Kapshagay.gov.kz

Онлайн-қолдау қызметі

Главная


 

 

          Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету және білікті мамандардан кеңес алу үшін Онлайн-қолдау қызметі жұмыс атқарады.
         Онлайн-қолдау қызметінің басты мақсаты мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған тұлғаларға және олардың отбасыларына әлеуметтік психологиялық қолдау көрсету.
         Онлайн-қолдау қызметі өз жұмысын тек мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар үшін ғана жүзеге асырылып, психиатрия кафедрасының жүйке жүйесін оқыған нарколог және жалпы медицина психологиясы мен педагогикасы мамандарын тарту қызметтерін ұсынады.
1411 тегін бірыңғай қысқа нөміріне қоңырау шала отырып ,мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата-аналардың психологиялық көмек және консультация алу үшін кезекті брондау мүмкіндігі бар.
Онлайн-қолдау қызметі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін кезек тағайындау және 14:00-ден 18:00 –ге дейін кеңес беру қызметтерін ұсынатын болады.
           Онлайн-қолдау қызметі белгіленген кесте бойынша мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға қолжетімді жұмыс атқарады.
«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ата-аналардың Онлайн-психологиялық кеңес алуы үшін интернетке қосылған компьютер, веб-камера,компьютерге қосылған микрофоны бар динамиктер және бейнелі Skype арқылы алмасу бағдарламасы қамтамасыз еткен. Ата-аналар әрқашан онлайн қызметі арқылы туындаған сұрақтарына толығымен жауап алып отырады.

 

 


 


"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .