Kapshagay.gov.kz

Кітапхананың экологиялық ағартушылық жұмысы


 


Оқырмандар арасында экологиялық ағарту жұмысын жүргізу – қалалық кітапхана қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Кітапхананың кітап қорында экология тақырыбындағы материалдар мен оны оқырмандарға ұсынудың жұмыс тәжірибесі жинақталған. Қала тұрғындарына экологиялық ағартушылық жұмыс жүргізуде жұмыстың көптеген түрлері қолданылады: дәстүрлі кітап көрмелерінен бастап байқау, ойын шараларына дейін.
Қалалық кітапхана биолог, эколог педагогтерге, өлкетанушыларға, экологиямен қызығып айналысушыларға жеке ақпараттық қызметтер ұсынады. Ақпарат ұсынуда кітаптардан өзге жергілікті, республикалық және т.б. мерзімді басылымдарда жарық көрген жарияланымдарға көңіл бөлінеді. «Қазақстан экологиясы», «Қазақстан қорықтары», «Табиғат және біз» тақырыптарындағы папкаларда   оқырмандар арасында көп сұралатын өзекті тақырыптарға арналған мақалалар жинақталған.
«Экология» картотекасында Қазақстан, қала экологиясы туралы газет-журнал мақалалары енгізілсе, электронды мәліметтер базасында экологиялық құжаттар жинақталған.
Мектеп оқушылары арасында «Табиғат достары» атты экологиялық ойын, жасөспірімдердің экологиялық ағартушылығын  арттыруға көмек ретінде  «Қорғап сақтайық» атты экологиялық лекторий ұйымдастырылды. Экологиялық бағыттағы байқаулардың, экологиялық сабақтардың, білімгерлер турнирлерінің, шолулар мен әңгімелердің балалар мен жастарға берері көп болды.
Оқырмандарға қызмет көрсететін орындарда әдемі бөлме гүлдерінің композициялары қойылған. Бұлардың жанында оқырмандармен үнемі әңгімелер, мастер-кластар өткізіледі.
Кітапханада өтетін экологиялық бағыттағы іс-шаралардың мақсаты -әлемдегі экологиялық жағдайды түсіндіру,  экологиялық мәселелерге, айналамызда өсетін тірі табиғатты сақтауға назар аударту, сондай-ақ табиғат туралы әдебиеттерді таныстыру болып табылады.

 

Директордың м.а.       Д.Жолымбетова

 

 


Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .