Kapshagay.gov.kz

Эхинококкоз

 


<<Негiзгi


      Эхинококкоз - Taeniidae тұқымдасы цестодаларының балаңқұрт сатысында тоғышарлық етуімен шақырылатын, ауыл шаруашылығы малдары мен жабайы өнеркәсіптік жануарлардың және адамдардың ауруы.
     Жануарлар аралық иелері болып табылады, олардың зақымдануы азықпен және сумен бірге жұмыртқаларды жұтқан кезде болады. 
      Эхинококкоздың кең таралуына бұралқы иттердің жүруі, оларды сойғаннан кейін қалған қалдықтармен азықтандыру, малдардың аулада бақылаусыз сойылуы және шаруашылық субъектілерінде ветеринариялық-санитариялық жағдайдың төмен деңгейі, мал өлекселерін көметін жерлердің жоқтығы қолайлы әсер етеді.
     Ірі қара және ұсақ малдың эхинококкозын тірі кезінде балау үшін интрадермальды Казони реакциясы қолданылады. Аллерген ретінде эхинококк ларвоцисталарынан шыққан сұйықтық, сколекс пен көпіршіктің қабығынан дайындалған полисахаридті фракция пайдаланылады, бірақ бұл аллерген басқа да ларвальды тениидоздарда оң реакция береді. 
      Балаудың ең қолайлы иммунологиялық әдістері: сколексопреципитация, тура емес гемагглютинация, комплементті ұзақ байлау реакциялары. Өлгеннен кейін балау мал өлекселерін қарау арқылы анықталады, бірақ көпіршіктердің бірен-сараны табылған жағдайда, оларды мал өлуінің себебі деп санауға болмайды. Малдың эхинококкоздан өлуі ларвоцисталармен қатты инвазияланғанда ғана болуы мүмкін.
       Жануарлардың эхинококкозбен зақымдануының алдын-алу мақсатында шаруашылық субъектілері, ветеринариялық мамандар, сондай-ақ мал иелері қажет: 
      1) жануарларды толық құнды азықпен қамтамасыз ету, азықтандыру мен күтіп-бағу гигиенасын сақтау; 
     2) мал шаруашылығы фермаларының, қасапханалардың, ет өңдейтін кәсіпорындардың территорияларына және мал азығын сақтайтын жерлерге иттерді жібермеу; 
     3) иттерді арнайы белгіленген жерлерде серуендету; 
     4) малдарды аулада союды жүргізбеу; 
     5) өлген малдардың өлекселерін немесе сойылған малдардың қалдықтарын иттерге, терісі бағалы аңдарға және мысықтарға азыққа бермеу; 
     6) күзеттік және қызметтік иттерге мерзімді дегельминтизация жүргізу; 
     7) ет және ет өнімдерін ветеринариялық-санитариялық сараптаусыз сатуға тиым салу. 
      Әр шаруашылық субъектісін қоршалған қасапханамен, Беккари шұңқырымен немесе өлексе жағатын пешпен қамтамасыз ету қажет.
   Шаруашылық субъектісінде жануарлардың эхинококкозбен ауруына күдік пайда болған жағдайда ветеринариялық маман тез арада сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторына хабарлайды.
     Сәйкес әкімшілік-аумақтық бірліктің бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторы эхинококкоз ауруының пайда болуы туралы хабарды алғаннан кейін тез арада ауру шыққан жерге келеді және таза емес пункттің індет ошағының шекарасын анықтау мен эпизоотологиялық тексеруді ұйымдастырады. Диагноз қою үшін ауру малдардан патологиялық материалдар алады және оны ветеринариялық лабораторияға жібереді.
      Ақырғы диагноз қойылғаннан кейін шаруашылық субъектісінің аумағында ұйымдастыру-шаруашылық және санитариялық-насихаттық шаралар кешенін жүргізеді: 
     1) отарлар мен табындардағы иттердің санын қажетті шекке дейін қысқарту; 
     2) бұралқы иттер мен мысықтарды жүйелі түрде жою; 
     3) өлекселер мен зақымдалған мүшелерді утильдеу немесе жағу арқылы немесе биотермиялық шұңқырда жою; 
     4) отарлар мен табындардағы, сондай-ақ халықтағы барлық иттерді есепке алу; 
     5) отарлар мен табындардағы, сондай-ақ кәсіпорындардың, ұйымдардың және жеке иеліктегі жасы үш айдан асқан барлық иттерді әр 45-50 күн сайын дегельминтизациялау; 
     6) шаруашылық субъектілерінің қызметкерлерін мерзімді түрде (3-6 ай сайын) тексеру және зерттеу; 
     7) санитариялық-насихаттау жұмыстарын жүргізу және жеке гигиена ережелерін сақтау.
      Ішкі мүшелерді ашып, тексеру жолымен еттің толық ветеринариялық-санитариялық сараптамасын жүргізу қажет. Эхинококктар табылған жағдайда ондай мүшелер жойылады.

 

Бас маман                                                                     Ергалиева Ж.Х.

 

 

 


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .