нормасын сақтау және жетілдіру;
2. Қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы жерлерінің жалға берілетін мөлшерлерін шектеу;
3. Шекара аумақтарындағы ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалану талаптарын күшейту
4. Тұрғындардың жайылым алқаптарына деген қажеттіліктерін қамтамасыз ету.
Аталған ұсыныстардың негізіндеЖер кодексіне өзерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Заң жобасы дайындалып, Парламент Мәжілісінің қарауына енгізілді.
Заң жобасы қоғамдық кеңес отырыстарында, басқа да қоғамдық алаңдарда жұртшылықпен, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен кеңінен талқыланғандығын атап өту қажет.
Сонымен бірге, аталған Заң жобасы нормативтік құқықтық актілердің ашық порталында, Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтында 2016 жылдың қараша айынан бастап орналастырылып, оның Мәжілісте қаралу барысы туралы ақпараттар үнемі жаңартылып отырады.
Ал енді, Заң жобасының негізгі нормаларына толығырақ тоқталып өтейік.
Біріншіден, ауыл шаруашылығы жерлерін қазақстандықтарға жалға беру нормасын сақтау және жетілдіру мақсатында жалға берудің  жаңа әрі бөлек тәртібі қарастырылып отыр.
Жер беру тәртібінің ашықтығымен айқындығын қамтамасыз ету және жемқорлықты болдырмау үшін конкурсқа қойылатын жерлер тізбесін бекіту, оны міндетті түрде қоғамдық кеңестермен және үкіметтік емес ұйымдармен келісу, жер комиссиясының құрамына 50%-ы қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың өкілдерін енгізу қарастырылып отыр.
Сонымен бірге, конкурстың жариялылығы мен оған барлық қатысушылардың тең қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа тәртіп бойынша конкурс өткізілетіндігі туралы хабарландыру тек аудандық қана емес басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктердің ресми интернет-ресурстарында орналастырылады.
Екіншіден, ауыл   шаруашылығы   жерлерін  үлкен көлемде «бір қолға» берілуін болдырмау мақсатында Заң жобасында әр облыстың әкімшілік аудандары шегінде ауыл шаруашылығы жерлерінің шектік мөлшерін белгілеу көзделген.
Бір қолға берілетін жерлердің мөлшері маслихаттар мен әкімдіктердің бірлескен ұсынысының негізінде Үкіметпен бекітіледі.
Бұл шектік мөлшерін айқындау үшін тиісті Есептеу әдістемесі әзірленді.
Үшіншіден, мемлекеттік шекараның шекаралық белдеуінде орналасқан ауыл шаруашылығы алқаптары ешкімге берілмейді, тек жергілікті халыққа жайылым, шабындық ретінде ғана пайдалануға рұқсат етіледі.
Шекаралық аумақта орналасқан жер учаскелерін шетелдіктерге, Қазақстан Республикасының шетелдіктермен некеде тұрған азаматтарына немесе Қазақстан Республикасының құрамында шетелдіктер бар заңды тұлғаларына беруге тыйым салынады.
Бұл аумақта орналасқан ауыл шаруашылығы жерлері тек қазақстандықтарға ғана жалға берілетін болады. 
Төртіншіден, жергілікті тұрғындардың жеке аула малының саны жыл сайын өсіуіне байланысты Заң жобасымен жайылым жетіспеушілігін шешу мақсатында елді мекендер айналасында жайылым алаңдарын айқындайтын норма көзделуде.
Осы мақсатта айқындалған жайылымдарды Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына  жалға беруге тыйым салынатын болады.
Сонымен бірге елді мекендердің маңындағы жайылымдардың көбі жеке және заңды тұлғаларға беріліп кеткендігін ескеріп, әкімдіктерге ол жерлерді қайтару үшін халықтың жайылым жерлерге мұқтаждығын мемлекеттік қажеттілікке жатқызу қаралып отыр.
Ерекше назар аударатын жағдай аталған нормалардан бөлек Заң жобасымен ауыл шаруашылығы жерлерін беруге енгізілген Мораторийдің шеңберін тек шетелдіктерге ғана емес, 1% болсада  шетелдік үлесі бар қазақстандық заңды тұлғаларға  кеңейту қарастырылып отыр.
Бұл ретте, Заң жобасы нормаларының барлығы ауыл шаруашылығы жерлерін тек қана қазақстандықтарға беруді көздейді.
Аталған Заң жобасы бойынша сіздерде белгілі бір сұрақтар туындаған жағдайда Заң жобасының мәтінімен Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми сайтының «Жер кодексі» бөлімінде таныса аласыздар.

 

Алматы облысының жерді
пайдалану мен қорғау жөніндегі
мемлекеттік инспекторы                                                    М.Жүндібаев

18.04.2018


«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .