Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің Назарына!

Главная



            2017 жылдың 26 шілдесінде «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ-не, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрінің  2017 жылғы 13 ақпандағы № 65-ші бұйрығмен бекітілген «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өндеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құынын субсидиялау қағидалары»  келіп түсті.
         Осыған орай, өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы дақылдарын өндеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құынын субсидиялау жұмыстарының  басталғанын хабарлаймыз.

Субсидия мынадай шарттар сақталған жағдайда төленеді:
1. Ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөліміне өтінім өткізеді. өтінім берушіде ауыл шаруашылығына арналған жерді пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығында жер учаскелері болуы шарт.
2.  Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген шартқа сәйкес, Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің гербицидтерге, биогенттерге субсидия алуға арналған құжаттарды қабылдау мерзімі  2017 жылдың  1- ші тамызынан – 10желтоқсанға  дейін  Қапшағай қаласы әкімдігінде  Жамбыл көшесі, 13 «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ –де (506 бөлме) қабылданады.
3 . Субсидиялауға  қатысты қосымша  мәліметтерді «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ –де (506 бөлме) немесе № -і 8(72772) 4-13-88 байланыс телефоны  арқылы алуға болады.

  Бөлім басшысы                                                                         К. Канаев

 


Ауыл шаруашылық  


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .