Kapshagay.gov.kz

«Мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық- санитариялық қорытынды беру»

 


<<Негiзгi


«Қапшағай қаласының ветеринария бөлімі ММ-сі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі 2015 жылғы 6 маусым № 7-1/418 « Мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық қорытынды беру» туралы стандартына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

  • жергілікті атқарушы органдары,
  • «электрондық үкіметтің» веб- порталы : www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

  • көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап -5 (бес) жұмыс күні,
  • көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты-30 (отыз) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсылынған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсылынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларда (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушылар) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 2- тармағының 6 тармақшасына сәйкес ақылы түрде ( ветеринариялық- санитариялық қорытынды бланкісі үшін )көрсетіледі.
Жұмыс көрсетілген қызмет  берушінің кестесі- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қопағанда, дүйсенбі- жұма аралығында сағат 13:00 -ден 14:30-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жаылуысыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1)осы мемлекеттіік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш,
2)жеке басын куәландыратын құжат және өкілеттігін растайтын құжат (сәйкестендіру үшін) ,
3)жалға алу шартының құқығында үй- жайлардың тиісті бар екенін растайтын құқық белгілейтін құжат көшірмесі,
4)ветеринариялық- санитариялық қорытынды бланкісінің құнын төленгенін растайтын құжат, 2017 жылға 45 теңге құрайды.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу қайта тіркеу туралы, дара кәсіпкерді туралы мемлекеттік тіркеу, меншік құқығында тиісті үй- жайлардың бар болуы туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
Мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық бақылау және қадағалау объектінің ветеринариялық (ветеринариялық санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкестігі туралы ветеринариялық – санитариялық қорытынды,
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар бере отырып, объектінің ветеринариялық (ветеринариялық- санитариялық) қағидаларға және талаптарға сәйкес еместігі туралы ветеринариялық- санитариялық қорытынды.
Мемлекеттік қызмет көрсету уақтылы орындамаған жағдайда, дөрекі қарым-көрсетілетін немесе сыбайлас жемқорлық көріністері қызметкерлерінің пайда болған кезде қызмет алушы келесі телефонға хабарласса болады 8( 727)72 4-20-37.


Қапшағай қаласының ветеринария бөлімі» ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .