Kapshagay.gov.kz

«Өрлеу» пилоттық жобасы

Главная


 

 

         

 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»  ММ және «Қапшағай қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталыгымен» ММ  бірлесіп  «Өрлеу» пилоттық жобасын жүзеге асыруда.
Жобаның мақсаты бойынша аз қамтылған азаматтарға шартты ақшалай көмек төленеді. Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің алпыс пайызынан төмен жеке тұлғаларға немесе отбасыларға мемлекет беретін ақшалай нысандағы төлем.
Жыл басынан Қапшағай қаласында, Шеңгелды және Заречный ауыл аймақтарында  жоба туралы 15 түсіндірме жұмыстары өтті.
Қазіргі таңда 40 отбасы  «Өрлеу» жобасына қатысып отыр. Еңбекке қабілетті азаматтардың саны 47 адам. Олар жұмыспен қамтудың мемлекеттік шараларымен қамтамасыз етілді.
Жиһаз цехы, казино, дүкендерге, наубайханаға т.б. -23 адам, қоғамдық жұмысқа -12 адам, кәсіптік оқуға -8 адам, әлеуметтік жұмысқа -4 адам қатысты. 
Осы жоба арқылы Кербұлақ ауылының тұрғыны көп балалы әке Абсалиев Е. М. бұзауыменен сиыр сатып алды және де өзі қоғамдық жұмысқа белсенді қатысуда.
Ал Заречный ауылының тұрғыны Телепнева А. В. «Березка» дүкеніне сатушы болып тұрып, жобадан алынған Шартты Ақшалай Көмекке шаштараз құрал жабдықтар алып өз жеке ісін ашпақшы.

 


 


"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .