Kapshagay.gov.kz

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек

Главная



2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әр отбасы мүшесіне шаққанда табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан (бүгінде - 40%) төмен болған жағдайда отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібін енгізу көзделген, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек қазіргі кезде қолданыстағы: көпбалалы отбасыларға арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақының (АМЖ), аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына арналған мемлекеттік жәрдемақының (МБЖ)  және аз қамтылған үй шаруашылықтарына бері­летін атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) орнына тағайын­далады.
Шартсыз ақшалай көмек, құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға (мәселен қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын отбасыларға (мысалы мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасылардан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.
Шартты ақшалай көмек құрамында еңбек етуге қабілетті кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сондай-ақ отбасының барлық еңбек етуге қабі­летті мүшелері жұмыспен қамту шараларына мін­детті түрде қатысқан жағдайда (тұрақты және уақытша жұмыс орындарына, жастар тәжірибесі, кәсібі немесе мамандығы бойынша оқыту немесе қайта оқыту), жеке қосалқы шаруашылығын дамытуға және жеке кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыруға беріледі.  Бұл механизм 2014 жылдан бастап «Өрлеу» бағдарламасы аясында, пилоттық режимде жүзеге асырылуда.   2017 жылдан бастап бұл пилоттық жоба Қапшағай қаласы мен аймағында да басталды.  Осылайша  жыл басынан бері 56 отбасы жобаның қатысушылар жұмыспен қамтуға  жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтылды.  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері үнемі түсіндірме жұмыстар жүргізу мақсатымен ауыл аумақтарға шығады. Олар халыққа жобаның нақты нәтижелері туралы, көрнекі мысалдармен (мамандық алғандарды, тұрақты жұмысқа орналасқандарды, ірі қара сатып алғандарды көрсете отырып), бұдан әрі жобаны іске асыру жайлы түсіндіреді.                 Сонымен бірге, кәсіби оқуға жіберілген жобаға қатысушылар мамандық иеленіп және мамандығы бойынша тұрақты жұмыс орындарына орналасып, шартты ақшалай көмек арқылы жеке шаруашылықты    дамытып   отбасының әл-ауқатын жақсартады.

 


 


"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .