Kapshagay.gov.kz

МАҚАЛА

Главная


 

Тақырыбы: Астық қол хаттары енді электронды түрде беріледі

Астық қол хаттарын  электронды түрде берілуін жүзеге асыру қажеттілігі бойынша Шенгелді ауылында шаруашылықтармен семинар-кеңес өтті
2017 жылғы іс-шара жоспарын іске асыру аясында, «Қапшағай қаласы ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, ағымдағы жылдың 30 қаңтарында «Астық қол хаттарын электронды түрде берілуін жүзеге асыру қажеттілігі бойынша» семинар-кеңесін өткізді. Аталған семинар-кеңес «Алматы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының егін шаруашылығы бөлімінің» бас маманы- С.Сарғалдақов,  ҚР АШМ АӨК МИК «Алматы облыстық аумақтық инспекциясының астық бөлімінің» басшысы-А.Ешанов, ҚР АШМ АӨК МИК «Алматы облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекциясының» бөлім басшысы – М. Жұмағалиев, ҚР АШМ АӨК МИК «Алматы облыстық Қапшағай қаласының аумақтық инспекция» басшысының м.а. – Б. Әбенов, ҚР АШМ АӨК МИК «Алматы облыстық Қапшағай қаласының аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині» инспекторы – А. Шаяхмет, «Ақпараттық есептеу орталығы» АҚ   маманы Д.Белоусов, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының басшысы  А. Қамбарова,  Қапшағай қаласының «Нұр Отан» партиясының төрағасы Е. Нұрпеисов, «Қапшағай Бидай Өнімдері» ЖШС директоры Т. Мамиров, «Қапшағай Бидай Өнімдері» ЖШС бас бухгалтері           Н.Бибик, «Ақөзек» АӨК төрағасы Д. Майлиханов, «Капчагайский» АӨК төрағасы А. Ахмедов, «Ақбидай» АӨК төрағасы Т. Уразалиевтің қатысуларымен өтті.
Семинар-кеңесте, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы N 143 «Астық туралы» Заңға өзгерістер енгізілгенін баяндай келе, Астық туралы Заңның 8 тарауының 39 бабына сәйкес 2016 жылдан бастап астық қол хаттары тек қана электронды түрде жүзеге асырылып жатқандығы айтылды. Және де астық нарығын реттеу мәселелері бойынша енгізілген өзгерістерді іске асыру үшін, астық қолхаттарын берушілер төменде көрсетілген заңнамалық талаптарға сай өз қызметін жүзеге асырулары қажет, олар:

1)Астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу
2)Астықты сақтау
3)Астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды жүргізу
4)Астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізіліміне деректерді берудің нысандарын, көлемін және мерзімділігін әзірлеу және бекіту

Астық қабылдау кәсіпорындары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодекісіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын берушілердің мемлекеттік электронды тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауы қажет.
Осы іс- шараларды өткізудегі басты мақсат, қаламыздағы астық қолхаттарын берушілерге астық қол хаттарын мемлекеттік электрондық түрде жүгізілуі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу болды.

 

«Қапшағай қаласы
ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-нің басшысы                     Г. Абылкасымова

 

 


  Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі



Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .