Kapshagay.gov.kz

Республикалық бейнесабақ байқауы нәтижесі

Главная



   

 

2017 жылдың 28 наурызында  Астана қаласында  «Қазақстан -2050» стратегиясын орындау тұрғысынан мектептегі көптілділікті дамыту»  «Заманауи кітап – заманауи мұғалім – заманауи сабақ  - функционалды сәтті бала» атты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті, «Алматыкітап баспасы» ЖШС және «EDU Stream» білім беру компаниясымен бірлесіп  ұйымдастырған  халықаралық конференция жұмысына Қапшағай қаласынан орта мектеп-гимназияның  орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Аухадиева қатысып, әріптестеріне «Алматыкітап баспасынан» шыққан «Русский язык» жаңа буын оқулығы –оқушыларының тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым сияқты тілдік дағдыларын дамытудағы жетекші құрал» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша  1-сынып мұғалімдері арасындағы «Бірінші сыныпқа арналған бірыңғай базалық оқулықтар: ойнай отырып оқимыз» бейнесабақ көріністері Республикалық сайысының қорытындысы бойынша ІІІ орынды иеленіп, Дипломмен марапатталды.
Ләйла Пшенқызын жеткен жетістігімен құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!


"Қапшағай қалаcының білім бөлiмi ММ"


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .