freim_logo
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
Басып шығару   Google+   Google+

icon Қала Әкiмі
Әкімінің блогы
Қала әкіміне сұрақ
icon Қаланың әкiмдiгi
icon Бөлiмдерi
icon Мемлекеттік қызметтер
icon Нормативтiк құқықтық актiлер
icon Жұмыс кестесі
icon Бос орындар
icon Қабылдау бөлмесi



icon Мәслихат
icon Прокуратурасы
icon Жер заңды негізінде
Мемлекеттiк қызметтердiң имиджi



icon Мемлекеттік сатып алу
icon Жер телiмдердiң кадастрлық құны
icon Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі
icon 2016 Жария ету



icon Сайлау 2016
icon vopros_akimu
маслихат

 

       Праздники Казахстана

 

Аудармашы-сөздiк

Сөздi қазақша немесе орысша тiлде енгiзiңiз, 3 нұсқаға дейiн аударма аласыз.

ә:2, i:3, ң:4, ғ:5, ү:8,
ұ:9, қ:0, ө:-, һ:+




Негiзгi
 > Әкiмдiк  > Бөлiмдер  > Автомобиль жолдары
Бүгiн:

«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»


 

Бөлім бастығы

Абауов Мұрат Қанибекұлы

«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Мұрат Қанибекұлы Абауов 1983 жылы 15 қарашада Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Тұрмағамбет ауылындағы қазақ орта мектебінде аяқтап, 2007 жылы Қызылорда облысындағы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Өнеркәсіптік азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы» мамандығы бойынша оқып, аяқтаған.

Еңбек жолын 2007-2012 жылдар аралығында Қапшағай қаласының «Қапшағай ГеоСәулет» МКК-ның маманы қызметі, 2012-2016 жылдар аралығында «Қапшағай қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы қызметтерін атқарды.

2016 жылдың шілде айынан бастап «Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.

 

  2016 жылғы табыстары туралы
Мәлімет
1.Табысы
- еңбекақысы  2 380 607 тг,
Ұсталған салық сомасы – 240 669 тг

 


Деректемелер

 

«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі»

Мекен-жайы: Алматы облысы, 040800: Қапшағай қаласы ,Жамбыл көшесi ,13 / 415 каб.

Тел/факс: 8 (727) 727-90-17 
E-mail: transport@kapshagay.gov.kz


Демалыс Жұмыс уақыты Үзіліс уақыты Демалыс
Дүйсенбі - Жұмa 9.00-18.30

с 13.00 до 14.30

Сенбі - Жексенбі


Бөлiмнiң құрылымы
Лауазымы Аты-жөні Тел: офис
Бөлім бастығы Абауов Мұрат Қанибекұлы 79-017 415
Бас маман Алимжанов Ахан Тажикович 4-14-63 403



Лауазымдық нұсқаулық

«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы

1.     Жалпы ережелер 

1.1. Бөлім басшысы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының  "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң Ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi), Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі міндетті. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, аппараттың Ережесі мен регламентін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

2. Бөлiм басшысының құқықтары

2.1.         Бөлiмнiң жұмысын үйлестiреді және басқарады;

2.2.         Мемлекеттiк қызмет туралы заңнаманы сақтау бақылауын қамтамасыз етеді;

2.3.         Құзыретіне жататын мәселелері бойынша жиындар және әдістемелер өткізу;

2.4.         Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің құзырына жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен қызметтік хат жазысу;

2.5.         Қала әкімдігінің отырыстарына, мемелекеттік органдардың және ауылдық округтердің жиындарына қатысу;

2.6.         Кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарына қатысуға.

3.      Бөлім басшының міндеттері

3.1.         Қазақ тiлiнiң iс жүргiзуiн зерттеу және енгiзу бойынша жұмысты ұйымдастыруы;

3.2.         Электрондық құжат айналымының бiрыңғай жүйесiнің жұмысын бақылау;

3.3.         Әкімнің, жоғары органның нормативтік-құқықтық актілерінің және бөлімнің құзырына кіретін бағдарлама жобаларының орындалуын қадағалау;

3.3. Қызметкерлердi тағайындау, орын ауыстыру, жұмыстан шығаруға мiнездемелер, ұсыныстарын әзiрлеуге;

3.4.         Пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

3.5.         Бөлiмнiң құзыры шектерiндегi өтініш, арыз хаттарын қарастыру;

3.6.         Келген құжаттарды дер кезiнде қарастыруды ұйымдастыру, басшылыққа қол қоюға жіберілетін құжатты рәсiмдеулерінің үстiне бақылауды жүзеге асыруы;

3.7.         Қала және қала маңы аймағын тиісті жол белгілерімен қамтамасыз ету, егжей-тегжейлі жоспарлау және жол құрылысын салу жобаларын бекіту және іске асыру;

3.8.         Қала ішіндегі және аудан ішіндегі жолаушылар тасымалын тұрақты ұйымдастыру, олардың маршруттарын белгілеу, қызмет көрсету құқығына конкурс ұйымдастыру және жүргізу, маршруттар бойынша қозғалыс кестесін бекіту;

3.9.         Қаладағы автомобиль жолдарын және елді мекендер жолдарын қайта жаңалау, пайдалану, жөндеу және ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

3.10.       Қаланың автомобиль жолдарында және қаладағы елді мекендер жолдарында жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын қайта жаңалау, жөндеу, орнату және ұстау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету;

3.11.       Бөлімге жүктелген функциялардың, міндеттердің құқықтарының орындалуы үшін, күшіндегі заңға сәйкес осы көрсетілген міндеттердің үлестірілуіне қарай тәртіптік жауапкершілік жүктеледі.

3.12.       Қала және қала маңы аймағындағы автомобиль жолдарының құрылысы жобаларын, егжей-тегжейлі жоспарлау және құрылыс салу жобаларын бекіту және іске асыру;

3.13.       Инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы жобалар дайындау;

3.14.       Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету;

3.15.       Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз етуі.

4. Бөлім басшының жауапкершілігі  

4.1. Әкімшілік мемлекеттiк қызметшi өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы №321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану туралы ережесіне сәйкес тәртiптiк жазаға тартылады.

Лауазымдық нұсқаулық

«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы

1. Жалпы ережелер

1.1. Бас маман өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының  "Мемлекеттік қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы", Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызметшілерiнiң Ар-намыс кодексiн (Мемлекеттiк қызметшiлердiң қызмет этикасы ережелерi), Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын, сондай-ақ функционалдық міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде мемлекеттік тілді білуі міндетті. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдерді, аппараттың Ережесі мен регламентін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін, осы лауазымдық нұсқаулықты басшылыққа алады.

1.2. Бөлім бастығы болмаған жағдайда оны алмастырады.

2. Бас маманның құқықтары 

Лауазымдық міндетті атқару үшін әкімшілік мемлекетік қызметшіге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 8 бабымен белгіленген құқықтар беріледі, сонымен қатар:

2.1. кәсіптік деңгейін жоғарылату үшін қайта даярлау және біліктілікті көтеру курстарына қатысуға;

2.2.         облыстық басқармалардан, аудан және қала әкімдерінің аппараттарынан бөлімнің жұмысына қажетті мәліметтерді сұрауға және алуға;

2.3.         келіп түскен өтініштер мен шағымдарды қарастыру ісіне қатысуға.

3.      Бас маманның міндеттері

     3.1.     Жоғарғы мекемелерден түскен тапсырмалар бойынша мәлiметтердi дер кезiнде беру;

     3.2.     Бөлімдегі құжаттар жұмысының әдістерін және формаларын жетілдіру;

     3.3.     Осы қызмет жүктелген функциялар орындау үшiн келесідей арнайы дағдылар қажет: Word, Excel бағдарламалары бар компьютерде жұмыс iстей білу, мемлекеттiк және шет тiлiнiң бiлiмi болғаны дұрыс;

     3.4.     Жоғарғы инстанциялардан және тағы басқа мемлекеттiк органдарға берiлетiн мәлiметтердiң дер кезiнде орындау;

     3.5.     Пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

     3.6.     Азаматтардың өтініштерін қарап, жауаптарының жобасын әзірлеу;

     3.7.     Келген құжаттарды дер кезiнде қарастыруды ұйымдастыру, басшылыққа қол қоюға жіберілетін құжатты рәсiмделуін жүзеге асыру;

     3.8.     Инженерлік және көлік коммуникацияларын салу (кеңейту, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту, реконструкциялау, қалпына келтіру және күрделі жөндеу) туралы, сондай-ақ аумақты инженерлік жағынан дайындау, жергілікті маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөнінде жұмыстар кешенін жүргізу туралы жобалар дайындау;

     3.9.     Салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүргізу;

    3.10.   Автомобиль жолдарының құрылысы қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүргізу;

    3.11.   Қаланың инженерлік инфрақұрылым және көліктік объектілерін пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

    3.12.   Бөлімге жүктелген функциялардың, міндеттердің құқықтарының орындалуы үшін, күшіндегі заңға сәйкес осы көрсетілген міндеттердің үлестірілуіне қарай тәртіптік жауапкершілік жүктеледі,

    3.13.   Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз ету;

    3.14.   Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету.

4. Бас маманның жауапкершілігі

4.1. Әкімшілік мемлекеттiк қызметшi өзiне жүктелген мiндеттердi орындамағаны және тиiсiнше орындамағаны, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны, лауазымдық өкiлеттiгiн асыра пайдаланғаны, мемлекеттiк және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңында белгiленген, мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулердi сақтамағаны үшiн

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 31 желтоқсандағы №321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жаза қолдану туралы ережесіне сәйкес тәртiптiк жазаға тартылады. 

«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі

Міндеттері:

Ø  Бөлімнің қаржылық жұмысына болжау жасау және оны талдау;

Ø  Бөлімнің қаржыландыру жоспарын жасау және оған толықтырулар мен өозгерістер енгізу;

Ø  Бөлімнің бюджеттік өтінімін жасау;

Ø  Мемлекеттік сатып алу жұмысы мен қызметіне дайындық жасау, келісімшарт дайындау, келісімшарттарды тіркеу, бюджеттік қордың бағдарламалар бойынша орындалуын қадағалау;

Ø  Іс-қағазадарды жүргізу және есепке алу;

Ø  Келісімшарттардың уақытылы орындалуын қадағалау;

Ø  Бөлінген қаржыны уақтылы игеру;

Ø  Салық органына тиісті нысандар есебін уақтылы өткізу;

Ø  Бюджетке тиісті салықтар мен төлемдерді уақтылы аудару;

Ø  Бөлімге жүктелген функциялардың, міндеттердің құқықтарының орындалуы үшін, күшіндегі заңға сәйкес осы көрсетілген міндеттердің үлестірілуіне қарай тәртіптік жауапкершілік жүктеледі.

Лауазымдық нұсқаулық

«Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бөлім инспекторы

Міндеттері:

Ø  Бөлімнің іс қағаздарын жүргізу;

Ø  Іс номенклатурасын жасау;

Ø  Жоғарғы органдардың және азаматтардан келген арыз-шағым, өтініш хаттарына уақытылы жауап берілуін қадағалау;

Ø  Бөлімнің кадр мәселесіне қатысты жұмыстарды атқару;

Ø  Жоғарғы мекемелерден түскен тапсырмалар бойынша мәлiметтердi дер кезiнде беру;

Ø  Бөлімдегі құжаттар жұмысының әдістерін және формаларын жетілдіру;

Ø  Осы қызмет жүктелген функциялар орындау үшiн келесідей арнайы дағдылар қажет: Word, Excel бағдарламалары бар компьютерде жұмыс iстей білу, мемлекеттiк және шет тiлiн білу;

Ø  Жоғарғы инстанциялардан және тағы басқа мемлекеттiк органдарға берiлетiн мәлiметтердiң дер кезiнде орындау;

Ø  Пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

Ø  Бөлімге жүктелген функциялардың, міндеттердің құқықтарының орындалуы үшін, күшіндегі заңға сәйкес осы көрсетілген міндеттердің үлестірілуіне қарай тәртіптік жауапкершілік жүктеледі;

Ø  Техникалық қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етеу;

Ø  Ақпараттық қауіпсіздіктің сақталуын қамтамасыз ету;

 

 

Жасалған жұмыстар туралы ақпарат

 

Жол ережелері!

   «Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» Мемлекеттік мекемесі тарапынан 2016 жылы жол қауіпсіздігі мен жолаушылар тасымалы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда «Қапшағай қаласы оқу бөлімі» мемлекеттік мекемесі/p>

 


читать   Азаматтар үшін жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер бейне тақырыбы >>

/08 Қараша 2016 г./   


читать Қапшағай қаласы Абай көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарының жүруіне байланысты қоғамдық көліктердің қозғалыс бағыты уақытша 2-ші шағынаудандағы Шағынауданаралық көшесі арқылы болатындығын хабарлаймыз.>>

/05 Қазан 2016 г./   


читать    «Жұмыспен қамту картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шеңгелді ауылындағы автомобиль жолдарына ағымдағы шұңқыр жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жалпы жеті көшеге жөндеу жұмыстарын атқару жоспарланған

/05 Қазан 2016 г./   


ж.


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары
ҚР Рәмiздерi
Азаматтық бюджет
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары

 

opros

opros

opros


obyav

obyav

Отбасы-тұрмыстық салада және мас күйінде жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ құқық бұзушыларға қорғау нұсқамасын шығару, олардың мінез-құлықтарына ерекше талаптар орнату және маскүнемдерді мәжбүр түрде арнайы емдеу мекемесіне жолдау жұмыстарын жандандыру мақсатында, ағымдағы жылдың 12-16 маусым аралығында Қапшағай аумағында Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерін барынша жұмылдыра отырып «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

/ 20.06.2017/

obyav

ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың 27 маусым 2017 жылы сағ. 11-00 Астана қ. Қонаев к, 4 «Қазмедиаорталығы» (Киноконцерт залы – 1 қабат) мекен - жайы бойынша жұртшылықпен есепті кездесуі өтеді
   Қаржы министріне қойылатын сұрақтарды мына электронды minfin@minfin.gov.kz мекен-жайға алдын-ала жіберуге болады.
   Кері байланыс үшін өзіңіздің деректеріңізді және байланыс телефон нөмірін көрсетуіңізді сұраймыз.
   Сіздің сұрағыңызға жауап жұртшылықпен есепті кездесу өткеннен кейін Қаржы министрінің сайтында www.minfin.gov.kz орналастырылатын болады
   Call center: 8 (7172) 71-76-32, 71-77-74
   Барлық тілек білдірушілерді кездесуге қатысуға шақырамыз!

/ 20.06.2017/

obyav

«Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» принципі және қоғамдық орындарда тиісу бойынша әкімшілік құқықбұзушылықты анықтау жұмыстарын жандандыру мақсатында ағымдағы жылдың 08-15 маусым аралығында Қапшағай аумағында «Тәртіпсіздікке мүлдем төзбеушілік» әкімшілік құқықбұзушылықты және қоғамдық жерде тиісуді анықтауға бағытталған жедел профилактикалық іс шарасы өткізілсін.
Жедел профилактикалық іс шарасын өткізуге барынша Қапшағай ҚІІБ-ің Жергілікті полиция қызметінің барлық жеке құрамы жұмылдырылды

/ 12.06.2017/

obyav

Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Қазақстан Республикасының шекарасынан шығу кезінде кедергілерді болдырмау үшін жеке және заңды тұлғаларға www.adilet.gov.kz сайтында сот актілері бойынша берешегін және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуға уақытша шектеуін тексеруді ұсынады.

/ 02.06.2017/

obyav

2017 жылдың 2 маусым күні, сағат 15.00-де қалалық прокуратураның ғимаратында Алматы облысының прокуроры А.С. Жылқыбаев қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. Қабылдауға жазылу және өзге де сұрақтар бойынша 4-14-78 телефон номері арқылы анықтама алуға болады.

/ 31.05.2017/

obyav

Қапшағай қалалық мәслихатының депутаттары мен қала тұрғындарының назарына!

2017 жылғы 2 мамыр күні сағат 09.00 - де қала әкімі аппараты ғимаратының кіші залында Қапшағай қалалық мәслихатының ХХ кезектен тыс сессиясы өткізіледі. Сессия күн тәртібінде: «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ұсыну туралы».

/ 28.04.2017/

 

Барлық хабарландырулар>>

Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007-2017


Сайтты кұру және қолдау -
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде