Kapshagay.gov.kz

Бруцеллез

 


<<Негiзгi


Бруцеллез - Brucella атты жалпы атаумен біріктірілген бактериялар қоздыратын созылмалы өтетін адам және жануарлардың ауруы. Brucella 6 түрге бөлінеді: Brucella melitensis, Brucella abortus, Brucella suis, Brucella neotome, Brucella ovis, Brucella canis.
Аурудың негізгі белгісі іш тастау болады, ол кезеңде іш тастаған төлмен, шарана суымен, плацентамен, жыныс органдарының сұйығымен көп уақытқа дейін сыртқы орта ластанады. Бруцеллалар сыртқа ауырған малдың несепімен және сүтімен шығады. Сонымен қатар малдың терісі, қорадағы мал орны, төсеніш, жем-шөптің қалдықтары, құрал-саймандар, мал қора, жайылым және суаттар ластанады. Жануарларда іш тастаудан басқа орхит, бурсит, эндометрит, мастит байқалады.
Бруцеллалар жоғары температураға сезімтал. Сұйық ортада 60 градуста 30 мин., 80-85 градуста - 5 минут ішінде, ал қайнатқанда бірден өледі. Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен бруцеллалар 4-5 сағатта өледі, топырықта тіршілігін 100 күн, суда - 114 күн сақтайды. Қоздырушы азық-түлікте ұзақ уақыт сақталады. Төменгі температураға өте төзімді болады (қатырылған етте 5 ай, сүт өнімдерінде - 1,5 айға дейін сақталады).
Бруцеллездің қоздырушысы әр түрлі дезинфекциялық заттарға сезімтал: 2% карбол қышқылының ерітіндісі мен күйдіргіш натр, лизолдың 3% ерітіндісі хлорлы әктің және хлораминнің 0,2-1% ерітінділері қоздырушыны бірнеше минутта өлтіреді.
Адам бруцеллезінде індеттің негізгі көзі қой, ешкі, сиректеу ірі қара мал, түйе, шошқа, марал және тағы басқа жануарлар болып табылады.
     Бруцеллез адамдарға әр түрлі жолдармен жұғады. Індет көбінесе жанасқанда (ауру малмен немесе олардың өнімдерін, шикізаттарын пайдаланғанда) немесе алиментарлық жолмен жұғады.
Оң нәтиже берген жануарларды 3-күннің ішінде етке союға жібереді.        Күдікті нәтиже берген жануарлар 15-20 күннен кейін кешенді серологиялық әдістермен қайта зерттеледі. Оң және қайтадан күдікті нәтижелер алынса бруцеллезге диагноз анықталды деп есептеледі және жануарлар етке сойылады. Қайтадан зерттеу барысында күдікті нәтижесі жойылған жануарлар, шартты түрде сау деп танылады және табынға қайтарылады. Егер бірінші жолы бірнеше жануар күдікті нәтиже беріп және қайтадан зерттеу барысында олардың жартысында диагноз анықталса, онда барлық мал тобы етке союға жіберіледі.
Диагностикалық зерттеулер жүргізілгеннен және оң нәтиже берген жануарлар оқшауланғаннан кейін мал қоралары дезинфекцияланады. Оң нәтиже берген мал орналасқан оқшауханада аптасына бір рет дезинфекция жасалынады.
Бруцеллезден таза емес пункттерде ұсталатын қой мен ешкілерді саууға, залалсыздандырылмаған елтірі терілерін өңдеуге (кептіру, тазалау және басқа), сондай-ақ қозының ұлтабар қарнын және ұшаларын дайындауға, ал қой және ешкі сүтінен ірімшік және қатық дайындауға тиым салынады. Елтірі терісі ұшадан сыпырып алынғаннан кейін дезинфекцияланады және сақталады, ал ұшалары өртеледі немесе мал қорымына апарып тасталады.
      Бруцеллезден таза емес пункттерде қойдан (ешкіден) алынған жүнді залалсыздандырады.
        Шаруашылықта (аулада) бруцеллезбен ауырған малдарды етке союға, осы мақсатта арнайы дайындалған орындарда барлық ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың талаптарын сақтай отырып етке сояды.
        Жануарлардың өлекселері, іш тасталынған төл міндетті түрде жойылады немесе утелдеуге жіберіледі. 
        Бруцеллезбен ауырған сиырларды саууға тиым салынады.
     Аурудан таза емес пункттегі сиырлардан алынған залалсыздандырылмаған сүтті сүт өңдеу мекемелеріне апаруға, базарларда сатуға, асхана жүйесінде пайдалануға тиым салынады. Ондай сүт пісіріліп жас малдарды азықтандыру үшін пайдаланылады.
       Аурудан таза емес пункттегі теріс нәтиже берген сиырлардан алынған сүт (кілегей) 70 о С 30 минут бойы, 85-90 о С 20 секунд бойы залалсыздандырылады, пісіріледі немесе тортасы айырылған майға өңделеді. Сүт осындай тәртіпте шаруашылық ішіндегі қажеттілік үшін залалсыздандырылады (сонымен қатар беті алынбаған сүттің гелін алмастыруға).
Санитарлық-ағартушылық шараларын жүргізудің мақсаты халыққа қажетті санитарлық-гигиеналық білімді жеткізу. 
     Бруцеллездің алдын алудағы санитарлық-ағартушылық жұмыстың негізгі мақсаттары;
     - бруцеллез - зооноздық инфекция, онда аурудың бастауы болып ауыл шаруашылығы малдары болып табылатындығын халыққа түсіндіру; 
     - бруцеллездің жануарлар арасында таралуын, жұғу жолдарын және оның адамға қауіптілігін, кәсіптік ауру екенін хабарлау.
   Халық арасында ғылыми жетістіктерді насихаттау, егер оларға тәжірибеден, аумақтағы бруцеллезбен күресу шараларынан мысалдар келтіріп түсіндірсе өте тиімді болады.

         Бас маманның м.а
 Ж. Ергалиева

 

 

 


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .