Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-нің 2018 жылы атқарылған жұмыстар туралы ақпараты.

Главная


 

         Автомобиль  жолдарына жолақтарын жүргізу, велосипедшілерге арналған жолақтар жүргізу жұмыстары және жол белгілерін орнату бойынша 2727,66 м2 жол және велосипед жолақтары жасалынды, 16 дана жасанды жол кедергісі және 53 жол белгісі орнатылды;
Қапшағай қаласындағы ұзындығы 0,7км Набережная көшесінің құрылыс жұмыстары аяқталды.
Шеңгелді ауылдық округі, Қосқұдық ауылының ұзындығы 2,40 км  айналма жолы мен ұзындығы 1,20 км  Бөлек би көшелеріне ағымдағы жөндеу жасалынды.
Ұзындығы 2,25 км  Железнодорожная көшесі 0-2,2 км, ұзындығы 2,70 км  Алтын-алма б/ш, 2 шағынаудан ұзындығы 0,70 км  межквартальная көшесі, ұзындығы 0,90 км  Соболева көшесі, Ұзындығы 1,4 км  Железнодорожная көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жасалынды; 
Ұзындығы 3,50 км  Қонаев көшесінің орташа жөндеу жұмыстары бойынша, 1200 метр ескі бордюр алынды, 2875 метр гранит бордюр орнатылды, жұмыстар жалғасуда.
Күрделі жөндеу жұмыстары бойынша Индустриальная көшесі ұзындығы 2,65 км, ені 8м., екі жүру жолақты, тротуар ені 3м, жұмыстары жүргізілуде, ұзындығы 1,10 км Центральная, Әйтеке би көшелері бойынша электр желілері, су мен кәріз желілерінің орынын ауыстыру және жол жабындысын даярлау жұмыстары жасалуда, ұзындығы 15,0 км Алматы-Демалыс жолдарының күрделі жөндеу жұмыстары бойынша жол жабындысын даяурлау  жұмыстары жүргізілуде.


 


Қапшағай қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .