Kapshagay.gov.kz

Жетісу жастарының конгрессі

Главная


Ағымдағы жылдың 29 күні әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру мақсатында қалалық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Жетісу жастарының конгрессі» ЖҚБ-і мен «Қалалық жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен №2 орта мектепте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қыз өссе елдің көркі» атты қыздарға арналған тренинг ұйымдастырылды. Тренингті №3 орта мектебінің психологі Солтанбекова Ботагөз Тарынбекқызы жүргізді. Жалпы семинардың мақсаты қазақ қыздарының бойына тән ұлттық салт-дәстүрді дәріптеу, отбасындағы тәрбие, ананың рөлі сияқты бағытта өткізілді. Семинар барысында қыздар 3 топқа бөлініп, арнайы психологиялық жаттығуларды орындап, өз жобаларын қорғады. Семинар соңында қатысушыларға арнайы тәрбиелік маңызы бар жаднамалар таратылып, отбасындағы ананың рөлін паш ететін видео-ролик көрсетілді. Бұл іс-шара қалалық ішкі саясат бөлімінің Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында өткізіп жатқан 6-шы іс-шара. Осыған дейін, «Көшбасшы - 2016» жастар сыйлығын табыстау рәсімі, «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты конференция, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қамту мақсатында «Қайырымдылық керуені» акциясы, «Мемлекеттік рәміздер – елдігімнің белгісі» атты вело-шеру және жастар арасында шағын футболдан жарыс өткізілген болатын. Ел Тәуелсізідігінң 25 жылдығына арналған ауқымды шаралар жыл соңына дейін жалғасатын болады.

 

 

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .