Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің  Назарына!

Главная




Қапшағай қаласы бойынша
ауыл шаруашылығы саласының  2017 жылғы даму қортындысы

 

         2017 жылы «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі және өңірдің ауыл шаруашылық құрылымдары 2017 жылы Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығының дамытудың орта мерзімдік бағдарламасын жүзеге асыру жолында бірқатар жұмыстар атқарды.

Өсімдік шаруашылығы бойынша
2017  жылғы көктемгі егіс жұмыстарының қортындысы  бойынша егістік  жоспардан артығымен егіліп, жалпы  көлемі 12780 гектарды құрады.
Егістік көлемінің 2016 жылмен салыстырғандағы өсімі төмендегідей болды.

Көрсеткіштер

Өлшем
бірлігі

Нақты                    2016 ж.

Нақты                    2017ж.

2016 жылмен
салыстырғандағы өсімі, %

Барлық  егістік

га

12750

12780

100,2

соның  ішінде барлық дәнді дақылдар:

га

4476

4179,6

93,0

соның ішінде:  күздік бидай

га

815

67

0,8

жаздық арпа

га

2995

3529,6

117,8

дәндік жүгері

га

650

542

83,0

сорго

га

6

36

100,0

майлы дақылдар барлығы:

га

2688

3708,74

137,9

майбұршақ

га

1092

2246,74

205,7

мақсары

га

1596

1462

91,6

қант қызылшасы

га

200

573

286,0

картоп

га

420

283,21

67,0

көкөністер  барлығы

га

2540,45

2038,39

80,0

бақша дақылдары

га

185

162,5

87,0

мал азықтық  дақылдар

га

2251

162,5

81,0

         2017 жылы өткен жылмен салыстырғанда егістік құрамында жоғары кіріс беретін дақылдар - қант қызылшасы, майбұршақ  егістіктерінің үлесі  ұлғайды.
Өңірде егін шаруашылығын технологиялық дамыту бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасты.
2017 жылы дәнді дақылдарды өсіру үшін 1750 гектар егістікте ылғал сақтау технологиясы,  1300 гектар алқапта көкөніске тамшылатып суару, жанбырлатып суару 250 га технологиясы қолданылды. Шенгелді суармалы аймағының егістіктерінде  көкөніс дақылдарын және картоп жинау – жаңа өнімді ауылшаруашылық техникаларымен және тракторымен жүргізілді.
Егілген дәнді дақылдардың барлық 4179,6 гектары  дер кезінде орылып, жиналып алынды,  қоймаларға   барлығы 10 235 тонна астық  және жүгері дәні құйылды. Өңір бойынша биылғы жылы дәнді дақылдардың әр гектарынан орташа 25,9 центнерден өнім алынды.
Майлы дақылдар егістігінің  2017 жылға қабылданған орташа мерзімдік жоспардан жоғары, нақты егілген көлемі 3708,74 гектар  болды.   Егілген 1462 гектар мақсарыдан 1506 тонна дән алынды, 2246,74 гектар  майбұршақтан  4505 тонна өнім жиналды. Майлы дақылдардың орташа  өнімділігі 16,2 центнерді құрады.
Картоптың жиыны аяқталып 283,21 гектар жерден 6724 тонна өнім алынды, өнімділігі 237,4 центнерді құрады. Бақша дақылдары 162,5 гектарда жиналып  4243 тонна бақша өнімдері жиналды, өнімділігі 261,1 центнерді құрады. Көкөніс өндіретін шаруашылықтар жаңа прогрессивтік  технологиялар мен  техникаларды қолданып  2038,39 га жер көлемінен, 106772 тонна көкөніс жиналды, өнімділігі 523,8 центнерден.
Жылы жай шаруашылығы бойынша «Green Land Alatau» ЖШС-нің жылыжай кешені 2017 жылдың  басынан  6350,2 тонна көкөніс өндірді.
«LST market» ЖШС-нің жылыжай кешені 2017 жылдың  басынан  700 тонна көкөніс өндірді.
Көктемгі дала және күзгі жиын-терін жұмыстарын жүргізуге шаруашылықтар  200 тонна  арзандатылған бағамен дизель отынын сатып алған.
Өңірдің ауыл шаруашылық тауарын өндірушілеріне агроөнеркәсіптік кешенінің даму бағдарламасына сәйкес тиісті мемлекеттік қолдау көрсетілді:
минералды тыңайтқыштарға – 113,4 млн. теңге; басымды дақылдарды өндіруге – 178,4 млн. теңге; жылыжайға 1-ші 2-ші дақыл айналымына -2 жылыжайға- 56,8 млн. теңге; гербицидтерге – 6,1 млн. теңге; тұқым  шаруашылығын  қолдау мақсатына -13,4 млн. теңге;
Жалпы егін шаруашылығы бойынша барлығы  368,1 млн. теңге субсидия алынды.
Мал шаруашылығы бойынша

        Мал шаруашылығы бойынша  4 фермер шаруашылықтар 6 млн. тенге субсидия алды.
2017 жылдың қортындысы бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  мал мен құстар саны өскен, мал өнімдерінің өсімі бар.
2018 жылдың 1 қаңтар айына ауыл шаруашылығы көрсеткіші бойынша  малдың саны (бас): Ірі-қара малы-6441 бас, соның ішінде сиыр – 2500 бас, қой-ешкі – 44761 бас, шошқа – 183 бас, жылқы – 2010 бас, құстар- 30100 бас.
Мал өнімдері:  тірі салмақтағы ет өндірісі 2537,78 тонна,  4757 тонна сүт,  92,0 тонна  жүн,  1434 мың дана жұмыртқа  өндірілді.
2017 жылдан мал  қыстау мерзіміне өңір бойынша 12 000 тонна шөп,  4000 тонна сабан, 4 500 тонна жемдік астық, жоспарға  сәйкес 1600 гектар  ( күздік) сүдігер жыртылды.
Ауылшаруашылық жәрмеңке  2017 жылдың  басынан  бастап әр сенбі сайын ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен  Талдықорған, Алматы, Астана және Қапшағай қаласында өткізіліп тұрды. Жәрмеңкелер кезінде   ауылшаруашылық өнімдердің барлық түрлері (ет, сүт, балық, жеміс-жидек, көк өністер) кең ассортиментпен,  15-20 %-ғы  төмен бағамен  сатылды. Барлық жыл бойғы сатылған таурлардың көлемі  70,0 млн.теңгені құрады.
Қапшағай қаласының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері ұзақ мерзімге сақтауға қоймаларға 31 200 тонна көкөніс және 1500 тонна картоп сақтауға салынды.

Қапшағай қаласы бойынша 2017 жылдың желтоқсан айына
ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі
2-кесте


Атауы

Өлшем бірілігі

2016 жылдың қаңтар-желтоқсанына көрсеткіші

2017 жылдың
қаңтар-желтоқсанына көрсеткіші

ФКИ
%

Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі

млн. теңге

9932,6

11304,3

101,1

- Өсімдік шаруашылығы

млн. теңге

7942,6

9114,4

100,9

- мал шаруашылығы

млн. теңге

1955,9

2140,6

101,3

 

 

 «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 


Ауыл шаруашылық  


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .