Kapshagay.gov.kz

Облыстық «Үздік дефектолог-2017» байқауы 

Главная



 

            Алматы облысы білім басқармасы әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 28 наурызында дефектолог мамандар  мәртебесін арттыруда талантты, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, кәсіби шеберлігін көрсететін мамандарды айқындау үшін облыстық дефектологтар байқауы өткізілді. Байқауға  Қапшағай қаласынан Шеңгелді ауылындағы  Қ.Жалайыр атындағы  №6 орта мектептің дефектолог маманы Сехимбаева Бибигул Матовна қатысып жүлделі ІІ орынды иеленіп бағалы сыйлықпен марапатталды. Облыстық кезең 3 турмен өткізілді. Қатысушылар  бірінші турда өзін-өзі таныстыру тапсырмаларын орындаса, екінші турда дефектолог моделін,  үшінші турда сұрақ-жауапқа белсене қатысып кәсіби шеберлігін көрсетті. Бибигул Матовнаны жеткен  жетістігімен құттықтаймыз!

 


"Қапшағай қалаcының білім бөлiмi ММ"


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .