Kapshagay.gov.kz

«Отбасы құруды жоспарлау мектебі»

Главная


 

 

2017 жылдың  сәуір айында «Қамқор жүрек» Мүгедектер Қоғамдық Бірлестігінің сұранысы бойынша №3 орта мектебінде Орта Азияның ауылдық мекендерінде тұратын мүгедек әйелдер мен қыздарға арналған «Отбасы құруды жоспарлау мектебі» тақырыбы бойынша тренинг өткізілді.
Бұл жобаның ерекшелігі Үкіметтік емес ұйымдардың базасында  отбасын құру бағдарламасы мен Қазақстанның шалғай аудандарында тұратын мүгедек әйелдер мен қыздардың репродуктивті денсаулықтары туралы  пилоттық моделінің іске асуы үшін 15 әйелден тұратын аудиторияға қызмет және қолдау көрсету.
Үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелер бірлесе отырып ынтымақтастықпен жұмыс атқаратын болса , халықтың осал топтарының құқықтарын қорғау саласы жұмыстарының сапасын жетілдіретін еді.
«Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің өкілдері  Сәбина Қасымова мен Меруерт Құлақметова біздің қаламызға келіп, қыздарға жүктілікті және жыныстық қатынасты дұрыс жоспарлау туралы түсіктемелер берді. Меруерт пен Сәбина әр қатысушыға өз мүгедектіктеріне қарамастан толыққанды жарқын өмір сүруді үйрену туралы жеткізді.
Қапшағай қаласының әйелдер кеңесі бөлімшесінің меңгерушісі әйелдер дәрігері Ракишева Айман Ғалымжанқызы талма ауруы, балалар сал ауруы, қант диабеті бар қыздардың   жүктілік пен жүктілік уақытын жоспарлауы туралы кәсіби деңгейде түсініктеме берді.
«Қамқор жүрек» Мүгедектер Қоғамдық Бірлестігінің төрайымы Л.Салықова мүгедектігі бар азаматтар үшін болашақта әр түрлі тақырыпта тренингтар ұйымдастыратынын және тренингқа қатысам деуші азаматтар үшін әрқашан есік ашық екендігін айтып өтті.

 


 


"Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  ММ"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .