Kapshagay.gov.kz

2016 жылға Қапшағай қаласының жергілікті атқарушы органдарының бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау бойынша түсініктеме жазба


<<Негiзгi


Тиімділікті бағалау критерийлер бөлінісінде мыналар:
 
1) «Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру» критерийі бойынша  
Қапшағай қаласы бойынша 2016 жылғы түзетілген бюджет  937162,0 мың теңге көлемінде құрады, төленген міндеттемелер 937161,4 мың теңге, немесе даму бюджетінің орындалуы 100% құрады.
Оның ішінде:
Қаланың құрылыс бөлімі бойынша   
467 024 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бағдарламасы бойынша  түзетілген  бюджет  жоспары 12230,0 мың теңге құрады, игерілгені 12229,7 мың теңге, немесе 100%, қалған игерілмеген қаражат  0,3 мың теңге.  Оның ішінде: Ақөзек ауылында 120 орындық орта мектеп құрылысына жобалау-іздестіру жұмыстарын әзірлеуге - 10476,0 мың теңге, «Ақөзек ауылында 120 орындық орта мектеп салу» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге – 1754 мың теңге;
- 467 004 015 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» бағдарламасы бойыншатүзетілген бюджет жоспары  22723,0 мың теңге құрады,  игерілгені қаржы 22723,0 мың теңге, немесе 100%. Оның ішінде: Қапшағай қаласындағы 12 «А» ш.а. жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру - 22723,0 мың теңге;
- 467 004 032 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру»бағдарламасы бойынша түзетілген бюджет 575550,0 мың теңге құрады, игерілгені  575549,9 мың теңге немесе 100%, қалған игерілмеген қаражат  0,1 мың теңге. Оның ішінде: Қапшағай қаласында 12 «А» ш.а. инженерлік-коммуникациялық жүйелерін салу – 204511,0 мың теңге, Қапшағай қаласында «Арна» ш.а. инженерлік-коммуникациялық жүйелерін салу – 371039,0 мың теңге;
- 467 119 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс-шаралар өткізу» бағдарламасы бойынша түзетілген бюджет 300000,0 мың теңге құрады, игерілгені  300000,0 мың теңге немесе 100%. Оның ішінде: Қапшағай қаласында «Арна» (2-кезек) ш.а. жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу – 150000,0 мың теңге, Қапшағай қаласында 12 «Б» ш.а. жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу – 150000,0 мың теңге;
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімі бойынша
- 487 029 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бағдарламасы бойыншатүзетілген  жоспар 20749,0 мың теңге, игерілгені  20748,8 мың теңге, немесе 100%, қалған игерілмеген қаражат  0,2 мың теңге. Оның ішінде: Заречный ауылының кәріз тазарту қондырғысын жаңғырту және құрылысына ЖСҚ әзірлеу – 10000,0 мың теңге, Қапшағай қ. кәріз тазарту қондырғысын жаңғырту және құрылысына ЖСҚ әзірлеу – 10000,0 мың теңге, Арна кентіндегі ұңғымалық тоғанды реконструкциялауға ЖСҚ әзірлеу (түзету) – 749 мың теңге;
Ішкі саясат бөлімі бойынша

  •  456 065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталды ұлғайту» бағдарламасы бойыншатүзетілген бюджет 5910,0 мың теңге құрады, игерілгені 5910,0 мың теңге немесе 100%. Оның ішінде: "Қапшағай Тыныс" ЖШС-ның жарғылық капиталды ұлғайту және құру – 5910 мың теңге.

2) «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнама бұзушылықтарының болмауы» критерийі бойынша:

2016 жылдың 01 қаңтар - 2017 жылғы 01 қаңтар аралығында  Алматы облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясымен  «Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы  бөлімі», «Қапшағай қаласының құрылыс  бөлімі» және «Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі»  бойынша тексеру жүргізілмеді.

3) «Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары енгізген ден қою актілерін орындау бойынша қабылданған (іске асырылған) шаралар» критерийі бойынша

4) «Мемлекеттік органның ішкі бақылау қызметінің бюджет қаражатын басқару жөніндегі қызметі және олардың ұсынымдарын орындау жөніндегі шаралар» критерийі бойынша
Ішкі бақылау қызметімен тексеру жүргізілмеді.

5) «Шығыстардың бекітілген көлеміне қарағанда бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі» критерийі бойынша
Қапшағай қаласы бойынша бекітілген даму бюджеті  937162,0 мың теңге құрады,  бюджетті нақтыланған кезінде қаражаттың  қайта бөлінуі  қарастырылмаған.  

6) «Бюджетті атқару жөніндегі ұйымдастыру шаралары» критерийі бойынша:
Мемлекеттік сатып алу жылдық жоспары тармақтарының жалпы санына қарағанда мемлекеттік сатып алу жоспарының орындалған тармақтары санының үлесі 100% құрады.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының жалпы көлеміне қарағанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының орындалған тармақтарының бюджеттік қаражаты көлемінің үлесі 100% құрады.
Қапшағай қаласы бойынша 2016 жылы бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту фактілері болмаған.
          Объектілерді белгіленген мерзімде өткізуі 2 бағдарлама бойынша қарастырылған.  2016 жылы жоспарланған 1 объектіден   уақтылы  пайдалануға 1 объект берілді. 

 
7) «Бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу» критерийі бойынша

         Жалпы қала бойынша бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу көрсеткіш  100% құрады. Бағалау 6 бағдарлама бойынша жүргізілді, оның ішінде 6 бағдарлама бойынша бюджеттік бағдарламаның тікелей нәтижелеріне қол жеткізу көрсеткіші 100% құрады.  

 

  8) «Бюджеттік бағдарламалардың тікелей нәтижесінің серпіні» критерийі  бойынша
Қапшағай қаласының тікелей нәтижелерге қол жеткізу  қорытынды бағалауы бойынша 2015 жылы көрсеткіш 100% құрады, 2016 жылы  - 100,0% өткен жылмен салыстырғанда өзгеріс 0% құрады.

   
9) «Бюджеттік бағдарламалардың нәтижелігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы» критерийі бойынша

  • Қапшағай қаласының құрылыс бөлімі (467)

- 024 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау»
бюджеттік бағдарламасында келесі көрсеткіш нәтижелері қарастырылған:
- тікелей нәтиже көрсеткіші - 100%
- түпкілікті нәтиже көрсеткіші 100%
- сапа көрсеткіші - 100%
- тиімділік көрсеткіші - 100%.
- 004015 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру»  бюджеттік бағдарламасында келесі көрсеткіш нәтижелері қарастырылған:
-тікелей нәтиже көрсеткіші- 100%
-түпкілікті нәтиже көрсеткіші- 100%
-сапа көрсеткіші- 100%
-тиімділік көрсеткіші- 100%.
- 004032 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру» 
бюджеттік бағдарламасында келесі көрсеткіш нәтижелері қарастырылған:
- тікелей нәтиже көрсеткіші - 100%
- түпкілікті нәтиже көрсеткіші 100%
- сапа көрсеткіші - 100%
- тиімділік көрсеткіші – 100%.
- 119 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс-шаралар өткізу»
бюджеттік бағдарламасында келесі көрсеткіш нәтижелері қарастырылған:
- тікелей нәтиже көрсеткіші - 100%
- түпкілікті нәтиже көрсеткіші - 100%
- сапа көрсеткіші - 100%
- тиімділік көрсеткіші - 100%.

    2.   Қапшағай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі (487)
- 029 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» стратегиялық жоспарында келесі көрсеткіш нәтижелері қарастырылған :
- тікелей нәтиже көрсеткіші – 66,7%
- түпкілікті нәтиже көрсеткіші 100,0%
- сапа көрсеткіші - 100%
- тиімділік көрсеткіші – 100,0%.
        

  • Қапшағай қаласының ішкі саясат бөлімі (456)

 - 065 «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталды ұлғайту»
бюджеттік бағдарламасында келесі көрсеткіш нәтижелері қарастырылған:
-тікелей нәтиже көрсеткіші- 100%
-түпкілікті нәтиже көрсеткіші- 100%
-сапа көрсеткіші- 100%
-тиімділік көрсеткіші- 100%.

 

10) «Бюджеттік бағдарламаны орындаудың тиімділігі» критерийі бойынша
Қала бойынша бюджеттік бағдарламаларының орындаудың тиімділігі 100,0%  құрады, оның ішінде:  
467 024 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру объектілерін салу және реконструкциялау» бюджеттік бағдарламаны орындаудың тиімділігі 100% құрады. Осы бағдарлама бойынша «Ақөзек ауылында 120 орындық орта мектеп құрылысына жобалау-іздестіру жұмыстарын әзірлеу» және «Ақөзек ауылында 120 орындық орта мектеп салу» жұмыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу» жобалары өткізілді.
467 004 015 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру»  бойынша бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі 100% құрады. Осы бағдарлама бойынша «Қапшағай қаласындағы 12 «А» ш.а. жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру» 1 объектісі өткізілді.
467 004 032 «Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалау, дамыту және (немесе) жайластыру»  бойынша бюджеттік бағдарламаның орындалу тиімділігі 100% құрады. Осы бағдарлама бойынша «Қапшағай қаласындағы 12 «А» ш.а. жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыру» 1 объектісі өткізілді және «Қапшағай қаласында «Арна» ш.а. инженерлік-коммуникациялық жүйелерін салу» жұмыстарының аяқталуы 2017 жылға қарастырылған.
467 119 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резерві есебінен іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша орындалу тиімділігі  100% құрады. Осы бағдарлама бойынша 2 объект «Қапшағай қаласында «Арна» (2-кезек) ш.а. жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу» және «Қапшағай қаласында 12 «Б» ш.а. жеке тұрғын үй құрылысы үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу» жұмыстарының аяқталуы 2017 жылға қарастырылған. 
487 029 «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту» бюджеттік бағдарламаны орындаудың тиімділігі 66,7% құрады, осы бағдарлама бойынша «Арна кентіндегі ұңғымалық тоғанды реконструкциялауға ЖСҚ әзірлеу (түзету)» жобасы өткізілді, «Қапшағай қ. кәріз тазарту қондырғысын жаңғырту және құрылысына ЖСҚ әзірлеу» жобасы бойынша Алматы облысының қаржылық бақылау инспекциясы 2016 жылғы 27 қазанда №998 хабарламасына сәйкес І санатты лицензиясы жоқ әлеуетті өнім берушілер негізсіз конкурстық құжаттама және біліктілік талаптарына сəйкес деп табылғандықтан мемлекеттік сатып алу конкурсы тоқтатылды. Бұл жобаға бөлінген қаражат №963 20.12.2016 ж Қапшағай қалалық әкімдігінің қаулысы негізінде "Заречный ауылының кәріз тазарту қондырғысын жаңғырту және құрылысына ЖСҚ әзірлеуге" аударылған  және  «Заречный ауылының кәріз тазарту қондырғысын жаңғырту және құрылысына ЖСҚ әзірлеу» жобаның аяқталуы 2017 жылға қарастырылған.
456 065  «Заңды тұлғалардың жарғылық капиталды ұлғайту» бюджеттік бағдарламаны орындаудың тиімділігі 100% құрады, осы бағдарлама бойынша "Қапшағай Тыныс" ЖШС құрылды, жаңа жұмыс орындары ашылды.

11) «Дебиторлық берешектің болмауы» критерийі бойынша
Қапшағай қаласы бойынша даму бюджеті дебиторлық берешегі 2016 жылдың 1 қаңтарына және 2017 жылдың 1 қаңтарына болған жоқ.

12) «Кредиторлық берешектің болмауы» критерийі бойынша
Қапшағай қаласы бойынша даму бюджеті дебиторлық берешегі 2016 жылдың 1 қаңтарына және 2017 жылдың 1 қаңтарына болған жоқ.

 

Қосымша 2 .rar 31 kb>>>

 

Қапшағай қаласының әкімі                                    Т.Қайнарбеков

Қаржы бөлімінің басшысы                                               Е.Қожахметов

 

 

/10:00 02 наурыз 2017 ж./   

"Қапшағай қалалық қаржы бөлімі"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .