Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен атқарылған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Главная



       

 

           «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі  (әрі қарай-Бөлім) Қапшағай қаласы мен Қапшағай өңірінің аумағында жер қатынастары саласында функцияларды атқару үшін уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтерді  көрсету  кезінде Бөлім Қазақстан Республикасының қолданыстағы  заңнамалары  нормаларын, нормативтік-құқықтық актілерін және «Ұлт Жоспары-100 нақты қадам», «Нұрлы жер»  мемлекеттік бағдарламаларды басшылыққа алып, жұмыс барысында қолданады.
Осыған байланысты, Бөлімнің жұмысы  келесі бағыттарға бағдарлау алған:
1.   Қапшағай өңірінің аумағында жер қатынастары сұрақтары бойынша заңды және жеке тұлғалардың өтінімдері мен хаттарын қарастыру. Аталған өтініштер қала әкімдігінің жер комиссиясының қарастыруына материалдарды дайындау жолымен, сонымен қатар өзінің құзыреті шегінде сұрақтарды шешеді. 2017 жылдың 1 кварталында Бөліммен  жер комиссиясына  жеке және заңды тұлғалардың 267 материалдары дайындалып, қарастыруға жолданған, оның ішінде 195 оңтайлы қорытындысы шығарылған.
Жер учаскелеріне жеке меншік құқығын сатып алу-сату 33 шарты, жалға беру туралы 106 шарты дайындалды. Бөліммен жасасқан шарттар бойынша талаптардың орындалуына бақылау жұмыстары жүргізіледі.  Бүгінгі күнге «Жерлерді сатудан түсетін түсімдер» 303101 БСК  бойынша 50 млн. Теңгеден астам қаржы түскен, жылдық жоспар 82,0 млн. Теңге болса, жоспар 62,5 пайызға  орындалды.  Бөліммен шарт бойынша міндеттемелері орындалмаған 3 жер учаскелерінің меншік иелерімен  шарттар бұзылды.
           2. Құзыретіне сәйкес, Бөліммен 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі- жер учаскелеріне жерге орналастыру жобаларын бекіту және жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актілерін бекіту, және жер қатынастары саласында Бөлім Қапшағай қаласы әкімдігімен берілетін 7 мемлекеттік қызметтерді орындайды.  Мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері қала әкімінің сайтында және Бөлімдегі стендте орналастырылған. 2017 жылдың 1 кварталы бойынша Бөліммен 297 мемлекеттік қызметтер көрсетілді. Қызметтерді көрсетуде бұзушылықтар анықталмады.
               3. «Ұлт Жоспары-100 нақты қадам» бағдарламасы шеңберінде Бөліммен пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылық мақсатындағы және объектілер құрылысы үшін берілген жерлерді анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр, оның ішінде  жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жерлерді де. Осы жұмыстарды атқару үшін жұмыс тобы құрылып,  олардың атқарған жұмыстары нәтижесінде 2016 жылы Шеңгелді ауылдық округінде пайдаланылмай жатқан 993,0 суармалы егістік алқаптары анықталған. 11 жерпайдаланушыларға  ескертулер жолданып, жер учаскелерін пайдалбаған себептері көрсетілген түсініктемелер алынды.                                               1 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Объектілер құрылысы үшін берілген жер учаскелерінен 2016 жылы пайдаланылмай жатқан 19 жер учаскесі анықталған. Осы жерлер бойынша  материалдар өнделіп, Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына  жолданған. Басқарма тарапынан тексеріс нәтижесі бойынша 2016 жылдың 16 қыркүйегінде 8 жер учаскесінің меншік иелері 1 жыл мерзімге нұсқамалар  алып, қалған 8 объектілер бойынша жұмыстар жалғасуда.
2017 жылы ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге түгендеу жұмыстары жалғастырылып жатыр, олардың нәтижелері 2017 жылдың 01 маусымына таман қорытындылады. Ағымдағы жылы Қапшағай қаласындағы жұмыстар барысында анықталған 10 құрылыс нысандары бойынша материалдар Алматы облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына  жіберілген. Басқармамен тексеру жұмыстары басталды.
        4. Қала әкімдігіне жүгінетін азаматтарға жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу өзекті мәселе болып отыр.Бұл бағытта Бөліммен келесі жұмыстар атқарылды:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес азаматтардың арнайы есебі құрылып, кезеке тіркелген азаматтар саны 4 800 адам. Арнайы есеп квартал сайын жаңартылады.
- Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін беруді бақылауға алу үшін  Бөліммен іс-шаралар Жоспары әзірленді.
- Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру мерзімі, игеру талаптары туралы қаулы жобасы дайындалды.
- Жергілікті «Нұрлы өлке» газетінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін игеру сұрақтарына және тұрғын үйдің құрылысына тиісті заңнама талаптарына  түсініктемелері берілген мақала жәрияланды.
- 2017 жылдың маусым айына жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскелерінде өз бетімен заңға қайшы құрылыстың алдын алу мақсатында тұрғын үй құрылыстары басталған, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстары жоспарланып отыр. Бұл шаралар  жер учаскелерінің меншік иелеріне заңнама талаптарын санасына қайталап жеткізуге, өз бетінше құрылыстың алдын алу үшін көзделген.
      5.  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Самал», «Ардагер», «Әсем-Тас» шағынаудандарын дамыту қарастырылып отыр. Осы шағынаудандардың аумағында шамамен 3 200 жер учаскелері бар, олар арнайы есепте тұрған азаматтарға беріледі.
      6. «Қапшағай-Күрті» автокөлік жолының құрылыс аймағына түсетін  жер учаскелерін мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қою жұмыстары  Бөліммен атқарылып жатыр.  Кәзіргі кезенде Бөліммен заңнамаларға сәйкес,  осы құрылыс аймағына түсетін жер учаскелерін алып қоюға байланысты бағалау жұмыстарын және орналасқан жерлерін өзгертуге мүмкіндігі  алдын-ала қарастырылып, іс-шаралар уақытылы атқарылды.    Осы жұмыстарды атқару үшін мемлекеттен бөлінген қаржы уақытылы игерілген.
       7. Қапшағай қөаласыны аумағында 4 өндірістік аймағы орналасқан: «Арна», «Ардагер», «Қосқұдық», «Құлан төбе» өндірістік аймақтары.
2015 жылы Бөліммен қарастырылған басты сұрақтардың бірі - «Арна» өндірістік аймағында  орналасқан жер учаскелеріне түгендеу жұмыстарын жүргізу болған. «Арна» өндірістік аймағының Бас жоспары 2006 жылы бекітілген. «Арна» индустриалдық аймақтың аумағы 1300,0 гектарды құрайды, оның ішінде                    760,0 гектар жер учаскесі өндірістік базаларын орналастыру үшін жоспарланған, 330,0 гектар жер учаскесі көліктік және инженерлік коммуникацияларын дамытуға, 210,0 гектар жер теміржол өткелі жолдары үшін қарастырылған. Жер учаскелерінің меншік саны -151, оның ішінде жалпы аумағы 237,3140 гектар жер учаскесі  80 жеке тұлғалардың атына  тіркелген. Заңды тұлғаларға берілген                    71 жер учаскесінің аумағы 465,0908 гектар, және жерпайдалану құқығымен берілген 8 жер учаскесінің аумағы 50,01 гектарды құрайды және резервке қалдырған жердің аумағы 57,5947 гектар.  Бұл аймақтағы жер учаскелері 2006-2007 жылдары берілген.

 

Бөлім басшысы                                                                            Ш. Кожабергенова

 

29.09.2017



«Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .