Kapshagay.gov.kz

«Мектепке баратын қауіпсіз жол» атты қалалық акцияны өткізу туралы МӘЛІМЕТ

Главная



   

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының "Қауіпсіз жол" бекітілген жобасы бойынша 2017 жылдың 2 наурызда Қапшағай қалалық прокуратураның бастамасымен қалалық білім беру бөлімімен және жергілікті полиция қызметімен, патрульдік – бекеттік қызметімен бірлесіп «Мектепке баратын қауіпсіз жол» атты қалалық акциясы өткізілді. Бұл акцияға қалалық білім беру мекемелерінің жол қозғалысының жас инспекторлары және полицияның жас көмекшілері қатысты.
Акцияның басты мақсаты - жол – көлік оқиғаларының өзектілігін түсіндіру, сондай ақ, балаларға жол жүру ережесілерін кеңінен насихаттап, практикалық негізінде оқыту. Статистикалық мәліметтер бойынша осы қарапайым үрдістерді білмеудің салдарынан балалардың өліміне әкеп соқтырып жатқаны мәлім.
Сондықтан, құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасында қарапайым сақтық шараларын ұйымдастыру, олардың қауіпсіздігін үнемі ата-ана, дер тарапынан қадағалануы қажет.
Құқық бұзушылық – жасөспірімдердің проблемасы қазіргі заманғы қоғамда қарама – қайшы әрі күрделі. Өкінішке орай, заңға қарсы жасалған әрекеттер ауыр, әрі түзеуге келмейтін қиын зардаптарға әкеліп соқтыратынын жасөсіпірмдердің бәрі түсіне бермейді. Заңды аттамай, тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мемлекетінің патриоты бола алатыны анық. Сондықтан заңды білу – заман талабы.


"Қапшағай қалаcының білім бөлiмi ММ"


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .