Kapshagay.gov.kz

Облыстық биология пәні мұғалімдері олимпиадасы

Главная



   

 

            Алматы облысы білім басқармасы әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 2017 жылдың 1 наурыз күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті базасында облыстың биология пәні мұғалімдерінің олимпиадалық күрделі және логикалық тапсырмаларды орындау әдістемесін жетілдіру және педагог мәртебесін арттыру мақсатында алғаш рет облыстық биология пәні мұғалімдерінің олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға Қапшағай қаласынан «№4 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ биология пәні мұғалімі  Кусаинова Салтанат Ержетбековна қатысып жүлделі І орынды иеленіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды.   Облыстық кезең 3 кезеңнен өткізілді. Қатысушылар теориялық кезеңде тест тапсырмаларын орындаса, сарамандық кезеңде практикалық білімдерін ортаға салып, үшінші шығармашылық кезеңде кәсіби шеберліктерін көрсетті. Салтанат Ержетбековнаны жеткен  жетістігімен құттықтаймыз!


"Қапшағай қалаcының білім бөлiмi ММ"


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .