Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылы атқарылған жұмыстары мен 2017 жылға арналған жұмыс жоспары туралы мәлімет


Негiзгi>

 


Қапшағай қаласындағы 12 «А» ықшам ауданында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын салу жұмыстары аяқталды. Бас мердігер «Киікбай Строй-Сервис» ЖШС, авторлық қадағалаушысы «ТС-Индустрия» ЖШС, техникалық қадағалаушысы «Музтау» ЖШС болып табылады.
Аталған ықшамауданда сумен қамту жүйелері – 1,85 п.м., кәріз жүйелері – 1,4 п.м., электрмен қамту жүйелері – 4,4 п.м., көше-жол желілері – 16,098 ш.м. салынды. Нысан 2016 жылы қарашада пайдалануға берілді.
Келісім шарт негізінде «Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы №12 «Б» ықшамауданында ЖТҮ үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру» нысанының құрылысы жүргізілуде. Бас мердігер «Киікбай Строй-Сервис» ЖШС, авторлық қадағалаушысы «Уразаев Р.Ш.» ЖК, техникалық қадағалаушысы «УКС» ЖШС болып табылады. Аталған ықшам ауданда сумен қамту, кәріз жүйелері, электрмен қамту және көше-жол желілері салынатын болады. Аяқталу мерзімі – 2017 жылғы шілдеге дейін. Құрылыс дайындығы 43%-ды құрайды. Нысанның құрылысы жұмыс жүргізу кестесіне және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалуда.
Келісім шарт негізінде «Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы «Арна 2-кезек» ықшамауданында ЖТҮ үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру» нысанының құрылысы жүргізілуде. Бас мердігер «Фирма Еламан» ЖШС, авторлық қадағалаушысы «Уразаев Р.Ш.» ЖК, техникалық қадағалаушысы «УКС» ЖШС болып табылады. Аяқталу мерзімі – 2017 жылғы шілдеге дейін. Құрылыс дайындығы 49%-ды құрайды. Нысанның құрылысы жұмыс жүргізу кестесіне және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес орындалып жатыр.
Сонымен қатар, «Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы «Арна» ықшам ауданында инженерлік-коммуникациялық желілерінің құрылысы» бойынша инвестициялық жоба іске асырылуда. Бас мердігер «Астанаинжкомстрой» ЖШС,авторлық қадағалаушысы «Уразаев Р.Ш.»ЖК, техникалық қадағалаушысы «Алматы облысын дамыту бойынша «Алатау» АҚ болып табылады.Аяқталу мерзімі –2017 жылғы тамызға дейін.
2016 жылдың желтоқсан айында Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Ақөзек ауылындағы 120 орындық орта мектебінің құрылысы үшін жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленді. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды және 2017 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау үшін бас мердігерді анықтауға мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурс жарияланды.
2017 жылға «Алматы облысы Қапшағай қаласындағы 900 орындық орта мектеп  құрылысы», «Алматы облысы Қапшағай қаласындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» (сопрт сарайы) және «Алматы облысы Қапшағай қаласындағы 400  орындық мәдениет үйінің құрылысын аяқтау»  нысандарына жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізуге  мемлекеттік сатып алу конкурсын өткізу жоспарланған.
2013 жылы әзірленген 50 пәтерлік несиелік тұрғын үйдің және сыртқы инженерлік желілерінің құрылысы бойынша жобаларды іске асыру үшін қазіргі таңда құрылыстың сметалық құнын қайта есептеу бойынша мемлекеттік сатып алулар жүргізілуде. Құрылыс 2018 жылға жоспарланған.
2017 жылдың наурыз айында 50 пәтерлік және 30-пәтерлік жалгерлік тұрғын үйлер құрылысының сметалық құнын қайта есептеу және жобаларды оптимизациялау бойынша мемлекеттік сатып алулар жарияланады. Құрылыс 2018 жылға жоспарланған.

 

«Қапшағай қаласының
құрылыс бөлімі» ММ-нің                                                            Е. Досходжаев

 

 

22/02/2017 г.

 


"Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .