Kapshagay.gov.kz

Қапшағай өңірінің ауылшаруашылық құрылымдары бойынша 2016 жылдағыжиын – терін және күзгі жұмыстарының қорытынды АНЫҚТАМАСЫ

Главная




 

         Биылғы жылы «Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі және өңірдің ауыл шаруашылық құрылымдары 2016 жылы Қапшағай қаласының ауыл шаруашылығының дамытудың орта мерзімдік бағдарламасын жүзеге асыру жолында бірқатар жұмыстар атқарды.
2016  жылғы көктемгі егіс жұмыстарының қортындысы  бойынша егістік  жоспардан артығымен егіліп, жалпы  көлемі 12750 гектарды құрады.
Егістік көлемінің 2015 жылмен салыстырғандағы өсімі төмендегідей болды.

Көрсеткіштер

Өлшем
бірлігі

Нақты                    2015 ж.

Нақты                    2016ж.

2015жылмен
салыстырғандағы өсімі, %

Барлық  егістік

га

12720

12750

100,2

соның  ішінде барлық дәнді дақылдар:

га

4182

4476

107

соның ішінде:  күздік бидай

га

805

815

101,2

жаздық арпа

га

3025

2995

0,99

дәндік жүгері

га

352

650

184,6

тритикале

га

-

10

100

сорго

га

-

6

100

майлы дақылдар барлығы:

га

3010

2688

89,3

майбұршақ

га

1060

1092

103,0

мақсары

га

1950

1596

81,8

Қант қызылшасы

га

-

200

100

картоп

га

435

420

96,5

көкөністер  барлығы

га

2658

2540,45

95,5

бақша дақылдары

га

175

185

105,7

мал азықтық  дақылдар

га

2260

2251

99,6

         Биылғы жылы- 2016 жылы өткен жылмен салыстрғанда егістік құрамында жоғары кіріс беретін дақылдар -дәндік жүгері, қант қызылшасы, майбұршақ  егістіктерінің үлесі  ұлғайды.
Өңірде егін шаруашылығын технологиялық дамыту бойынша жұмыстар әрі қарай жалғасты.
2016 жылы дәнді дақылдарды өсіру үшін 1650 гектар егістікте ылғал сақтау технологиясы,  1200 гектар алқапта көкөніске тамшылатып суару технологиясы қолданылды. Шенгелді суармалы аймағының егістіктерінде  көкөніс дақылдарын және картоп жинау – жаңа өнімді ауылшаруашылық техникаларымен және тракторымен жүргізілді.
Егілген дәнді дақылдардың барлық 4476 гектары  дер кезінде орылып, жиналып алынды,  қоймаларға   барлығы 10 770,6 тонна астық  және жүгері дәні құйылды. Өңір бойынша биылғы жылы дәнді дақылдардың әр гектарынан орташа 24,01центнерден өнім алынды.
Майлы дақылдар егістігінің  2016 жылға қабылданған орташа мерзімдік жоспарға сәйкес, нақты егілген көлемі 2688 гектар  болды.   Егілген 1596 гектар мақсарыдан 1996 тонна дән алынды, 1092 гектар  майбұршақтан  2097 тонна өнім жиналды. Майлы дақылдардың орташа  өнімділігі 15,2 центнерді құрады.
Картоптың жиыны аяқталып 384 гектар жерден 9405 тонна өнім алынды, өнімділігі 244,9 центнерді құрады
Бақша дақылдары 185 гектарда жиналып  4385 тонна бақша өнімдері жиналды, өнімділігі 237,0 центнерді құрады
Көкөніс өндіретін шаруашылықтар жаңа прогрессивтік  технологиялар мен  техникаларды қолданып  2433,95 га жер көлемінен, 120 924 тонна көкөніс жиналды, өнімділігі 496,8 центнерден.
2016 жылдан мал  қыстау мерзіміне өңір бойынша 12 000 тонна шөп,  4000 тонна сабан, 4 500 тонна жемдік астық, 7800 тонна сүрлем дайындалды.
Жоспарға  сәйкес 1000 гектар  ( күздік) сүдігер жыртылды.
Шенгелді суармалы аумағында барлық ауылшаруашылық кәсіпорындары және шаруа қожалықтары  суармалы су пайдалану үшін    тұтыну кооперативтеріне (СПК), барлығы 26 суармалы су пайдалану ұйымға  бірікті. Оларға  су беруші кәсіпорындар: «Шеңгелді - НС» ЖШС, «Коксу» ЖШС, «Овощводхоз» ЖШС, «Қапшағай су- сервис» ЖШС-і - суармалы су жеткізіп беру қызметін көрсетті. 2016 жылға барлық су пайдалану лимиті 44,5 млн. куб  метр деңгейінде бекітілді. Су пайдаланушылар су беру қызмет құнын арзандатуға ҚР Ауылшаруашылығы Министрінің бұйрығымен бекітілген жаңа Ережемен жұмыс істеп, 170,8 млн. теңге субсидияны Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы арқылы алды.
Өңірдің ауыл шаруашылық тауарын өндірушілеріне «Агробизнес-2020» бағдарламасына сәйкес тиісті мемлекеттік қолдау көрсетілді:
- минералды тыңайтқыштарға - 45 шаруашылыққа 63 млн. теңге,
- басымды дақылдарды өндіруге- 72 шаруашылыққа 95,6 млн. теңге,
- жылыжайға 1-ші 2-ші дақыл айналымына -2 жылыжайға 58 млн. теңге
- гербицидтерге - 21 шаруашылыққа 15 млн. теңге
-тұқым  шаруаылығын  қолдау мақсатына -3 шаруашылыққа 8,4 млн. теңге
егін шаруашылығы бойынша барлығы  411,1 млн. теңге субсидия алынды.
Көктемгі дала және күзгі жиын-терін жұмыстарын жүргізуге шаруашылықтар  302,3 тонна  арзандатылған бағамен дизель отынын сатып алған.
Мал шаруашылығы бойынша  3 фермер шаруашылықтар 8,9 млн. тенге субсидия алды. Қапшағай қаласында 2016 жылдың онайында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда  мал мен құстар саны өскен, мал өнімдерінің өсімі бар.
Жылы жай шаруашылығы бойынша.   «Green Land Alatau» ЖШС-нің жылыжай кешені 2016 жылдың  басынан  3592,4 тонна көкөніс өндірді. Ағымдағы жылы «Green Land Alatau» ЖШС-і 5,0 га өндірістік жылыжай кешенінің  құрылысының екінші кезеңін аяқтап өндіріске енгізді.
«LST market» ЖШС-нің жылыжай кешені 2016 жылдың  басынан  380 тонна көкөніс өндірді. Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында  «LST market» ЖШС-і 1,0 га өндірістік жылыжай кешенінің  құрылысының екінші кезеңін аяқтады. 2016 жылы аталған  инвестициялық жобасы жүзеге асыру мақсатында инвестициялық салымның 30 пайызын қайтару мақсатында АКК-ға және облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына өтінімін тапсырды.
Қапшағай қаласында 2017 жылдың қаңтар айына ауыл шаруашылығы көрсеткіші бойынша  малдың саны (бас): Ірі-қара малы-4489, соның ішінде сиыр – 2343, қой-ешкі – 43530, шошқа – 250, жылқы – 1985, құстар- 29880.
Мал өнімдері:  тірі салмақтағы ет өндірісі 2465,7 тонна,  4529,8 тонна сүт,  91,5 тонна  жүн,  1400 мың дана жұмыртқа  өндірілді.
Ауылшаруашылық жәрмеңке  2016 жылдың  басынан  бастап әр сенбі сайын ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен  Талдықорған, Алматы, Астана және Қапшағай қаласында өткізіліп тұрды. Жәрмеңкелер кезінде   ауылшаруашылық өнімдердің барлық түрлері (ет, сүт, балық, жеміс-жидек, көк өністер) кең ассортиментпен,  15-20 %-ғы  төмен бағамен  сатылды. Барлық жыл бойғы сатылған таурлардың көлемі  70,0 млн.теңгені құрады.
Жоспарға  сәйкес 1000 гектар  ( күздік) сүдігер жыртылды.
Бүгінгі күнге Қапшағай қаласының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері ұзақ мерзімге сақтауға қоймаларға 29,680 тонна көкөніс және 820 тонна картоп сақтауға салынды.
Қазіргі кезеңде №1,2,3,4,5,7 насостық станциялардың мерзімдік жұмыстары аяқталып консервацияға қойылуда.

Қапшағай қаласы бойынша 2016 жылдың 1 желтоқсанына
ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі
2-кесте


Атауы

Өлшем бірілігі

2015 жылдың қаңтар-желтоқсанына көрсеткіші

2016 жылдың
қаңтар-желтоқсанына көрсеткіші

ФКИ
%

Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы көлемі

млн. теңге

12730,4

12799,1

100,7

- Өсімдік шаруашылығы

млн. теңге

10169,8

10208,0

100,1

- мал шаруашылығы

млн. теңге

2197,7

2361,1

101,4

 

 


Ауыл шаруашылық  


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .