Kapshagay.gov.kz

Ата-аналарға кеңес 1- сыныпқа қабылдау ережелері туралы

Главная



 

                Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 Қаулысына сәйкес білім беру ұйымдары оқуға қабылдауды жүзеге асырады.
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін мынадай құжаттар қажет:
1) баланың заңды өкілдерінен  өтініш;
2) баланың тууы туралы куәлігің көшірмесі;
3) денсаулығының жайы туралы анықтама (медициналық төлқұжат);
4) тұрғылықты жерінен анықтама немесе тұрғын орнын растайтын өзге құжат;
5) мөлшері 3х4 фотосурет – саны 2 дана.
Бастауыш білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына түсетін балалардың  заңды өкілдерінен өтініштер қабылдау ағымдағы жылдың                          1         маусымынан 30 тамызына дейін жүргізіледі.
Білім алушыларды бастауыш білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау кезінде басшылар оқуға түсушілерді, олардың  заңды өкілдерін білім беру үдерісін ұйымдастыруды регламенттейтін Ережелермен, жарғымен және басқа да құжаттармен таныстырады.
Бастауыш білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына қабылдау кезінде емтихандар, тестілеулер, сынақтар (зачеттар), конкурстар  өткізілмейді.
Мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын немесе мектепалды даярлықтан өтпеген балалар үшін білім беру ұйымдары  оқу жылы басталғанға дейін (тамыз айында) даярлық курсын ұйымдастырады.

Қапшағай қаласының білім
бөлімінің бас маманы Т.Хавзар

 

 


"Қапшағай қалаcының білім бөлiмi ММ"


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .