Kapshagay.gov.kz

Жаңалықтар тізбегі

 

Главная


   
Талғарда қазақ күресінен облыстық турнир өтті. Жарысқа 18 командадан 201 спортшы қатысты. Біздің спортшылар үш алтын, бір күміс және екі қола медаль ұтты. Жумабек Айдос, Кадыр Акжол и Нишанов Ерболат жарыс чемпиондары атанды.

 


Таэквондодан өткен Алматы облысының чемпионатында біздің спортшылар екі алтын, бір күміс және екі қола медальға ие болды.

 


Жаңалық ауылында еркін күрестен Ашық біріншілік өтті. Осы жарыста біздің спортшылар кереметтей нәтиже көрсетті. 8 алтын, 4 күміс және 10 қола медальға ие болды.

 


Ақпанның 4-і мен 9-ы аралығында Талдықорғанда боксан Алматы облысының чемпионаты өтті. Осы жарысқа 19 командадан 306 спортшы қатысты. Біздің спортшылар 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медальға ие болды. Жайлауханұлы Әділ облыс чемпионы атанды.

 


Ақпанның 5-9 аралығында Қапшағайда баскетболдан 2004-05 ж.т. ұлдар және қыздар арасында Алматы облысының чемпионаты өтті.  Жарысқа 13 ұлдар және 8 қыздар командасы қатысты. Ұлдарымыз чемпиондар атанса, қыздарымыз күміс медальға ие болды. Снегирев Тимур «Үздік ойыншы» атанса, Хан Дарья «Үздік шабуылшы» атанды.

 

Қапшағай қаласында самбо күресінен Алматы облысының чемпионаты өтті. Осы жарыста біздің спортшыларымыз 3 алтын және 1 күміс медальға ие болды. Жарыс жеңімпазы Калимов Айбек, Жекенова Данара және Жекенова Динара атанды. Құттыктаймыз!!!

 2 ақпан күні Қапшағай қаласында дзюдодан ашық біріншілік өтті. Біздің спортшыларымыз 2 алтын,4 күміс,7 қола медальға ие болды.Жарыс жеңімпазы Самат Дінмұхамбет және Темірхан Рахман атанды. Құттыктаймыз!!!

 

2-3 ақпан кундері аралығында Талдықорған қаласында карате-додан Алматы облысының чемпионаты өтті. Біздің спортшыларымыз Москвичев Кирилл, Бочаров Илья, Закарина Амина алтын медальға ал қалған спортшыларымыз 5 күміс және 1 қола медальға ие болды. Құттықтаймыз!!!

2-4 ақпан күндері аралығында Алматы қаласында қазақ күресінен Қазакстан Республикасының Чемпионаты өтті.Жарыстың қола жулдегері болып Жұмабек Айдос атанды. Құттықтаймыз!!!

 

 


 


Қапшағай қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .