Kapshagay.gov.kz

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының орындалуы туралы ақпарат

Главная


 

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген.
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасы жаңа өңірлік саясатты іске асырудың құралы болып табылады, оның мақсаты әрбір өңірдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін тиімді пайдалану негізінде өңірлердің орнықты дамуы үшін жағдай жасау болып табылады.
Бағдарламаның негізгі бөлігі болып ауылдық территорияларды және жергілікті өзін-өзі басқаруға қаржылай көмек көрсету болып табылады.
2017 жылы Қапшағай қаласы бойынша «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Заречный ауылының 2 балалар ойнайтын алаңын орнатуға 3490,0 мың.теңге бөлініп, игерілді. Шеңгелді ауылдық округіндегі Шеңгелді, Сарыбұлақ, Кербұлақ ауылдарында балалар алаңын орнатуға 9450,0 мың теңге қаражат бөлініп, игерілді. Барлық құрылыс жұмыстары аяқталды, нысандар қолданысқа берілді.
2018 жылға аталған бағдарлама бойынша жалпы сомасы 12960,0 мың теңге қаражат қарастырылған, атап айтқанда:

  • Сомасы 5220,0 мың теңгеге Заречный ауылындағы су беру жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстары;
  • Ақөзек ауылындағы балалар алаңының құрылысына 3870,0 мың теңге;
  • Қосқұдық ауылындағы балалар алаңының құрылысына 3870,0 мың теңге қарастырылды.

Бағдарлама бойынша жұмыстар жалғасын табады.

 

Экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің басшысы                                    А. Сатыбалдиева

 

/10:22 22 қыркүйек 2017 ж./


 

 


Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .