Kapshagay.gov.kz

  «Жолда қабылдау" акциясы


 


      


ҚР Президенті Н.Назарбаевтың "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәскеге қабілеттілік" атты 2017 жылғы жолдауы және "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласын насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін және жол қозғалысы қауіпсіздік ережесін түсіндіруге бағытталған "Жолда қабылдау" акциясы Қапшағай қаласының Ішкі істер бөлімінің алаңында 19 мамыр күні сағат 10.00-де өткізілді. Акцияның ұйымдастыруына "Нұр Отан" партиясы, ішкі істер бөлімі, мәдениет үйі ұжымдары атсалысты. Акцияға «Нұр Отан» партиясының, ішкі істер бөлімі қызметкерлері құрамындағы насихат тобының,  қоғамдық, жастар ұйымдарының және БАҚ өкілдері қатысты.
Акция барысында шараға келген барлық  азаматтарға  білікті құқықтық көмек көрсетіліп тиісті кеңестер мен заң аясында түсіндірулер берілді.

 


Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .