Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласының ветеринария бөлімінің 2017 жылғы 1 мамырына дейін атқарылған жұмысы туралы ақпарат

 


<<Негiзгi


 

Қазақстан Республикасының ветеринария туралы Заңының  10-10.1 бабында жергілікті атқарушы органның ветеринариялық қызметіне жүктелген жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында қала көлеміндегі эпизоотияға қарсы іс шараларды жүргізу бағдарламасына сәйкес, 2017 жылға арналған эпизоотияға қарсы іс шаралар жұмыстарға 26 353,0 мың тенге бөлініп, мал ауруларының диагностикасы және алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде, атап айтқанда:
Сібір жарасы ІҚМ- 2 500 бас;
Сібір жарасы шошқа – 220 бас;
Аусыл (ящур) ІҚМ – 4500 бас;
Аусыл (ящур) ҰММ – 23600 бас;
Оспа ҰММ – 23 500 бас;
Бродзот, энтеротоксемия ҰММ – 26 640 бас;
Құс тұмауына егу - 17 600 бас;
Туберкуллезге тексеру ІҚМ - 4265 бас;
Жылқы маңқасына тексеру –    250 бас;
Пастереллез МІҚ – 2000 бас;
Пастеррелез шошқа – 3000 бас;
Лептоспироз МІҚ – 200 бас;
Лептоспироз ҰММ – 500 бас;
Құтыру МІҚ – 1000 бас;
Бруцеллез ауруына 2171 бас ірі қара малынан қан алынып зерттелді, оның ішінен 2 бас оң нәтиже көрсетті, ұсақ малдардан 4600 бастан қан алынып зерттелді, оның ішінде 15 басы оң нәтиже көрсетті. «Ақ-Бұлақ» ет өндеу кәсіпорнымен меморандум жасалынып, анықталған ауру малдар түгелдей ет өндеу кәсіпорнына өткізілді. Биылғы жылы мал иелеріне өтем ақы төлеу үшін жергілікті бюджеттен       1 701,0 мың тенге бөлінді және ауру малдарды санитарлық союды ұйымдастыру үшін 255,0 мың тенге қаржат қарастырылған.
Қаңғыбас ит-мысықтарды аулау, және жою бағдарламасы бойынша 2 400 000 тенге бөлінді бүгінгі кунге дейін 422 ит,  ұстап жойылды, оның ішінде Қапшағай қаласында – 347 бас ит, Шеңгелді ауылдық округінде – 40 бас ит, Заречный ауылдық округінде - 35 бас ит ұсталып жойылды.

 


Қапшағай қаласының ветеринария бөлімі» ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .