Қапшағай қаласы бойынша
мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытуға мемлекеттік білім беру
тапсырысын, ата-ана төлемақысының
мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6–бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылдың 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы, Қапшағай қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 993 (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2017 жылдың 29 желтоқсанында № 4461 болып тіркелген, «Нұрлы Өлке» газетінде 2018 жылдың 26 қаңтарында № 06(467) жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары
С. Нұрғазиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
қосымшасына № >>> (114 kb .rar)
Қапшағай қаласының әкімі Т. Қайнарбеков
28/03/2018
Қапшағай қаласында жер
учаскелерін мемлекеттік
мұқтажы үшін мәжбүрлеп
алып қоюды бастау туралы
Қапшағай қаласы әкім орынбасарының Қапшағай қаласындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жерін қала құрылыс регламенттерге келтіру туралы хатын қарай келе, Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 шілдедегі Жер кодексінің 81 бабының 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 4, 5 тармақтарына, 85 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Занының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға байланысты қосымшаға сәйкес Алматы облысы, Қапшағай қаласы, 19 шағынауданы мекен жайда орналасқан стандион – объектіге қызмет көрсету үшін жер учаскесін алып қою басталсын. Қосымшада аталған жер учаскесін мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қою мерзімі 2018 жылдың 20 мамыр айы.
2. Келісу рәсімін іске асыру үшін аталған жер учаскесінің меншік иесі «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінеді.
3. «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті іс-шараларды қабылдасын.
4. «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аталған жер учаскелерін мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға байланысты іс-шараларды жүргізу үшін бюджеттік қаражат көзделсін.
5. «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау жүктелсін.
6. Осы қаулының орындалуы Қапшағай қаласы әкімнің орынбасары А. Қалқабайға жүктелсін
қосымшасына № >>> (14 kb .rar)
Қапшағай қаласының әкімі Т. Қайнарбеков
06/03/2018
Қапшағай қаласы бойынша мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік
білім беру тапсырысын, жан басына
шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы
төлеу мөлшерін бекіту туралы
"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6–бабының 4-тармағының, 8-1) – тармақшасына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 .Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері қосымшаға сәйкес бекіту.
2. Қапшағай қаласы әкімдігінің "Қапшағай қаласы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы" 2014 жылғы 16 маусымдағы" № 384 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2758 тіркелген, 2014 жылдың 10 маусымда " Бизнес Дайджест" Капшагай газетінде жарияланған) " қаулысының куші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын қадағалау қала әкімінің орынбасары С.Ш. Нұрғазиевке жүктелсін.
4 . Қаулы әділет басқармасында заңға сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен соң он күнтізбелік күнінде жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
қосымшасына № >>> (17 kb .rar)
Қапшағай қаласының әкімі Т. Қайнарбеков
15/11/2017
Қапшағай қаласы әкімінің 2017 жылғы 2 қарашадағы №77-ө өкімі
Қапшағай қаласы әкімінің 2016 жылғы
2 желтоқсандағы «Ауылдық округ
деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың
дербес бюджетін енгізу мәселесі бойынша
ақпараттық-түсіндіру тобын құру туралы»
№ 72-ө өкіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-5-бабына сәйкес:
1. Қапшағай қаласы әкімінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы «Ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру тобын құру туралы» №72-ө өкіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкімнің 1-қосымшасы осы өкімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары А.Н.Қалқабайға жүктелсін.
қосымшасына № >>> (17 kb .rar)
Қапшағай қаласының әкімі Т. Қайнарбеков
02/11/2017
Қапшағай қаласында жер учаскелерін
мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп
алып қоюды бастау туралы
«Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұсынған құжаттарының негізінде Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 шілдедегі Жер кодексінің 81 бабының 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағына, 85 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Занының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға байланысты қосымшаға сәйкес кейбір жер учаскелерін алып қою басталсын. Қосымшада аталған жер учаскелерін мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қою мерзімі 2017 жылдың 15 қыркүйек айы.
2. Келісу рәсімін іске асыру үшін аталған жер учаскелерінің меншік иелері «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінеді.
3. «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті іс-шараларды қабылдасын.
4. «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау жүктелсін.
5. Осы қаулының орындалуы Қапшағай қаласы әкімнің орынбасары А. Қалқабайға жүктелсін.
қосымшасына № >>> (17 kb .rar)
Қапшағай қаласының әкімі Т. Қайнарбеков
11/07/2017
Қапшағай қаласында жер учаскелерін мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюды бастау туралы
«Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұсынған құжаттарының негізінде Қазақстан Республикасы 2003 жылғы 20 шілдедегі Жер кодексінің 81 бабының 2 тармағының 2 тармақшасына, 84 бабының 2 тармағына, 85 бабына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 01 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Занының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 31 бабы 1 тармағының 10 тармақшасына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға байланысты қосымшаға сәйкес кейбір жер учаскелерін алып қою басталсын. Қосымшада аталған жер учаскелерін мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қою мерзімі 2017 жылдың 25 тамыз айы.
2. Келісу рәсімін іске асыру үшін аталған жер учаскелерінің меншік иелері «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүгінеді.
3. «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын барлық қажетті іс-шараларды қабылдасын.
4. «Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аталған жер учаскелерін мемлекеттік мұқтажы үшін мәжбүрлеп алып қоюға байланысты іс-шараларды жүргізу үшін бюджеттік қаражат көзделсін.
5. «Қапшағай қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күн ішінде ресми және мерзімді баспа басылымдарында жариялау жүктелсін.
6. Осы қаулының орындалуы Қапшағай қаласы әкімнің орынбасары А. Қалқабайға жүктелсін
қосымшасына № (21 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының әкімі Т. Қайнарбеков
24/05/2017
Қапшағай қаласында стационарлық
емес сауда объектілерін орналастыру
орындарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сатуды реттеу және белгіленбеген жерлерде сауда жүргізуді болдырмау мақсатында, Қапшағай қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жандос Мұхаметқалиұлы Тұрысбековке осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ахтанберді Нарматұлы Қалқабайға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
қосымшасына № (21 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының әкімі Т. Қайнарбеков
04/05/2017
Мемлекеттік тұрғын үй
қорындағы тұрғын үйді
пайдаланғаны үшін төлемақы
мөлшерін белгілеу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 Қазақстан Республикасы Құрылыс және Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 тіркелген) сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының № 1, № 2, № 3, № 4 және № 5 қосымшаларына сәйкес Қапшағай қаласының мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері белгіленсін.
2.0Осы қаулының орындалуын бақылау Ильяс Сейтбекович Сугуровке жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
қосымшасына № (10 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының әкімі Т. Қайнарбеков
28/03/2017
Жоба
Қапшағай қаласында стационарлық
емес сауда объектілерін орналастыру
орындарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сатуды реттеу және белгіленбеген жерлерде сауда жүргізуді болдырмау мақсатында, Қапшағай қаласында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Қапшағай қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жандос Мұхаметқалиұлы Тұрысбековке осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ілияс Сейтбекұлы Сүгіровке жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
қосымшасына № (10 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының әкімі Т. Қайнарбеков
16/03/2017
Жоба
Қапшағай қаласының шалғайдағы
елдi мекенінде тұратын балаларды
жалпы бiлiм беретiн мектепке
тасымалдаудың тәртібі мен схемасын
бекiту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 14-бабы 3-тармағының 3-1тармақшасына, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетінатқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығына сәйкес Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қапшағайқаласының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектепке тасымалдаудың тәртібі осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес бекiтілсін.
2. Қапшағайқаласының шалғайдағы елдi мекенінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектепке тасымалдаудың схемасыосы қаулының № 2 қосымшасына сәйкес бекiтілсін.
3. Қапшағай қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қарашадағы №601 «Қапшағай қаласының шалғайдағы елдi мекенінде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектепке тасымалдаудың тәртібі мен схемасын бекiту туралы» қаулысының күші жойылсын.
4. «Қапшағайқаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Рысалды Советқызы Ешімоваға осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ілиас Сейтбекұлы Сүгіровке жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
қосымшасына № (10 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының әкімі Т. Қайнарбеков
15/12/2016
Жоба
Мүгедектерді жұмысқа
орналастыру үшін
жұмыс орындарына квота
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 31 бабының 1-тармағы 14) тармақшасына», «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» 2016 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министтрінің № 498 бұйрығына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, Қапшағай қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Ауыр және зиянды, қауіпті жұмыстардағы бос жұмыс орындарын санамағанда елуден жүз адамға дейін- жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
жүзден екі жүз елу адамға дейін- жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
екі жүз елуден артық адам жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін бос жүмыс орындарының белгілеу;
2.Қапшағай қаласы әкімдігінің 2011 жылы 22 қарашадағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіліміне 2011 жылғы 01 желтоқсанда» № 2-2-16 болып енгізіліп) № 578 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттіқ мекемесінің басшысы (Іңкәрбекова А.С.) осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қапшағай қаласының әкімі Т.Қайнарбеков
06/12/2016
Жоба
Пробация қызметiнiң есебiнде тұрған
адамдар үшін, бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған адамдарды
және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға
дейін айырылған немесе ата-анасының
қамқорлығынсыз қалған, білім беру
ұйымдарының түлектері болып табылатын
жастар қатарындағы азаматтарды
жұмысқа орналастыру үшін квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 31 бабының 1-тармағы 14) тармақшасына», Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес, Қапшағай қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қапшағай қаласы бойынша пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. «Қапшағай қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (Іңкәрбекова А.С.) осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қапшағай қаласының әкімі Т.Қайнарбеков
06/12/2016
Қапшағай қаласы әкімінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы №72-ө өкімі
Ауылдық округ деңгейінде
жергілікті өзін-өзі басқарудың
дербес бюджетін енгізу мәселесі
бойынша ақпараттық-түсіндіру
тобын құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 39-5-бабына сәйкес, «100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» 98-қадамын орындау мақсатында:
1. Ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
2. Ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу мәселесі бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі аталған мәселе бойынша қажетті материалдар мен формалардың таратылуын ұйымдастырсын.
4. Ақпараттық-түсіндіру тобының жетекшісі атқарылған жұмыс туралы
ақпаратты әр айдың 5-ші күніне дейін Алматы облысы әкімінің аппаратына жіберілуін қамтамасыз етсін.
5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары А.Қалқабайға жүктелсін.
Қапшағай қаласының әкімі Т.Қайнарбеков
02/12/2016
Жоба
Қала
әкімдігінің кейбір
қаулыларының
күшін жою туралы
«Құқықтық
актілер туралы» 2016 жылғы 06 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 26 бабы және «Қазақстан
Республикасындағы жергілікті басқару және
өзін-өзі баскару туралы» Қазақстан Республикасы
Занының 37 бабының 8 тармақшасына сәйкес, қала
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Қала
әкімдігінің қаулыларының күш жойылсын:
1. Қала
әкімінің 2015 жылғы 15 қарашадағы 599 «Нысаналы
топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесінбелгілеу туралы»,
(Қапшағай қаласының әділет баскармасында 2015 жылғы
10 желтоксандағы 3599 нөмірімен
нормативтік-қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде тіркелген).
2. Қала
әкімінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы 648 «Бас
бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін
жұмыс орындарына квота белгілеу туралы», (Қапшағай
қаласының әділет баскармасында 2011 жылғы 22 желтоксандағы
2-2-127 нөмірімен нормативтік-қүқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген).
3. Қала
әкімінің 2012 жылғы 10 желтоқсандағы 672 «Бас
бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін
жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қала
әкімдігінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы 648
қаулысына өзгерістер енгізу туралы (Қапшағай
қаласының әділет баскармасында 2012 жылғы 28 желтоксандағы
2277 нөмірімен нормативтік-қүқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген).
4. Қала
әкімінің 2011 жылғы 09 желтоқсандағы 647
«Интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар
үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы», (Қапшағай
қаласының әділет баскармасында 2011 жылғы 22 желтоксандағы
2-2-126 нөмірімен нормативтік-қүқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген).
5. Қала
әкімінің 2015 жылғы 03 ақпандағы 45 «Қапшағай
қаласы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
туралы», (Қапшағай қаласының әділет
баскармасында 2015 жылғы 23 ақпандағы 3072 нөмірімен
нормативтік-қүқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде тіркелген, 2015 жылдың 26 ақпандағы «Нұрлы
Олке» газетінің 09 (314) санында жарияланған).
қосымшасына № (20 kb .rar)>>
Қала әкімінің м.а . І.
Сүгіров
21/10/2016
Жоба
Мемлекеттік тұрғын үй
қорындағы тұрғын үйді
пайдаланғаны үшін төлемақы
мөлшерін белгілеу туралы
«Тұрғын үй
қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі
Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының
1-тармағына, Қазакстан Республикасы құрылыс және тұрғын
үй–коммуналдық шаруашылык істері агенттігі
төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306
бұйрығыменбекітілген, мемлекеттіктұрғынүй
қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны
үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне
сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік тұрғын
үй қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны
үшін төлемақы мөлшері қосымшаға
сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының
орындалуын бақылау тұрғын үй – коммуналдық
мәселелері бойынша қала әкімінің орынбасарынажүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш
ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.
қосымшасына № (20 kb .rar)>>
Қала әкімінің м.а . І.
Сүгіров
21/10/2016
Жоба
Мемлекеттік тұрғын үй
қорындағы тұрғын
үйді пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерін
белгілеу туралы
«Тұрғын үй
қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуірдегі
Қазақстан Республикасының Заңының 97-бабының
1-тармағына, Қазакстан Республикасы құрылыс және тұрғын
үй–коммуналдық шаруашылык істері агенттігі
төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306
бұйрығымен бекітілген (Нормативтік
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 7232 тіркелген), мемлекеттік тұрғын үй
қорындағы тұрғын үйді пайдаланғаны
үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесіне
сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік
тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді
пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері
қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының
орындалуын бақылау тұрғын үй – коммуналдық
мәселелері бойынша қала әкімінің орынбасарынажүктелсін.
3. Осы қаулы
алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
қосымшасына № (20 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының
әкімі
С. Кикимов
22/09/2016
Жоба
2016 жылғы 22 шелдедегі №409 Алматы облысының
әкімдігінің қаулысын іске асыру жөнінде
«Алматы облысы бойынша Қазақстан Республикасының
дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі
тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі әс-шаралар жоспарын
(бірінші кезең 2016-2020 жылдар) бекіту туралы»
Алматы
облысы бойынша Қазақстан Республикасының дене шынықтыру
мен спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске
асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бірінші кезең 2016-2020
жылдар) бекіту туралы Алматы облысы әкімінің 2016 жылғы 22
шілдедегі №409 қаулысын іске асыру жөнінде Қапшағай
қаласының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Қоса
беріліп отырған 2016 жылғы 22 шелдедегі №409 Алматы облысының
әкімдігінің қаулысын іске асыру жөнінде «Алматы облысы
бойынша Қазақстан Республикасының дене шынықтыру мен
спортты дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру
жөніндегі іс-шаралар жоспары (бірінші кезең 2016-2020 жылдар)
(бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін.
2.Қала
әкімдігінің бөлім басшылары, ауылдық округ
әкімдері:
1) Жоспарды
іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдансын;
2) жылына
бір рет, жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей «Қапшағай
қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі»
ММ-ға Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
3.
«Қапшағай қаласының дене шынықтыру және
спорт бөлімі» ММ есепті жылдан кейінгі қантарынан кешіктірмей
Алматы облысының дене шынықтыру және спорт басқармасына
Жоспар іс-шараларының орындалуы барысы туралы жиынтық ақпарат
берсін.
4.Осы
қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің
орынбасары Е.А.Сергебаевқа жүктелсін.
қосымшасына № (20 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының
әкімі
С. Кикимов
06/09/2016
Жоба
Қапшағай қаласы әкімінің
2014 жылдың 02 қыркүйегіндегі
№ 09-10 «Қапшағай қаласының
әкімдігі жанындағы мүлікті жария
етуді өткізу жөніндегі комиссиясын
құру туралы» шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылдың 23
қаңтардағы Қазақстан Республикасының
Заңының 33 бабына сәйкес, қала әкімдігі ШЕШІМ
ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қапшағай
қаласы әкімінің 2014 жылдың 02
қыркүйегіндегі №
09-10
«Қапшағай қаласының әкімдігі жанындағы
мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссиясын
құру туралы» шешімінің қосымшасына келесі
өзгерістер енгізілсін:
1.1)
Комиссия
мүшесінен шығарылсын:
-
Құлмұханбетова
Гүлназ Әшірбайқызы;
1.2)
Комиссия
мүшесіне енгізілсін:
-
Ғани
Рыстайұлы Әбдіханов – «Қапшағай қаласының
сәулет және
қалақұрылысы
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, комиссия
төрағасының орынбасары.
қосымшасына № (20 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының
әкімі
С. Кикимов
29/04/2016
Жоба
"Қапшағай
қаласының жер қатына стар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
"Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23
қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңы 38 бабының
4-тармағына,
"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы
Қазақстан Республикасы Заңы 18-бабының 8) тармақшасына және
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі
ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410
Қазақстан Республикасы Президентінің, Жарлығына сәйкес
Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
1.
"Қапшағай қаласының жер қатынастар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің Ережесі осы
қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қапшағай
қаласының жер қатынастар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Шолпан Сагимбековна Кожабергеноваға
осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін
ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ
Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындаған интернет-ресурста және қала
әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3.
Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі
аппаратының басшысы Ғалымжан Әбдішүкірұлына жүктелсін.
4.
Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен
бастап күшіне енеді және алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
қосымшасына № (50 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының
әкімі
С. Кикимов
04/04/2016
Жоба
«Қапшағай
қаласының
кәсіпкерлік
бөлімі»
мемлекеттік
мекемесінің
Ережесін
бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011
жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы
Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі
ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы №
410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына
сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
1.
«Қапшағай
қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына
сәйкес бекітілсін.
2.
«Қапшағай
қаласының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысының міндетін атқарушы Батырбеков Дидар Талғатұлы осы
қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми
және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста
және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау
жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау
қала әкімінің орынбасары Қалқабай Ахтанберді
Нарматұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік
тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
қосымшасына № (50 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының
әкімі
С. Кикимов
26/03/2016
Жоба
«Заречный ауылдық округі
әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011
жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы
Заңының 18-бабының 8 тармақшасына және
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі
ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29
қазандағы№ 410 Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығына сәйкес, Қапшағай
қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Заречный ауылдық округі
әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы
қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Заречный ауылдық
ауылдық округінің әкімі Берік Фатықұлы
Дүсенбаевқаосы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік
тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындаған интернет-ресурста және қала
әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын
бақылау қала әкімінің орынбасары Сергебаев Ескендір
Ақынұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет
органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді
және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі.
қосымшасына № (57 kb .zip)>>
Қапшағай қаласының
әкімі
С. Кикимов
26/03/2016
Жоба
«Қапшағай
қаласының құрылыс бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту
туралы
«Мемлекеттік
мүлік туралы» 2011 жылы 01 наурыздағы Қазақстан
Республикасы Заңының 18-ші бабына 8-ші тармақшасына
және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының
үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылы 29 қазандағы №410 Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қала
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
«Қапшағай
қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына
сәйкес бекітілсін.
2.
«Қапшағай
қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Е.Б. Досходжаев осы қаулыны әділет органдарында
мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкімет
айқындаған интернет-ресурста және қала
әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3.
Осы
қаулының орындалуын бақылау Қапшағай қаласы
әкімінің орынбасары І.С.Сүгіровке жүктелсін.
4.
Осы
қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа еңгізіледі.
қосымшасына № (57 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының
әкімі
С. Кикимов
26/03/2016
Жоба
«Қапшағай
қаласының тұрғын
үй -коммуналдық шаруашылық және
тұрғын үй инспекциясы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін
бекіту туралы
«Мемлекеттік
мүлік туралы» 2011 жылы 01 наурыздағы Қазақстан
Республикасы Заңының 18-бабына 8) тармақшасына және «Қазақстан
Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012
жылы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығына сәйкес Қапшағай
қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
«Қапшағай
қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына
сәйкес бекітілсін.
2.
«Қапшағай
қаласының тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а. М.Қ.Абауовқа
осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін
ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Үкімет айқындаған интернет-ресурста
және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау
жүктелсін.
3.
Осы
қаулының орындалуын бақылау Қапшағай қаласы
әкімінің орынбасары І.С.Сүгіровке жүктелсін.
4.
Осы
қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
қосымшасына № (57 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының
әкімі
С. Кикимов
26/03/2016
Жоба
«Қапшағай
қаласының ауыл шаруашылық
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік
мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан
Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына
және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының
үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы №
410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына
сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
1.
«Қапшағай қаласының ауыл шаруашылық бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы
қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы
қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің
орынбасары Қалқабай Ахтамберді Нарматұлына жүктелсін.
3.
«Қапшағай қаласының ауыл шаруашылық бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы Бекиев Қанат Ботайұлына осы
қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми
және мерзімді баспа басылымдарында,сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста
және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау
жүктелсін.
4. Осы
қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
қосымшасына № (44 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының
әкімі
С. Кикимов
26/03/2016
Жоба
«Қапшағай
қаласының ішкі саясат
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік
мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан
Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына
және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының
үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы №
410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына
сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
1. «Қапшағай
қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесі (бұдан әрі - Ереже) осы қаулының
қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының
орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Сергебаев
Ескендір Ақынұлына жүктелсін.
3. «Қапшағай
қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Аққойшы Нұрлан Ерғазыұлына осы қаулыны
әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және
мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста
және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау
жүктелсін.
4. Осы
қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
қосымшасына № (44 kb .zip)>>
Қапшағай қаласының
әкімі
С. Кикимов
26/03/2016
Жоба
«Қапшағай
қаласының экономика және
бюджеттік жоспарлау бөлімі»
мемлекеттік
мекемесінің Ережесін
бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011
жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы
Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі
ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы №
410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына
сәйкес, Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
1. «Қапшағай
қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына
сәйкес бекітілсін.
2. «Қапшағай
қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Сатыбалдиева Айгул Төлекқызына осы
қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми
және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста
және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау
жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау
қала әкімінің орынбасары Қалқабай Ахтанберді
Нарматұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік
тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі.
қосымшасына № (44 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының
әкімі
С. Кикимов
26/03/2016
Жоба
«Қапшағай
қаласының
сәулет
және қалақұрылысы
бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту
туралы
«Мемлекеттік
мүлік туралы» 2011 жылы 01 наурыздағы Қазақстан
Республикасы Заңының 18-бабына 8) тармақшасына және «Қазақстан
Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012
жылы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығына сәйкес Қапшағай
қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
«Қапшағай
қаласының сәулет және қалақұрылысы
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының
қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2.
«Қапшағай
қаласының сәулет және қалақұрылысы бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а. Ғ.Р.Әбдіхановқа
осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін
ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Үкімет айқындаған интернет-ресурста
және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау
жүктелсін.
3.
Осы
қаулының орындалуын бақылау Қапшағай қаласы
әкімінің орынбасары І.С.Сүгіровке жүктелсін.
4.
Осы
қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
қосымшасына № (70 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының
әкімі
С. Кикимов
26/03/2016
Жоба
«Қапшағай қаласы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы
"Қазақстан
Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және
өзін өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23
қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының
38-бабының 4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы"
2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы
Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және
"Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі
ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410
Қазақстан Республикасы Президентінің, Жарлығына
сәйкес Қапшағай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ
ЕТЕДІ:
1. "Қапшағай
қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Қапшағай
қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің
басшысы Ғалымжан Әбдішүкірұлы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік
тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындаған интернет-ресурста және қала
әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
3. Осы
қаулының орындалуын бақылау қала әкімі
аппаратының басшысы Ғалымжан
Әбдішүкірұлы жүктелсін.
4. Осы
қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
қосымшасына № (44 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының
әкімі
С. Кикимов
25/03/2016
Жоба
«Қапшағай қаласының дене
шынықтыру және спорт бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
Ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011
жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы
Заңының 18-бабының 8 тармақшасына және
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі
ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29
қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығына сәйкес, Қапшағай
қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қапшағай
қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына
сәйкес бекітілсін.
2. «Қапшағай
қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы Носова Наталья Юрьевнаға осы қаулыны
әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және
мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста
және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау
жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын
бақылау қала әкімінің орынбасары Сергебаев Ескендір
Ақынұлына жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет
органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді
және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі.
қосымшасына № (57 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының
әкімі
С. Кикимов
24/03/2016
Жоба
«Капшагай қаласының
қаржы бөлімі»
мемлекеттік
мекемесінің Ережесін
бекіту туралы
«Мемлекеттiк мүлiк
туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы
Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан
Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы»
2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан
Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Капшагай қаласының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Капшагай қаласының
қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы
қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсiн.
2. «Капшагай
қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы Кожахметов Ермек Жаманқараұлына осы қаулыны
әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және
мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста
және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау
жүктелсін.
3. Осы
қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің
орынбасары Сүгүров Ілияс Сейтбекұлына жүктелсін.
4. Осы
қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап
күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған
күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі.
қосымшасына № (45 kb .rar)>>
Қапшағай қаласының
әкімі
С. Кикимов
24/03/2016
Жоба
«Қапшағай
қаласы Шеңгелді
ауылдық округінің әкім аппараты»
мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011
жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы
Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі
ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29
қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы
Президентінің Жарлығына сәйкес, Қапшағай
қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қапшағай қаласы
Шеңгелді ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік
мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына
сәйкес бекітілсін.
2. Қапшағай қаласы
Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Ерғазы
Аққойшыұлы Қоилыбаевқа осы қаулыны
әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және
мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста
және қала әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау
жүктелсін.
3. Осы қаулының орындалуын
бақылау қала әкімінің орынбасары Ахтанберді Нарматұлы
Қалқабайға жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет
органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді
және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі.
қосымшасына № (58 kb .zip)>>
Қапшағай қаласының
әкімі
С. Кикимов
15/03/2016
|