Kapshagay.gov.kz

«Қапшағай қаласын инвестициялау» Инвестициялық форумы

Главная


 

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту арқылы елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету мақсаты қойылған болатын. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін шағын несие беру аясын кеңейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдаланып, бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету жұмыстары жүргізілуі тиіс.
Осыған орай, 2018 жылдың 22 мамырында Қапшағай қаласының мәдениет үйінде  Алматы облысының Өңірлік дамыту орталығы және Қапшағай қаласының әкімдігі бірлесіп инвестициялық форум өткізді.
Бұл форумның мақсаты – аймақтың инвестициялық әлеуетін ашу, кәсіпкерлік қызметті дамыту, қолданыстағы бизнесті мемлекеттік қолдау шараларымен таныстыру болып табылады.
Форум бағдарламасы аясында қалалық әкімдік, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және инвестициялық жобалардың иелері қатысты.
Форум бағдарламасына сәйкес, «Қапшағай қаласының инвестициялық мүмкіндіктері» атты бейне-ролик көрсетілді, қаланың инвестициялық тартымдылығы және  Қазақстан Республикасында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі материалдар таныстырылып таратылды.
«Инвестициялық преференциялар туралы» баяндамамен Алматы облысының Өңірлік дамыту орталығының өкілі – Оразбаева Алуа Еркебұланқызы таныстырды.
«Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-нің директоры Вязников Александр Николаевич азық-түлік өнімдерін шығаратын зауыттың құрылысы туралы сөз сөйледі. 
Алматы облысының Өңірлік дамыту орталығының өкілі – Акашов Әлішер Серікұлы «Бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламалары» тақырыбында баяндама жасады.
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының кәсіпкерлікті қолдау шараларымен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының өкілі – Сәттібаев Досхан Көсемәліұлы таныстырды.


 


Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .