Kapshagay.gov.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту үшін қолданылған шаралар туралы

Главная


 

 

      2005 жылғы 13 сәуiрдегi "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы"  Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес, 2005 жылғы 20 шілдедегі «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 754 қаулысына  міндетті гигиеналық құралдар тізбесіне қосымша енгізілді.

   Міндетті гигиеналық құралдар тізбесі (қосымша):

      1) несеп қабылдағыштар;
      2) нәжіс қабылдағыштар;
      3) жөргектер;
      4) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар);
      5) катетер;
      6) стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған        
паста-герметик;
      7) қорғаныш кремі;
      8) сіңіргіш ұнтақ (опа);
      9) иісті бейтараптандырғыш;
      10) теріні тазартқыш;
      11) санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық;
      12) дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар;
      13) жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар.

«Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі барлық гигиеналық құрал алушыларға жеке оңалту бағдарламасына өзгерістер енгіздіруі керектігін хабарлайды. Жеке оңалту бағдарламасына  енгізілетін қосымшаға жолдаманы емдейтін дәрігері береді. Мемлекеттік қызметтің толықтай орындалуы үшін құжаттарды уақытылы тапсыру қажет.


Бөлім бойынша барлық мемлекеттік қызметтер уақытылы және сапалы жүргізіледі.


 


"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .