Kapshagay.gov.kz

 Қазақстан халықтарының бірлігі күні


 



«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай қалалық алаңда мерекелік жиын сонымен бірге театрландырылған көрініс  және  концерттік бағдарлама  өтті. 
«Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.
Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар  атаулы мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетті. Концерттік бағдарламаға қалалық этно-мәдени бірлестіктерімен бірге С.Аронұлы атындағы  облыстық филармонияның әншілері, халықтық ансамбльдер, балалар шығармашылық орталығы, №32363 әскери бөлімінің әншілері мен  қала өнерпаздары белсене қатысты.
Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады. 1 мамыр – Қазақстандағы 25 жылда құрған негізгі мереке. Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!


Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .