отд. финансов

Қапшағай қалалық бюджеті бойынша 2007 жылы


1.Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер.

    Қапшағай қалалық бюджеті бойынша 2007 жылы жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерге 98344,2 мың қаржы бөлініп, ол 99,9 пайызға игерілді. Оның ішінде:

Маслихат аппараты қызметін қамтамасыз етуге 8921,0 мың теңге қаралып, ол 8919,4 мың теңгеге игеріліп нақтыланған жоспар 100 пайызға орындалды. Маслихат аппаратының МТБ-сын нығайтуға 492,3 мың теңгеге екі комплект офистік жиһаз алынды.

Қала әкімі аппаратының қызметін қаматамасыз етуге 59092,6 теңгеге игеріліп нақтыланған жоспар 100 пайызға орындалды.Әкім аппаратыныңМТБ-сын жарақтыруға 5345,0 теңге бөлініп 100 пайызға игерілді.Оған бір автокөлік және екі комплект жиһаз, компьютерлер сатып алынған. 16000,0 мың теңгеге әкім аппараты ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Оның ішінде автокөлік 2998,0 мың теңге, офистік жиһаз 1314 ,0 мың теңге 3 комплект, компьютерлер 925,0 мың теңге 4 комплект және 2 кондиционер 108,0 мың теңгеге сатып алынды.

Ауылдық округ әкімі аппаратының ұстауға 12851,0 мың теңгеқаралып, 12850,1 мың теңгеге немесе 100 пайызға орындалды. Ауылдық округ аппаратының МТБ-сын жарақтыруға 2050 мың теңге бөлініп, толығымен 100 пайызға игерілді. Оған алты комплект компьютер 1060,0 мың теңге, офис жиһазы 3 комплект 990,0 мың теңгеге сатып алынды.

Қалалық қаржы бөлімі аппаратын ұстауға 11926,0 мың теңге қаралып, толығымен 100 пайызға игерілді. Бөлім аппаратының жарақтандыруға 2150,0 мың теңге бөлініп, оған автокөлік сатып алынды.

Экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі аппаратына 5560,0 мың теңге бөлініп, 100 пайызға игерілді. Осы бөлімінің МТБ-сын жарақтандыруға 320,0 мың теңге бөлініп, толығымен жұмсалынды. Оған  2 комплект компьютер сатып алынды.

2.Қорғаныс
Жалпыға бірдей әскери міндетті атқару шеңберінде әскери міндет атқарушылар тасмалдарына 260,0 мың теңге қаралып, толығымен игеріліп, 100 пайызға орындалып, әскер қатарына шақырылушылар тасымалдау жұмыстарына жұмсалынды.

3.Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік.
Осы бағдарлама бойынша елді мекендерде жол жүру қозғалысын реттеуге 5800,0 мың теңге бөлініп, толығымен 100 пайызға игерілді.

        Бұл қаржыға Қапшағай қаласы ішіндегі Алматинская және Қойшыманов көшелерінің қиылысытарына бағдаршам қондырғылары 4400,0 мың теңгеге орнатылып, 500,0 мың теңге жол белгілері, 200 шаршы метр жол кедергілері, 500,0 мың теңгеге жасалынып, орнатылды.

4.Білім беруге.
Білім беру бағдарламасы бойынша 2007 жылы жоспар 1146808,7 мың теңге игеріліп, 99,9 пайызға орындалды. Қала бюджетінен 1 бастауыш, 13 орта, 3 кешкі мектеп, 2 балабақша, 1 жасөспірімдер өнер мектебі қаржыландырылады.

Білім мекемелерінің қызметкерлерінің еңбек ақылары Қ.Р.Үкіметінің № 41 қаулысымен есептелініп уақытылы айма-ай төленіп отырылды. Еңбек ақы мен қосымша төлемдерге барлығы 475220,0 мың теңге жұмсалынды. Оның ішінде 25 пайыз ауылдық жер коэфицетіне 18019,2 мың теңге төленді.

Бұдан тысқары 2 балабақшаға 37024,5 мың теңгеге қаржы бөлініп, 100 пайызға игерілді. «Гүлдер» және «Искорка» балабақшаларының МТБ нығайтуға 3250 мың теңге бөлініп, оған жиһаз, төсек, жұмсақ төсек, комплектілер алынды.

Мектептердің күрделі жөндеу жұмыстарына   70657,1 мың теңге бөлініп, 100 пайызға игерілді.Олар:
№ 1 Қазақ орта мектебінің шатырына 4350,0 м.т. күрделі жөндеу
жұмыстарын «Отау құрылыс» ЖШС жүргізді.
№5 Қапшағай қаласы орта мектебінің шатырын 9491,3 мың теңге күрделі жөндеуге бөлініп, ол жұмысты ЖШС «Отау құрылыс».

№8 «Сарыбұлақ орта мектебі шатырының күрделі жөндеуіне 7372,0 мың теңге бөлініп, ол жұмысты «Атакент-1» ЖШС жүргізді.

№3 Қапшағай орта мектебінің бастауыш сыныптар оқитын ғимарат шатырын да 7000,0 мың теңгеге «Атакент-1»ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қапшағай қаласы №4 орта мектебінің жылу жүйесінің күрделі жөндеу жұмыстарына 10397,8 мың теңге бөлініп, ол жұмысты «Эволюкс» ЖШС жасады.

№6 «Жалайыр» орта мектебі бос қалдық есебінен 32046,0 мың теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді. Жұмысты «Атакент-1» ЖШС жүргізді.

Бұдан тысқары келесі жылға 4 білім беру мекемелерінің проект сметалық құжаттарын әзірлеуге 274,0 мың теңге 30 пайыз алдын ала төлем аударылды. Олар: №5-ші Қапшағай орта мектебі, №1 Қонаев орта мектебі, №4 Қапшағай және №8 Сарыбұлақ орта мектептері.

Білім бөлімі аппаратын ұстауға 7401,0 мың теңге бөлініп, нақтыланған жоспар 100 пайызға орындалды. Білім бөлімі аппаратының МТБ жарақтандыруға, 510,0 мың теңге бөлініп 2 комплект офис жиһазы алынды.

6.Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру.
Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламасы барлығы 76393,0 мың теңге бөлініп, 76066,7 мың теңге игеріліп нақтыланған жоспар 99,6 пайызға орындалды.

Оның ішінде еңбек пен қамту бағдарламсы бойынша қоғамдық жұмыстарға 12443,0 мың теңге 477 адамға берілді. Жұмыссыздарды кәсіптік даярлау мен қайта даярлауға 3878,3 мың теңгеге 156 адам оқытылды. Халықты жұмыспен қамту жөнінде қосымша шараларға 527,0 мың теңгеге 35 адам қамтылды. Нақтыланған жоспар 100 пайызға орындалды.

Ауылдық жерлердегі білім мекемелері мен денсаулық саласы қызметкерлерінің коммуналдық шығындарын жабуға 1 жолды төлемақыға 1638,0 мың теңге жұмсалып, 272 мұғалім және 28 медицина қызметкерлеріне берілді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бағдарламасына 7648,0 мың теңге қаралып нақтыланған жоспар 100 пайызға орындалып, 714 адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді.

18 жасқа дейінгі балаларға берілетін көмек бағдарламасы Р.Б. дан 7974,3 мың теңге Ж.Б. 7250,0 мың теңге 1108 балаға берілді.

Тұрғын үй қызметі бағдарламасына жоспар 8817,0 мың теңгеге нақтыланып, ол 8817,0 мың теңгеге игеріліп 100 пайыз болып, 882 отбасына көмек көрсетілді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша  азаматтардың жекеленген таттарына әлеуметтік көмек бағдарламасы бойынша жоспар 13410,0 мың теңгеге нақтыланып, 100 пайызға орындалды. Оның 627,0 мың теңгесі үйден оқытылатын мүгедек балаларға (45 бала), жеке шаруашылық ұйымдастырам деген жұмыссыздарға 6050,0 мың теңге 35 адамға грант, 2893,0 мың теңге мүгедектермен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің коммуналдық төлемдеріне 95 адамға берілді.

Мұқтаж азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бағдарламасына 4940,0 мың теңге бөлініп, нақтыланған жоспар 100 пайызға орындалды. 70 мұқтаж адамға түрлі әлеуметтік көмек көрсетілді. 2240 мың теңге 46 балаға мүгедек балаларды үйден оқытуға жұмсалынды. Жыл аяғында бағаның өсу себебіне байланысты 1465 тұрмысы нашар азаматтарға 3954,0 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Қапшағай қалалық маслихатының шешімімен 28 Қапшағай қаласының құрметті азаматтарына 263 мың теңге көмек берілді.

Әлеуметтік қорғау бөлімі аппаратын ұстауға 11021,6 мың теңге бөлініп, нақтыланған жоспар 100 пайызға орындалды.

Бөлім аппаратын МТБ жарақтандыруға 300,0 мың теңге бөлініп, оған 2 комплект компьютер сатып алынды.

7.Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық.
Тұрғын үй коммуналды шаруашылық бағдарламасы бойынша 446701,0 мың теңгеге қаралып, ол 446647,4 мың теңгеге атқарылып, нақтыланған жоспар 100 пайызға орындалды. Оның ішінде коммуналдық тұрғын үй құрылысының ПСҚ-ын дайындауға 1082,0 мың теңге ОБ. Қапшағай қаласының инженерлік коммуникациялық инфраструктура жүйесіне 26178,0 мың теңге ОБ, сумен жабдықтау жүйесі құрылысына 15224,0 мың теңге РБ, Шенгелді, Кербұлақ суқұбыры құрылысына 150991,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Бұдан тысқары жергілікті бюджет есебінен:

көшелерді жарықтандыруға 26178,0 мың теңге, санитарлық тазалау жұмыстарына 10467,0 мың теңге, көріктендіру жұмыстарына 49388,0 мың теңге, жерлеу орындарын ұстауға 1500,0 мың теңге жұмсалынды. Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге Қапшағай қаласы көшелерінің күрделі жөндеу жұмыстарына 55888,0 мың теңге, Шенгелді және Заречный селолық округтеріне 12358,8 мың теңге бөлініп, толық игерілді.

8.Мәдениет, спорт және ақпараттық кеңістік.
Мәдениет және ақпараттық кеңістік бағдарламасы бойынша 26188,0 мың теңге, нақтыланған жоспар 100 пайызға орындалды.

Оның ішінде мәдениет үйлерін ұстауға 2961,8 мың теңге қалалық кітапхана жұмысына 8065,9 мың теңге, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі аппаратын ұстауға 2900,0 мың теңге, осы бөлімінің МТБ-сын жарақтандыруға 200,0 мың теңге, ішкі саясат бөлімі аппаратын ұстауға 3518,7 мың теңге, оның МТБ-сын жарақтандыруға 510,0 мың теңге, спорт бөлімі аппаратын ұстауға 2247,0 мың теңге, оның МТБ-сын жарақтандыруға 400,0 мың теңге жұмсалынды. Бұдан тысқары мемлекеттік тілді оқыту орталығы ашылып, оған 3500 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Түрлі спорт жарыстарын ұйымдастыруға 818,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. 25 пайыз ауылдық коэфицентіне 134,8 мың теңге төленді.

10.Ауыл, су, орман, балықшаруашылығы,қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау функционалдық бағдарламасы.

Ауыл шаруашылығы аппаратын ұстауға 4718,0 мың теңге бөлініп толығымен 100 пайызға орындалды. Осы бөлімнің МТБ-сын жарақтандыруға 300,0 мың теңге жұмсалынды. Облыстық трансферт есебінен ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру жұмыстарына 426,0 мың теңге бөлініп, олар: 25 жеке тұлғаларға берілді.

Қаланың жер қатынастары бөлімін ұстауға 5183,0 мың теңге бөлініп, толығымен 100 пайызға орындалды. Осы бөлімнің МТБ-сын жарақтандыруға 1600,0 мың теңге 2 комплект компьютер және 1200,0 мың теңгеге нива автокөлігі сатып алынды.

11.Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі.

Қаланың құрылыс бөлімі аппаратын ұстауға 32332,5 мың теңге бөлініп, нақтыланған жоспар 100 пайызға орындалды.Осы бөлімнің МТБ-сын жарақтандыруға бөлінген 1800,0 мың теңгеге 1 дана компьютер, 1 комплект офисік жиһаз және 1200,0 мың теңгеге автокөлік сатып алынды.

Қаланың сәулет бөлімі аппаратын ұстауға 5020,8 мың теңге қаралып, толығымен 100 пайызға атқарылды. Бөлімнің МТБ-сын жарақтандыруға бөлінген 1780,0 мың теңгеге 2 дана компьютер және офистік жиһаз бен 1280,0 мың теңгеге автокөлік сатып алынды.

Бұдан тысқары 2008 жылға қала құрылысының бас жоспарын әзірлеу бағдарламасына 21446,0 мың теңге бөлініп, 100 пайызға атқарылды.

12.Көлік және коммуникациялар
Селолық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету бағдарламасына 12358,0 мың теңге бөлініп 100 пайызға орындалды. Бұл қаржы Шенгелді, Заречное селолық округтері бойынша жолдарын күрделі жөндеуге жұмсалды.

Қапшағай қаласы жолдарын күрделі жөндеу жұмыстарына 55888,0 мың теңге бөлініп, 100 пайызға орындалды. Бұл қаржыға қала көшелерінің 22941 шаршы метр жолдары жөндеуден өткізіліп, қысқы жұмыстарына құм төгуге және қар тазалау жұмыстарына 3628,0 мың теңге қаралып, толық игерілді.

13.Басқалары.
Кәсіпкерлік бөлімі аппаратының қызметін қамтамасыз етуге 3500,5 мың теңге қаралып, 100 пайызға орындалды. Бөлімнің МТБ жарақтандыруға 399,0 мың теңге бөлініп, офистік жиһаз бен компьютер сатып алынды.

Тұрғын-үй коммуналды шаруашылық бөлімі аппаратын ұстауға 6347,7 мың теңге бөлініп, 100 пайызға толығымен атқарылды. Бөлімнің МТБ-сын жарақтандыруға 2570,0 мың теңге бөлініп 1 комплект компьютер және офистік жиһаз бен автокөлік сатып алынды.

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .