Kapshagay.gov.kz

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру туралы ақпарат


Негiзгi>

 


          2016 жылдан бастап «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес Қапшағай қаласы бойынша жеке тұрғын үйлердің құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық құрылымды дамытуға  төрт инвестициялық жобалар іске асырылуда (№ 12А, 12Б, Арна, Арна-2 кезек ы/а).
         Аталған ықшамаудандарда 82,3 км инженерлік желілер жүргізу, 126,26 га жерді немесе 584 учаскені инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жоспарланған.
2016 жылы:

  • 1 нысан пайдалануға берілді (12 «А» ықшамауданы, «Киікбай Строй-Сервис» ЖШС) жалпы ауданы 13,46 га 95 жер учаскесіне 6,3 км желі жүргізілді (су құбыры – 1,8 км, кәріздік жүйелері – 1,3 км, электржабдықтау желілері – 3,2 км, көше-жол желілері – 1,7 км, көшелер мен жолдардың, подъездер мен тротуарлардың асфальттық жабынының жалпы ауданы – 16089,0 ш.м.); 
  • 12 «Б» ықшамауданында жобалау-іздестіру жұмыстары басталды. Бас мердігер «Киікбай Строй-Сервис» ЖШС, нысан өтпелі;
  • «Арна» ықшамауданында жобалау-іздестіру жұмыстары басталды. Бас мердігер «Астанаинжкомстрой» ЖШС, нысан өтпелі;
  • «Арна 2-кезек» ықшамауданында жобалау-іздестіру жұмыстары басталды. Бас мердігер «Фирма Еламан» ЖШС, нысан өтпелі.

2017 жылы:

  • Қапшағай қаласындағы 12 «Б» ықшамауданы, «Киікбай Строй-Сервис» ЖШС, су құбыры, кәріздік жүйелері, электржабдықтау желілері және көше-жол желілері жүргізіледі. Аяқталу мерзімі – 2017 жылдың шілде айы.
  • «Арна» ықшамауданы, «Астанаинжкомстрой» ЖШС, су құбыры, кәріздік жүйелері, электржабдықтау желілері және көше-жол желілері жүргізіледі. Аяқталу мерзімі– 2017 жылдың тамыз айы.
  • Арна 2-кезек», «Фирма Еламан» ЖШС, су құбыры, кәріздік жүйелері, электржабдықтау желілері және көше-жол желілері жүргізіледі. Аяқталу мерзімі – 2017 жылдың шілде айы.

2017 жылы ауданы 112,8 гектарды құрайтын 489 жер учаскесі үшін 75,4 км инженерлік желілер жүргізілмек. Барлық үш ықшамауданда  келесі жұмыс түрлері жасалынады: су құбыры – 16,2 км, кәріздік жүйелері – 16,3 км, электржабдықтау желілері – 42,9 км, көше-жол жүйелері – 16,8 км, көшелер мен жолдардың, подъездер мен тротуарлардың асфальттық жабынының жалпы ауданы – 150 564,0 ш.м.
Ақөзек ауылындағы 120 орынға арналған орта мектептің құрылысы үшін электрондық ашық конкурс түрінде мемлекеттік сатып алулар жарияланды. Ұйымдастырушы – «Алматы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Қапшағай қаласы, «Демалыс» аллеясындағы  900 орынға арналған орта мектеп құрылысының жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу үшін электрондық ашық конкурс түрінде мемлекеттік сатып алулар жарияланды. Ұйымдастырушы – «Алматы облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

 

18/04/2017 г.

 


"Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .