freim_logo
Қазақша нұсқа
Орысша нұсқа
Басып шығару   Google+

Құрметті қапшағай қаласының тұрғындары!


   Сіздерді табиғат жаңарып, адамзаттың рухани жаңғыратын шағы - әз-Наурызбен шын жүректен құттықтаймын.
   Ғасырлар қойнауынан бастау алған Ұлыс күні - өзімен бірге көктемнің сәулелі шуағын ала келетін, адалдық пен тазалықтың, мейірім мен жылылықтың, достық пен сүйіспеншіліктің мерекесі. Бұл күні адамдар бір-біріне ақтарыла тілек айтып, ағайын-бауырлар төс қағыстырып, бір-біріне жүрек жарды тілектерін арнап, айналаға мейірім шуағын төгеді, көмек қолын созып, көпшілдік қасиетін паш етеді.
    Ұлыс күні терең жаңашылдық пен жарқындықтың, адамгершілік пен мейірімділіктің белгісі. Бұл күн мен түннің теңелген шағы үйлесімнің үлгісі, Қазақстан халқы бірлігінің, ырысы мен ынтымағының белгісі болып келеді.
    Әз наурыз ұлағатын халқымыз қалтқысыз қабылдап, жақсылықтың нышанына балаған. Бүгінде халықтың асыға күтетін айрықша мерекесіне айналған Ұлы күнді қапшағай қаласының тұрғындары да көтеріңкі көңілмен, аса құрметпен қарсы алуда.
            Қадірменді қауым, құрметті қонақтар !
       Әз-мереке әрқайсыңыздың шаңырағыңызға шаттық, құт пен береке әкеліп, әрбір үйге Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Наурыз құтты болсын!


Қапшағай қаласының әкімі Т.ҚАЙНАРБЕКОВ




icon Қала Әкiмі
Әкімінің блогы
Қала әкіміне сұрақ
icon Қаланың әкiмдiгi
icon Бөлiмдерi
icon Мемлекеттік қызметтер
icon Нормативтiк құқықтық актiлер
icon Жұмыс кестесі
icon Бос орындар
icon Қабылдау бөлмесi



icon Мәслихат
icon Прокуратурасы
icon Жер заңды негізінде
icon Соты
Мемлекеттiк қызметтердiң имиджi



icon Мемлекеттік сатып алу
icon Жер телiмдердiң кадастрлық құны
icon Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімі
icon 2016 Жария ету



icon Сайлау 2016
icon vopros_akimu
маслихат

 

       Праздники Казахстана

 

Аудармашы-сөздiк

Сөздi қазақша немесе орысша тiлде енгiзiңiз, 3 нұсқаға дейiн аударма аласыз.

ә:2, i:3, ң:4, ғ:5, ү:8,
ұ:9, қ:0, ө:-, һ:+




Негiзгi
 > Әкiмдiк  > Бөлiмдер  > Ішкі саясат бөлімі
Бүгiн:

"Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі "


 

Бөлiм басшысы

Аққойшы Нұрлан Ерғазыұлы

"Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы –Аққойшы Нұрлан Ерғазыұлы. 1987 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Шеңгелді ауылының № 6 орта мектебін бітіргеннен кейін Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінде «Экономика және қаржы» факультетінің "мемлекеттік басқару" бакалавры мамандығы бойынша білім алған. 2008 жылдың қазан айынан бастап «Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы болып қызмет атқарды. 2013 жылдың наурыз айынан бастап "Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы болып тағайындалды.


       2016 жылғы табыстары туралы
Мәлімет
1.Табысы
- еңбекақысы – 2 784 805

тг,
Ұсталған салық сомасы – 61 723

тг
2. Иелігіндегі мүлігі
- жоқ


Деректемелер

"Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: Алматы облысы, 040800: Қапшағай қаласы , Жамбыл көшесi ,13

Телефондары: 8 (72772) 7-95-39, 4-77-57

Электрондық мекен-жай: ovp@kapshagay.gov.kz


Демалыс Жұмыс уақыты Үзіліс уақыты Демалыс
Дүйсенбі - Жұмa 9.00-18.30

с 13.00 до 14.30

Сенбі - Жексенбі


Бөлiмнiң құрылымы
Лауазымы Аты-жөні Телефон Ішкі. тел
Бөлім басшысы Аққойшы Нұрлан Ерғазыұлы 7-95-39 -
Бас маман Иманбаева Аида Бақытқызы 4-77-57 218
Бас маман Айтимбетова Гаухар Қанатбекқызы 4-77-57 218


БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА

Бөлімнің Ережесі

 

"Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) ішкі саясат саласында мемлекеттік бағдарламаларды заңдарда ескерілген шекте іс жүзіне асыратын мемлекеттік орган болып табылады. 

Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, облыс және қала әкімдерінің шешімдеріне, басқа да нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады
.

Бөлімнің негізгі міндеттері


Бөлімнің негізгі міндеттері болып табылатындар:

  • Қоғамда демократиялық институттардың нығаюына қатысу және «Қазақстан – 2030» даму Стратегиясының, Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауларының негізгі басымдықтарын насихаттау.
  • Мемлекеттік ішкі саясатты және қоғамдық саяси салалар мәселелері туралы Қазақстан Республикасы заңдарын насихаттау мен түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру.
  • Аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтанушылық және саясаттану зерттеулерін жүргізу.
  • Аймақата жүріп жатқан қоғамдық-саяси процесстер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты және нақты зерттеу, зерделеу және талдау.
  • Аймақтық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік тапсырысты жүзеге асырыу, оны өткізу жөнінде аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін үйлестіру.
  • Үкіметтік емес ұйымдардың қызметін үйлестіру.
  • Этносаралық қатынасты үйлестіру, ұлтаралық бірлікті нығайту, қоғамды біріктіру, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу және насихаттау.
  • Қоғамның әлеуметтік маңызды мәселелерін шешуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту.
  • Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру. Саяси партиялардың, қоғамдық-саяси қозғалыстардың, діни бірлестіктердің қызметіне мониторинг ұйымдастыру.
  • Ішкі саясат аумағында концептуальды негіздер мен практикалық ұсыныстарды, сондай-ақ азаматтық бірізділікті қалыптастыру негізінде қоғамды біріктіру, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдылықтары жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
  • Қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен және діни ұйымдармен, кәсіподақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өзара іскер байланыс орнату.
  • этно-мәдени бірлестіктермен байланысты орнықтыру.
  • қала тұрғындарының бойында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрмет тұтуды қалыптастыру.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттауда әкімшілік-аумақтық бірлігіне сәйкес қалыптастыруға ұсыныстар мен нұсқаулықтар дайындау


Mіндеттер
Бөлім басшысы

1. Бөлім бастығы бөлімнің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, сонымен қатар бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы және функциялардың жүзеге асырылуы үшін жауапкершілікте болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмыс ұйымдастырады және ол үшін дербес жауап береді. Бөлім мамандарының міндеттері мен өкілеттігін белгілейді. Заңдарға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады. Барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдардың алдында бөлімнің мүддесін өкіл етеді. Бөлімнің жұмыс жоспарын бекітеді. Қалалық қаржы бөлімімен келісе отырып, Бөлімнің қаржы жоспарын бекітеді.

2. Негізгі функционалдық міндеттері: ішкі саясат саласындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдаулары мен Жарлықтарын, ішкі саясаттың негізгі бағыттарын түсіндіру жөніндегі ақпараттық-насихат топтары үшін әдістемелік материалдар шығару.
3. Бақылаушы функциялары: Қазақстан Республикасы Президентінің және Премьер -Министрінің, Президент әкімшілігінің және Премьер -Министр Кеңсесінің тапсырмаларын, Үкімет қаулыларын, Президент және Премьер -Министр, министірліктер мен ведомстволардың, облыс және қала әкімі және оның орынбасарларының өкімдерін, бөлімнің құзырына жататын мемлекеттік бағдарламалар мен іс-шаралардың орындалуына бақылауды ұйымдастыру.
4. Үйлестіруші функциялары: ішкі саясат бөлімінің қызметіне жалпы басшылық жасау және үйлестіруді жүзеге асыру.

Бөлімнің бас маманы

1. Негізгі функционалдық міндеттері:
ҮЕҰ, саяси партиялар мен қозғалыстар, діни бірлестіктермен байланыс орнату, олардың қызметін үйлестіру. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру. Бөлімнің құзырына жататын сұрақтарға саралау және талдау жүргізу. Жоғары органдарға және қала әкімі атына хабарлама, әкімнің өкімдері мен шешімдері жобаларын дайындау. 

2. Бақылаушы функциялары: ішкі саяси сұрақтар бойынша мемлекеттік ақпараттық саясаттың, ақпараттық-насихат топтардың жұмыс тәртібі және бөлімнің құзырына жататын басқа да сұрақтардың орындалуын ұйымдастыру.

3. Діни, қоғамдық бірлестіктердің, ҮЕҰ, саяси партиялар мен қозғалыстардың жұмыс тәртібін үйлестіру. Өңірлік ҮЕҰ-ға тәжрибелік, әдістемелік, кеңестік, ақпараттық қолдау көрсету. Қызметтері бөлімнің құзырына жататын органдар жұмысына бағыт-бағдар беру.

Бөлімнің бас маманы

1. Негізгі функционалдық міндеттері:

ақпараттық-насихат топтарының қызметін үйлестіру, оларға тәжрибелік, әдістемелік, кеңестік, ақпараттық қолдау көрсету.Ішкі саяси сұрақтарды сапалы түсіндіруге байланысты мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру және әдістемелік материалдарды дайындау. Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнату. Жоғары органдарға және қала әкімі атына хабарлама, әкімнің өкімдері мен шешімдері жобаларын дайындау. 

2. Бақылаушы функциялары: ішкі саяси сұрақтар бойынша мемлекеттік ақпараттық саясаттың, ақпараттық-насихат топтар
ының жұмыс тәртібі және бөлімнің құзырына жататын басқа да сұрақтардың орындалуын ұйымдастыру. 

3. Үйлестіруші функциялары:
Ақпараттық-насихат
топтарының, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмыс тәртібін үйлестіру. Ақпараттық-насихат топтарына ұйымдастырушы-тәжірибелік, әдістемелік, кеңестік, ақпараттық қолдау көрсету. Қызметтері бөлімнің құзырына жататын органдар жұмысына бағыт-бағдар беру

Міндетері Функциялары
Міндетері: Функциялары:
1.Қоғамда демократиялық институттардың нығаюына қатысу, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының негізгі басымдықтарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауларын түсіндіру және насихаттау; Қазақстан Республикасы Президенті және Үкіметі актілерінің, Президент Әкімшілігі тапсырмаларының, облыс әкімі мен қала әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс әкімдігі мен қала әкімдігінің қаулыларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;
2. Мемлекеттік ішкі саясатты, қоғамдық саяси салалар мәселелері туралы Қазақстан Республикасы заңдарын насихаттау мен түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды жасау және жүзеге асыру жұмыстарын үйлестіру; саяси және стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз ету, ішкі саясат сұрақтары бойынша мемлекеттік органдар жұмысын, іс-әрекетін үйлестіруде бірыңғай жоспар әзірлеу;
3.Қаладағы қоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік және саяси зерттеулерді жүргізу; діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың қызметі мен қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізе отырып, қала тұрғындарының қоғамдық пікірін зерделеу;
4. Қаладағы қоғамдық-саяси процесстер мен олардың даму үрдісін, азаматтардың электоралдық көңіл-күйін, мемлекеттік органдардың жұмыс барысын жан-жақты және нақты зерделеу, зерттеу және талдау; саяси партиялар, қоғамдық-саяси, діни бірлестіктер қызметі туралы ақпараттық-анықтамалық материалдар дайындау;
5. Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты орындау қызметін үйлестіру; ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамның бірігуі мен дінаралық тұтастықты қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру;
6. Үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестікті қалыптастыру; мемлекеттік органдардың ақпараттық-түсіндіру жұмысының жоспарларын үйлестіру және ұйымдастыру;
7. Этникалық қарым-қатынасты орнықтыру, ұлтаралық бірлікті нығайту, қоғамды біріктіру, қазақстандық патриотизмді насихаттау мен қалыптастыру; бұқаралық ақпарат құралдарымен мақсатты шараларды дайындап өткізу, өзара әрекеттестікті үйлестіру және ұйымдастыру;/td>
8. Үкіметтік емес ұйымдарды қоғамдағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге тарту; «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларын түсіндіру-насихаттау жұмыстары бойынша ақпараттық-насихат топтарының қызметін үйлестіру;
9. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру; үкіметтік емес ұйымдармен өзара әрекеттестікті Қазақстан Республикасының үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асыру;
10. Саяси партиялар, қоғамдық-саяси қозғалыстар, діни бірлестіктер қызметіне мониторинг жүргізу; жергілікті үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық, әдістемелік, кеңестік, ұйымдастыру, іс-тәжірибелік қолдау көрсету;
11. Ішкі саясат аясындағы тұжырымдамалық негіздер мен практикалық ұсыныстарды, сондай-ақ азаматтық бірізділікті қалыптастыру негізінде қоғамды біріктіру, Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді басымдықтары жөнінде ұсыныстар жасау; ішкі саяси ахуалға, партиялық құрылымға, әлеуметтік процестерге болжам жасау және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін сараптау;
12.Қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіподақтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, қоғамдық өкілдермен өзара әрекеттестік байланысты орнықтыру саяси партиялармен, діни бірлестіктермен, қоғамдық-саяси қозғалыстармен өзара әрекеттестік проблемалары жөнінде «дөңгелек үстелдер», семинар-тренингтер, ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастыру және өткізу;
13. Этномәдени орталықтармен байланысты орнықтыру; мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша шараларды жүргізу;
14. Қала тұрғындарының бойында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрмет тұтуды қалыптастыру; этномәдени бірлестіктерінің қызметін үйлестіру;
15. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттауда әкімшілік-аумақтық бірлігіне сәйкес қалыптастыруға ұсыныстар мен нұсқаулықтар дайындау; Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығына ақпараттық-ұйымдастырушылық көмек көрсету;
16. қала әкімінің қызметін ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету;
17. қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық шараларды идеологиялық қамтамасыз ету;
18. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қолданылуы мен насихатталуына, тұрғындардың бойында мемлекеттік рәміздерді құрмет тұтуды қалыптастыруға қатысу;
19. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттауға әдістемелік көмек көрсету;
20. мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы туралы ақпараттар жиынтығын сараптауды жүзеге асыру, жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу;
21. мемлекеттік рәміздердің қолданылуы мен насихатталуы бойынша қала аумағында жалпыхалықтық акциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер», кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
22. бөлімнің құзырындағы сұрақтар бойынша мемлекеттік және басқа нысандағы мекемелермен хат-хабар алмасу;
23. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асыру;
Құқықтары мен міндеттері:
мемлекеттік органдардың иелігіндегі мәліметтердің ақпараттық жинағын қолдану;
бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарымен қызмет бабында хат алмасу;
қала әкімінің тапсыруымен шешімдер мен өкімдердің жобаларын дайындау;
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің, облыс және қала әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, облыс және қала әкімдерінің қаулылырының орындалуын тексеру.

 

Бөлімнің қызметін анықтайтын заңдар тізімі

  1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР заңы (www.akorda.kz)
  2. «Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР заңы
  3. «Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР заңы (.doc 104 KB)
  4. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы (.doc 104 KB)
  5. «Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы» ҚР заңы (.doc 104 KB)
  6.   Қазақстан Республикасында гендерлік теңдік концепциясы (www.akorda.kz)

Жасалған жұмыстар туралы ақпарат


Үкіметтік емес ұйымдардың назарына!

 2017 жылғы 1 наурыздан бастап «ҮЕҰ Дерекқоры» ақпараттық ресурсы (infonpo.kz) жұмысын бастады. Аталмыш ақпараттық ресурс арқылы ҮЕҰ-ның өкілдері «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес ҮЕҰ Дерекқорына енгізу

 


читать   Ағымдағы жылдың 29 күні әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мақсатында қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Жетісу жастарының конгрессі» ЖҚБ-і мен «Қалалық жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен >>

/11:00 30 Қазан 2016 ж./   


читать   Қапшағай қаласының әкімі Н.А.Таубаевтың «Қапшағай қаласының 2013 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2014 жылға арналған міндеттері туралы» халық алдындағы есебінің тезистері >>

/10:01 27 Қаңтар 2014 ж./   


читать    Президенттік «Ғажайыпқа толы жаңа жыл» атты шыршысы мерекесі>>

/10:03 06 Қаңтар 2014 ж./   


ж.


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары


Қ Р Президентiнiң Жолдаулары
ҚР Рәмiздерi
Азаматтық бюджет
Анықтамалық
Қалалық қызметтер
icon Бұқаралық ақпараттар құралдары үшiн ақпарат
Қаланың кәсiпорындары

 

opros

opros

opros


obyav

                              Қапшағай қалалық мәслихатының депутаттары мен қала тұрғындарының назарына!

2017 жылғы 2 мамыр күні сағат 09.00 - де қала әкімі аппараты ғимаратының кіші залында Қапшағай қалалық мәслихатының ХХ кезектен тыс сессиясы өткізіледі. Сессия күн тәртібінде: «Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат ұсыну туралы».

/ 28.04.2017/

VI-шақырылған қалалық мәслихат депутаттарының және Қапшағай қаласы тұрғындарының назарына!

2017 жылдың 28 сәуірінде сағат 15.00-да қала әкімдігінің мәжіліс залында (Жамбыл көшесі, 13) VI-шақырылған Қапшағай қалалық мәслихатының кезекті XIХ сессиясы өткізіледі.
Күн тәртібінде:
1. Қапшағай қаласының 2016 жылғы бюджетінің орындалуы туралы;
2. Қалалық мәслихаттың ауылшаруашылықты, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын өркендету және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі;
3. Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясының төрағасын сайлау туралы.

/ 18.04.2017/

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 57-2-бабының 1-тармағының


6) тармақшасына сәйкес, «Вектор-проект» ЖШС Қапшағай су қоймасының Солтүстік жағалауындағы «Демалыс базасының құрылысын салу» және «Спорттық ойын-сауық кешенінің құрылысын салу» жобалары бойынша жалпы жиналыс нысанында қоғамдық тыңдау өткізеді.
Жобаларға тапсырыс беруші «Фортуна и Ш» ЖШС, БСН 061 140 004 504. Қоғамдық тыңдау келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Қапшағай қаласы, 4-ші ықшамаудан, 30/1, 1-офис
Қоғамдық тыңдаудың өткізілу уақыты: 2017 жылғы 4 мамырда сағат 1100-де. Байланыс телефоны: 8-727-72-27-096; 8-777-724-05-55.

 

/ 17.04.2017/

Құрметті Қапшағай қаласының тұрғындары!

Санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру айлығы шеңберінде 8 сәуір күні бүкіл қалалық «Таза сенбілік» шарасы өтеді. Осы күні үй-жайларыңыздың айналасын тазартып, үй маңына тал отырғызуға шақырамыз.

 

/ 07.04.2017/

Қазахстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ИНФОГРАФИКАЛАРЫ

Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беруге жағдай жасау керектігі туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілген тапсырмасына сәйкес (https: //goo.gI/ bCO9KD).

Қапшағай қаласы ауыл шаруашылығы

бөлімі» ММ-нің  басшысы


/ 27.03.2017/

 

Барлық хабарландырулар>>

Қапшағай қаласының әкiмшiлiгi, 040800
Барлық құқықтар қорғалған © 2007-2017


Сайтты кұру және қолдау -
Ақпаратты пайдаланған кезде сайтқа сiлтеме жасау мiндеттi тұрде