Kapshagay.gov.kz

НЗМ тәжірибесі таратылды

Главная



2017 жылдың  17 наурыз күні  Қапшағай қаласы «№4орта мектеп  мектепке дейінгі  шағын орталығымен» мемлекеттік коммуналдық мекемесінде қалалық білім бөлімі, республикалық «Өрлеу» ақпараттық порталы және Алматы қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің педагогтерімен бірлескен «Жаңартылған  білім  беру жүйесіндегі командалық оқыту негіздері»  тақырыбындағы республикалық семинар болып өтті.
Семинар  мақсаты мектептерде  жаңартылған  білім жүйесін   енгізуде  командалық сабақ өткізу  әдіс-тәсілдері  жайлы озық тәжірибемен  бөлісу болды. Алматы қаласындағы  химия-биология бағытындағы  Назарбаев  Зияткерлік   мектебінің   мұғалімдері  тарих пәні мұғалімі  Қарабекова Жанат Шеркуловна және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тлеубергенова Райхан Маратовна   командалық сабақ   өткізу   әдістемесі  негізіндегі    озық тәжірибесімен  9 сыныпта «Қазақстан мемлекетінің егемендігін жариялау» тақырыбында бөліссе, №4 орта мектептің тарих пәні мұғалімі Штанько Д.А.  және орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мурзагалиева А.К.6 сыныпта «Древняя Греция. Веков связующая нить...» тақырыбында командалық сабақ берді. Семинарға қатысушылармен Назарбаев  Зияткерлік   мектебінің   ұстаздары  тренингтер жүргізді.  “Жазылым тапсырмаларын жақсартудың жолдары” тақырыбындағы Тоқбаева Айнұр Елубаевна,  “Қазақ тілі сабағында медиақұралдарды қолданудың тиімділігі»  тақырыбында Байжұманова Айгүл Жумагазиновна, «Дифференциация немесе тиімді кері байланыс»  тақырыбында Капарова Кибаш Уаповна  өз тәжірибелерімен бөлісіп, озық идеяларды ортаға салып, білім сапасын арттыру мақсатындағы тиімді әдістерді  талқылады. Семинарға қатысушы мұғалімдер  оқу мен  оқытудағы  әдіс-тәсілдерге  талдау жүргізе отырып,  командалық оқыту, интеграциялық  карта жасау, ойлау дизайны  әдістерімен  танысты.  Семинар қатысушылары республикалық «Өрлеу» ақпараттық порталының алғыс хаттарымен,  дипломдарымен марапатталды.


"Қапшағай қалаcының білім бөлiмi ММ"


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .