Kapshagay.gov.kz

  «Текті сөздің төресі-терме»

Главная


Алматы облысының тілдер дамыту жөніндегі басқармасының қолдауымен 2017 жылдың 22-ші тамызында Талдықорған қаласында орналасқан, Тіл сарайында «Текті сөздің төресі-терме» облыстық жыршы-термешілер байқауы өтті. Сайысқа Алматы облысы бойынша барлық аудандардан 16 үміткер қатысты. Олардың арасында кәнігі жыршы-термешілер мен өнер әлеміне енді аяқ басып келе жатқан жастарда өздерінің өнерін ортаға салды. Байқау қатысушлары үшін ұсынылған тақырптар: «Ел бірлігі туралы», «Алашорданың 100 жылдығы туралы», «Қазақстан халқын топтастырудағы тілдің маңызды рөлі туралы» тақырыптарды қамтыды. Байқаудың негізгі бөлігінде жыршы- термешілер өз өнерлерін ортаға салып, бір-бірінен осал еместігін көрсетті. Алайда «жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» дегендей, үздіктер анықталып, қатысушылардың барлығына ақшалай сыйлықтар тапсырылды. Үшінші орын Алматы облысы, Қапшағай қаласынан Жұмабай Сауле , Екінші орын Алакөл ауданынан Ексілов Рауан, Бірінші орын, Еңбекшіқазақ ауданынан Искаков Жұлдыз, Бас жүлдені Қарасай ауданынан Абдрахманов Нариман иеленді.

 

 



Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .