Kapshagay.gov.kz

  Мемлекеттік рәміздер -  ел беделі


 


                                       

        Биыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  рәміздеріне 25 жыл толуына орай, Шеңгелді ауыл кітапханасының ұйымдастыруымен, маусым айының 2 жұлдызында «Рәміздер ел беделі» атты тақырыбында патриоттық сағат  болып өтті. Шараны кітапхана меңгерушісі А.Раисова алғы сөз сөйлеп, шара қонақтарын мерекемен құттықтады.
Мерекелік шараға №6 орта мектептің 10 сынып оқушылары қатысып, олар қазақ елінің Әнұранын орындап, Д.Абдикаримова  мен  Н.Ауғанбай  белгілі ақыны  Оразақын Асқардың «Рәміздер», «Көк туым», және т.б. өлеңдерін жатқа айтып, оқып берді. Кітапханашы А.Актанова кеш қонақтарына еліміздің нышандары туралы мәлімет беріп, шараны әрі қарай жалғастырды.
Кітапханада кең көлемде «Рәміздер ел беделі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, «Менің Отаным Тәуелсіз Қазақстан», «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің қалыптасу тарихы»,
Е. Шаймерденовтың «Қазақ елінің рәміздері», т.б. әдебиеттері таныстырылып, пайдалануға берілді.

 

А.Раисова,
Шеңгелді ауылдық кітапхана меңгерушісі

 

 


Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .