Kapshagay.gov.kz

Кітапханашыларға арасында семинар өтті

Главная



   


Қапшағай қалалық білім бөлімінің жұмыс  жоспарына сәйкес  2017 жылдың 30 наурыз күні №3 қазақ орта мектебінде қала және аймақ мектеп кітапханашыларының білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайындағы іс-тәжірибесін жетілдіру, жас мамандарды үйрету мақсатында «Кітап оқу – мемлекет және жеке тұлға үшін құндылық» атты семинар ұйымдастырылып, өткізілді. Іс-тәжірибе бөлісуге кітапхана ісі жөніндегі әдіскер, барлық мектеп кітапханашылары, жас мамандары қатысты.
Семинардың іс-тәжірибе бөлімінде  орта мектеп-гимназия кітапханашылары Ш.Набиева мен Қ.Самылтырова «Оқырмандарды жетілдіреміз: кітап және кітапхана бала өмірінде» атты тақырыпта ұйымдастырылған кәсіби шеберліктерін бүгінгі білім берудің мазмұнын жаңарту жағдайындағы бағдарламасы бойынша жаңа технологиялар негізінде, жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдана отырып көрсетті. Баланы кітап оқуға қызықтыру мақсатында «Идеялар» парағы (идея ойлап табу), «Күңгірт мәтін» (әр топқа кітап беттерін үлестіріп, сол мәтіннің әрбір сөздерін алып өзі мәтін құру), «Кейвордтексагон» (белгілі бір шығарманың кілт яғни, түйін сөзін тауып сол шығарманы ашу керек, осыны әр топқа плакат пен түрлі түсті формада қиылған қағаздар беру арқылы жасайды) осындай қызықты әдістері арқылы тартуға болатындығын дәлелдеп берді.
№1 Алтынсарин орта мектеп кітапханашысы Т.Блинова Р.Киплингтің кітабы бойынша «Джунглилер кітабына саяхат», №2 гимназия кітапханашысы Е.Попова М.Әуезовтың «Еңлік—Кебек» трагедиясын рөлдер бойынша  радио арқылы тыңдау, №3 орта мектеп кітапханашысы Қ.Тоқсабанова М.Әуезовтың 120 жылдығына орай кітап көрмесін жасап, автордың шығармаларынан блиц-ойындар ұйымдастырды. №7 Кербұлақ ауылдық мектеп кітапханашысы Ж.Ақмамбетова өзінің көп жылдық еңбек жолындағы шығармашылық еңбектерімен бөлісті.
Кітап оқу мәселесі бүкіл ұлтты толғандыруы тиіс. Болашағымыз балалар десек, ал ұлттың рухани сауаттылығы кітап оқуға тікелей байланысты. Кітап оқитын бала белгілі бір мәселе төңірегінде тез шешім қабылдай алатын, есте сақтау, шығармашылық қабілеті жоғары, сөздік қоры бай, ойын еркін жеткізе алатын, елмен жақсы қарым-қатынас жасай білетіндігімен ерекшеленеді екен.
Ұлы ғұлама Сағди айтқан екен «Білімді игеріп, оны өмірге қолданбаған адам жерін айдап, дәнін екпеген дихан секілді» деп, семинардан алған заманауи әдіс-тәсілдерді кітапхана жұмысына қолдану кітапханашыларға керек дүние.


"Қапшағай қалаcының білім бөлiмi ММ"


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .