Kapshagay.gov.kz

«Өрлеу» пилоттық жобаның мақсаты мәре жолақта.

Главная


       
«Өрлеу» пилоттық жобаның шеңберінде Қапшағай қаласы және іргелес ауыл аумақтарда, алғашқы нәтижелерге қол жеткізілді.Тығырықты жағдайдан шығу үшін жобаға қатысқан отбасылар, қазіргі уақытта әлеуметтік бейімделуден өтуде.
Осылайша біз алғашқы жемістерді теріп отырып,соның нәтижелеріне ризалықты білдіруге болады деп сенімдіміз.
Тұрақты табыстан басқа, біздің қатысушылар жеке қосалқы дамытуға (үй малын, құсын және құрылыс заттарды) алып отыр. Ауыл аумағының қатысушылары , қосалқы шаруашылықты дамытуға, ірі қара және ұсақ мал алып жатыр. Бұдан басқа еңбекке қабілетті отбасы мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнінде шараларға қатысып отыр. Ал қарапайым отбасына келер болсақ жұмыс жасап тұрақты табыс тауып отбасыларын асырап отыр.
Ал егер толық мәліметке келер болсақ, «Өрлеу» жобасына 57 отбасы, 333 адам қатысып отыр.
Осылайша, Қапшағай қаласының тұрғыны көпбалалы ана Кадирова А., 145734 теңгеге монша көтеруге құрылыс заттарды алып жатыр. Құрылыс біткеннен кейін, моншаны жалға берып қосымша табыс табуға мақсат қойған.

Ал Елеубековтар көпбалалы отбасы 290694 теңге алып 17 бас қойға иеленді.

Сонымен қатар Қосқұдық станциясының Ултараковтар отбасы жоба бойынша 320580 теңге алды. Сол шартты ақшалай көмекке олар сауылмалы сиыр сатып алды.

« Өрлеу» жобасына қатысқан отбасылар, мемлекет қол ұшын бергенге, үлкен алғыс білдіреді.

Әлеуметтік көмек көрсету
секторының меңгерушісі
А.Әмреева


 


"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .