Қапшағай қалалың білім беру мекемесі

 

Тәуелсіз елім нұр елім

 

Сен тәуелсіз болғанда,

Секілденіп балақай.

Қуанғаннан деп жар салдық алақай.

Шаттық керген басымызға симай қап,

Аспанға ұшты малақай

 

Иә, уақытқа шектеу бар ма? Тәуелсіз елдің тұғыры тігілгенде дәл осылай қаншама ақын керемет жыр төгіп еді. Бостандық дейтін боз қыранның самғауына сан қиналыстардан қанатымыз қайырылып әрең жеткеніміз ешқашан ұмытылмайды. Жеңістің өзі жеңілістерден тұрмай ма? Қазақ болып ту тіккен ұлы күннің артында сонау сақ, сармат, якут, қыпшақ тайпасынан бергі ел билеген хандар, жерімізге көз тіккен басқыншыларға жойқын қақтығыста, білектің күшімен, найзаның ұшымен жеңілмес қайрат көрсеткен қазақ батырлары, одан бергі Ұлы Отан соғысы , тәуелсіздік үшін орыс солдатына шашын жұлғызып  шүйдесіне соққы ұрғызған  желтоқсан құрбандарының ерлігі менделеп  тұр. Тарихқа тағзым  етпесіңе уәжің жоқ.    Егеменедік алып Қазақстан мемлекеті болып құрылдық. Халқымыздың сан ғасырғы арманы орындалып, елбасы болып Нұрсұлтан Әбшұлы Назарбаев сайланды. Содан бергі үақытта өндірісіміз өркендеп, өркениетіміз алға жылжып келеді. Саналы жылдар оң нәтижесін беріп еліміз әлемге танылып, елбасымыз шет мемлекеттер сыйлайтын құрметті адам қатарына қосылды. Мұның өзі біз үшін үлкен жетісітк еді. Астана қаласының Азия орталығына айналуы мықтылығымыздың өз қырынан көрсетті. Отандық өндірістің арқасында шетелге жүгінбей алыстан арбалаулады доғарып, жақыннан дорбаллауға көштік.

Ғылым, білім, мәдениетіміз бен әдебиетіміз  тарылмай дамып келеді. Шәкіртке сапалы білім беруде шетелге барып оқу жолына мемлекетіміз зор мүмкіндіктер жасап отыр. Білім мен ғылым даму қарқындау үстінде. Білім беру саласындағы соның ішінде мектептерде олимпиадалар, жүлделі орындар, “Алтын белгі”, гранттар т.б жыл сайын көбейіп, елбасымыздың сапалы білім беру жүйесінде жастардың болашағы басты назарда тұр. Сол бағыт пен жүйені берік ұстанған Қапшағай қаласының білім беру мекемелері жыл сайын бүкіл бағыттағы жүлделерді қанжығасына салады. Бірер жетістіктерімізді айта кетсек “Талантты тану- қабілет, танымау-қиянат”- демекші шәкірттерінің бойына жылт еткен сәулені тұтатып, білімнің шамшырағын жаға білген ұстаздарымыздың жемісі №3 қазақ орта мектеп оқушысы Каденов Ринат Удмуртия мемлекеті Ижевск қаласындағы өткен Халықаралық “ГЛЮОН” турнирінің жеңімпазы атанып келген. Жыл сайынғы дәстүрімізді биыл мектеп гимназия Кипр қаласында өткен Халықаралық олимпиадада еліміздің еңсесін биік көтере білді. Облыс көлеміндегі 7 үміткердің ішінен Қожабекова Маржан 1 дәрежелі диплом иегері атанып жеңімпаз болып оралды.

         Елбасымыздың халыққа жолдауындағы 100 аурухана, 100 мектеп саясаты жүзеге асырылып отыр десек қателеспейміз. Сол жолдаудың бір бағытын Алматы облысының Қапшағай қаласында өз орынын тапты. Көптен аңсаған қапшағайлықтар 1200 орынды қазақ мектебінің тұсауын облыс әкімі Серік Әбікенұлы Үмбетов кесті. Әрине құптайтынымыз мектептер салынып ауруханалар көбейе берсін. Ана мен балаға қамқор болу мақсатында берілер жәрдемақыға көңіл бөлген елбасы бағдарламасының  қуандырып жатқан жайы бар. Алдымызға қойған үлкен мақсат қай салада болсын, алдағы дамыған бәсекелес 50 елдің қатарына ену жолындағы сіңірер еңбегімізде болғалы отыр. Бұл біздің біліктілігімізді ұштар барыс елдігіміздің қайратты табысы мен алға қадамы болмақ.

Иә, халқымыздың қашанда қанына біткен қасиеті қанағатшылық емес пе? Қолда барды қанағат тұтып,  жеріміздің сүттей ұйыған береке-бірлігі мен бейбіт күнімізге тәуба деп келеміз. Шет жерде болып жатқан атыс-шабыстардан ата-бабалар күрескен ұрыстардан ендігі ұрпағымыз аман-есен еш ұрыссыз өмір сүрсе екен дейміз. Міне осы жолданып ұстап отырған елбасымызға айтар алғысымыз көп. Ғұмырымыз саналылықпен сабақтассын десек, салауатты өмір салтын таңдайық, ағайын. Бұл да бір қиындықпен келген тәуелсіздігімізге құрмет көрсету деген сөз.

 

 

 

 

Қапшағай қалалық білім бөлімі

Жанбота Тоқайқызы

 

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .