Kapshagay.gov.kz

2016-2019 жылдар аралығында «Нұрлы жол» бағдарламасының инфрақұрылымдық дамуын іске асыру барысы туралы ақпарат


Негiзгi>

2016 ж. 15 қыркүйектегі жағдай бойынша

 

Алматы облысының Қапшағай қаласындағы 12 «А» ықшам ауданын инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысының негізінде 2016 жылдың 07 маусымдағы № 10 келісім шартқа қол қойылды. Бас мердігер ЖШС «Киікбай Строй-Сервис» болып бекітілді. «Алматы облысы Қапшағай қаласындағы № 12 «А» ықшам ауданында ЖТҮ құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру» нысанының құрылысы басталды. 2016 жылдың наурыз айында нысанның құрылысы үшін мемлекеттік бюджеттен 250368,0 мың.теңге. бюджеттік қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта игерілген бюджеттің сомасы 124307,09 мың.теңге.

 

2016 жылдың тамыз айына арналған бюджетке енгізілген түзетулер нәтижесінде Қ.Р. Үкіметінің арнайы резерві 119 (бағдарламасы) есебінен Алматы облысы Қапшағай қаласындағы 12 «Б» және «Арна 2 кезең» ықшам ауданында құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға әр нысанға 150000,0 мың.теңге қаржы бөлінді. Аталған нысандардың құрылысы бойынша мемлекеттік сатып алу өткізілген. Қазіргі уақытта келісім шарттар қазынашылық органдарында тіркеуде.

Ұлттық қордың нысаналы трансферттер есебінен 032 бағдарлама бойынша «Алматы облысының Қапшағай қаласындағы «Арна» ықшам ауданы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру» нысанын іске асыруға 371039,0 мың.теңге көлемінде бюджеттік қаражат бөлінді, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алулар өткізілуде.

 

 

«Қапшағай қаласының

құрылыс бөлімі» ММ-нің м.а. М. Демеуқұлов

/ 22 қыркүйек 2016 г./

 


"Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .