Kapshagay.gov.kz

Әйел – тіршіліктің қайнар бұлағы


 


 

Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл – бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.
Айтулы мерекеге орай, ағымдағы жылдың 3 наурыз күні қалалық кітапхана ұжымының ұйымдастыруымен «Әйел-тіршіліктің қайнар бұлағы» атты іскер әйел портреті кеші өткізілді. Кеш қонақтары ретінде қаламыздың ең ірі жеке кәсіпкер әйелдері шақырылды. Атап айтар болсақ: «Элит», «Орион» атты мейрамханалары мен «Элита» сән салонының, 2016 жылы ашылған «Айша сити» базарының, кондитерлік цехінің тізгінін қолында ұстап отырған Р.Пидаевна Абдусатарова, ЖК «Пронченко» ательесінің басшысы Галина Александровна Пронченко, «Бизнес Дайджест» газетінің, «Бизнес Дайджест Капшагая» телефон анықтамалығының, «Солнечный город» журналының, тоқсандық жарнамалық брошюрасының бас редакторы Сандуғаш Мэльсқызы Айсағалиева, «Д-Люкс» авторлық жиһаз цехінің басшысы Людмила Валерьевна Дроботова, ЖК «Қалжанова» және «Ғибрат» қоғамдық бірлестігінің басшысы Жанат Медетқызы Қалжановалар болды.
«Қапшағай қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің басшысы Б.К. Шәйкенова, «Әжелер» ансамблі, «Жастар» ресурстық орталығының директоры Е.Е.Нұрпейсов пен кеңесшісі Д.Нұрқасым мерекелік құттықтаулармен игі тілектерін айтты.
«Бизнес вумен осындай» бөлімі бойынша слайд арқылы іскер әйелдер туралы толыққанды ақпарат беріліп, кеш қонақтарына «Жауап бер» айдарымен дайындалған арнайы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, отырған көрермендерге мастер класс өткізіліп, Г.А.Пронченко 3-4 минут аралығында кешкі кездесуге баратын қыздың киімін лезде дайындаса, Л.В.Дроботава слайд арқылы өзінің авторлық жиһаз құруды, Ж.Қалжанова қазақтық ою-өрнегін нақышына келтіре ойып, құрақ көрпенің дайындалуын көрсетті.
Жергілікті әнші А.Мәдиева мен№ 3 орта мектептің 5 «А» сынып оқушылары А.Жансеркенова, Е.Мұхаметқан, Д.Базарбай орындаған әсем әндер ерекше әсерлі көңіл күй сыйлады. Кеш қонағы С.М.Айсағалиева барлық көрермендер мен қонақтарға арнайы көктемдік «Ароматы счастья» атты брошюралық кітапшаларын сыйғы тартты.
Кеш соңында кітапхана директорының м.а. Д.Н.Жолымбетова қатысушы қонақтарға қызғалдақ гүл шоғын сыйлап, барлығын құттықтап, қорытындылады.

 


Тiлдердi дамыту бөлiмi


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .