Kapshagay.gov.kz

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 97-98 қадамдары несімен тиімді


<<Негiзгi


 

        Қапшағай қаласында екі ауылдық округ және сол ауылдық округтерге қарасты елді-мекендер орналасқан. Аталған ауылдар мен елді-мекендерде уақытылы шешімін таппай келе жатқан мәселелер бар. «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 97 және 98 қадамдары негізінде жоғарыда баяндалған мәселелер уақытылы өз шешімдерін табатын болады.
       Атап айтқанда, ауылдың ішкі мәселерін шешу үшін бюджеттен қаржының бөлінгенін күтпей-ақ, ауыл әкімдігінің жанынан құрылған қоғамдастық кеңесті жинап, өзекті деген мәселелердің шешімін табуға болады. Ол үшін арнайы Қазақстан республикасының қаржы министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы №195 бұйрығы шығып, округ аумағында тіркелген жеке тұлғалардың төлем көзінен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығы, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын мүлік салығы, жер учаскесі округ аумағында орналасқан жеке тұлғалардан алынатын, елді мекендер жерлеріне салынатын жер салығы, жеке тұлғалардан алынатын, көлік құралдарына салынатын салықтары арнайы ашылған қолма-қол ақшаны бақылау есеп шотына аударылады. Онымен қоса мүлікті жалдаудан, сыртқы көрнекі жарнамадан, әкімшілік құқық бұзушылық үшін салынатын айыппұлдар, жеке және заңды тұлғалардан ерікті алымдар және басқада көздерден түсетін өзгеде түсімдерде осы есеп шоттарда шоғырланып, кеңестің талқылауымен ауылды абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру, қоқыстарды шығару, жерлеу орындарын күтіп ұстау, мәдени немесе спорттық іс-шаралар ұйымдастыру және тағы басқада өзекті мәселелерді шешуге арнайы ашылған есеп шоттан қаражатты жұмсауға жол ашылды.

 

 

/12:15 28 желтоқсан 2016 ж./   

"Қапшағай қалалық қаржы бөлімі"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .