Kapshagay.gov.kz

Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Қазақстандағы техникалық реттеу шеңберінде стандарттау, өнімнің сәйкестігін растау, аккредиттеу жүргізу

Главная



                                                               
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 1 тамызында               № 874 бекіткен Жарлығы негізінде Қазақстан Республикасында индустриялық - инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған   мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында және 2018 жылғы техникалық регламенттерді, стандарттарды, соның ішінде Алматы облысындағы кәсіпорындарға  және ұйымдарға сапа менеджменті жүйесіне  таратылатын стандарттарды ендіру және олардың жүзеге асырылуы жөніндегі  өңірлік жоспарын жүзеге асыру мақсатында  «ҚазСтИн» РМК Алматы облысы бойынша филиалы, Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп «PENOPLEX (ПЕНОПЛЭКС) РК» ЖШС, «АЯМ» ЖШС, «ПолимерМетал-Т» ЖШС, «Агрофит Капшагай» ЖШС, «Магнетик» ЖШС, «Багашар Мекен» ЖШС  аралауы өткізілді.
Аралау барысында Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) және Қазақстандағы техникалық реттеу сұрақтары, стандарттау, өнімнің сәйкестігін растау, аккредиттеу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жургізілді.
«PENOPLEX (ПЕНОПЛЭКС) РК» ЖШС, «АЯМ» ЖШС, «ПолимерМетал-Т» ЖШС, «Агрофит Капшагай» ЖШС, «Магнетик» ЖШС, «Багашар Мекен» ЖШС мамандары ЕАЭО сәйкестік сертификаттарын ресімдеудің жаңа ережесімен, техникалық регламенттермен, жаңа стандарттардың тізбесімен танысты.
Қазіргі уақытта ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология Комитеті 2019 ж.  мемлекеттік стандарттау Жоспарын қалыптастыруда, осыған байланысты ұлттық стандарттарды әзірлеу үшін, өтінім мен техникалық-экономикалық  негіздеме ұсыну бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ  өнімді каталогтау жүйесі, өңдеу ережесі және үкіметтік емес стандарттарды, алдын ала ұлттық стандарттарды енгізу, техникалық реттеу және  метрология Комитетінің және ЕАЭО сайтына шолу ақпараты, ДСҰ хабарламалары  ұсынылды.
Аралау барысында сұрақтарға жауап берілді, соның ішінде ЕАЭО техникалық регламенттері, өнімдерінің сәйкестігін растаудың рәсімделуі, таңбалау, өтпелі ереженің әсері бойынша.
Өндіруші-кәсіпорындарды аралау филиалдың жұмыстарының  бөлігі ғана болып табылады, аудандық кәсіпкерлік бөлімі Бағдарлама мақсатының негізгі  жетістіктері үшін:

  1. дүниежүзілік стандартқа сай өнім өндіру үшін жағдай жасау,  менеджмент жүйесін және техникалық  жабдықтауды енгізу.
  2. отандық  нарықты зиянды  және сапасыз  өнімнен сақтау.

 


Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі ММ


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .