Kapshagay.gov.kz

Кәсіпкерлердің назарына!!!

Главная


Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы Сіздерді «Іскерлік байланыстар» жобасына қатысуға шақырады. Оқыту екі сатыдан тұрады:
1 саты: бизнес жүргізудің заманауи әдістері мен білім дағдыларын оқыту, бизнес серіктестермен іскерлік қарым-қатынас орнату бойынша 3 апталық бизнес-тренинг;
2 саты: шетелдік кәсіпорындарда іскерлік қарым-қатынасты жақсарту, тауар жеткізу, жабдықтау, тәжірибе алмасу және т.б. мәселелер бойынша шетелде 4 апталық тақырыптық бизнес-тағылымдама. 
Бизнес-тренингке және шетелдік тағылымдамаға қатысу тегін өтеді.


Барлық сұрақтар бойынша Кәсіпкерлікке қолдау орталығына: Қапшағай қаласы, 1 шағын ауданы, 41 үй, тел.: 8(72772)79683, немесе Алматы облысының кәсіпкерлер палатасына: Талдықорған қ., №7 шағын ауданы, Көрме кешенінің ғимараты, тел.: 8 (7282) 401-477, эл.пошта: ye.datkayev@palata.kz, a.dzheksemba@palata.kz

 

 



Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі ММ


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .