Kapshagay.gov.kz

Қапшағай қаласының 2017 жылғы I тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат

Главная


2017 жылдың I тоқсанында әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады:
Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары 2017  жылдың қаңтар-наурыз айында 11139,3 млн.теңгенің өнімін өндірді. Нақты көлем индексі 121,8%-ды құрады. 2017 жылы аталған көрсеткіш 51450,0 млн.теңге болып белгіленді.  
Негізгі капиталға 783,4 млн.теңге инвестиция тартылды, осы корсеткіш 36,2% орындалды. Нақты көлем индексі 34,5%-ды құрады.  2017 жылға  22800,0 млн.теңге инвестиция тарту белгіленді.
2017 жылдың 1 тоқсанында 0,117 мың шаршы метр тұрғын үй берілді немесе 2016 жылға қарағанда 14,6%  құрады.  2017  жылдың жоспары – 5,4 мың шаршы метр. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 271,5 млн.теңгені құрады, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 27,2% құрады.
Алматы обласының Ақөзек  селосында 120 орындық орта мектебі  құрылысының  жобалау-іздестіру жұмысы жасалды.
Ауылшаруашылығы саласында
Ауыл шаруашылығы саласында 2017 жылдың І тоқсанында жалпы өнім көлемі 942,1 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 100,2% жетті.
Қапшағай қаласының ауылшаруашылық тауар өндірушілері 2017 жылы  12780 гектар егістік жер итеруін жоспарлап отыр. Оның 8838 гектар суармалы болып табылады.
Биылғы жылы аумағы 1200 га жерге тамшылап суғару технологиясы енгізіледі, 1700 га ылғал сақтау технологиясы қолданылады деп жоспарлануда.
Дәнді дақылдар жоғарғы сұрыпты дәндерден отырғызылды. 62 гектар жерге күздік бидай отырғызылды. 3751 гектар жерге жаздық арпа отырғызу көзделуде. Биылғы жылы 1200 гектар жерге соя мен  қант қызылшасын 570 га егу жоспарлануда.
2017 жылдың көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бүгінгі күнге шаруашылықтарға 346 тонна субсидияланған дизель отыны бөлінді. Ол, литріне 123 тенгеден таратылуда.
Қапшағай өңірі бойынша 2017 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімнің көлемі 13193,9 млн.тенгені өндіру көзделуде, соның ішінде егін шаруашылығы өнімінің көлемі 10475,0 млн. тенге, мал шаруашылығы 2486,6 млн.тенге көзделіп отыр.
Білім саласында
Қалада және аймақта 7 мемлекеттік, 2 жеке меншік мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Мектептер жанынан ашылған 9 шағын орталықтарда 622 бала, барлығы 2455 бала мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелемен қамтылып, көрсеткіш деңгейі 90,7% құрады.
Интернет желісіне барлық мектептер қосылған. Барлық компьютер саны 1274, бір компьютерге шаққанда 10,4 оқушыдан келеді.

 

Денсаулық сақтау саласында
2017 жылдың I тоқсанында тәуліктік стационарда 1670 адам ал күндізгі стационарды 430 науқас емделді.
Диспансерлік науқастанғандарға 1 тоқсан қорытындысы бойынша тегін дәрі-дәрмек сатып алуға жалпы сомасы 91942,5 мың теңге бөлінді.
Жалпы өлім саны 17 жағдайға төмендеді (2016 ж 1 тоқсан – 164 жағдай, 2017 ж  1 тоқсан – 147 жағдай).
Жалпы науқастану 30 жағдайға артқан (2016 ж 1 тоқсан – 4336 жағдай, 2017 ж  1 тоқсан – 4366 жағдай).
Қатерлі ісіктен өлім 1 жағдайға артты (2016 ж 1 тоқсан – 20 жағдай, 2017 ж  1 тоқсан – 21 жағдай).
Жұмыспен қамту
2017 жылғы 1 тоқсанда жұмыспен қамту бөліміне 668 жұмыссыз азаматтар жүгінген, жұмыспен қамту бөлімінің қатысуымен 158 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылу деңгейі 22,8% құрады.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 150 адам жіберілді, оның ішінде 75 ауылдық жерлерден жұмылдырылды.
        2017 жылғы 1 тоқсанда  келесі  әлеуметтік көмектер түрлері көрсетілді:
  Жастар практикасына 16 адам жіберілді;
Әлеуметтік жұмыс орындарына 16 адам жіберілді;
Мемлекеттік мекен-жай көмегін алушы 48 адамға  688,3 мың теңге төленді;
18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларынан 522 балаға 2280,6 мың теңге көлемінде жәрдемақы  төленді;
Тұрғын үй көмегі 355 жанұяға 3500,0 мың теңге төленді;
Мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына 30 балаға 544,5 мың теңге көлемінде төленді;
Туберкулезбен ауратын 13 адамға 397,1 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
ҰОС ардагерлері мен мүгедектерге 122,5 мың теңгеге компенсация төленді. Ауған соғысы ардагерлеріне 122 қатысушыға 5600,0 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Есептік жыл ішінде 137 адамға 660,0 мың теңге көлемінде қайрымдылық көмек көрсетілді.
Бюджетке түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 2017 жылдың І тоқсанында 4182,4 млн.теңгені құрап, 111,5% орындалды.  Республикалық бюджетке 2855,7 млн.теңге қаражат түсіп, жоспар 110,0% орындалды. Жергілікті бюджетке түсетін салықтар жоспары 114,7% орындалып, 1326,7 млн.теңге қаражат түсті.
Қала бюджетінің шығыстар бөлігі 99,9% орындалып, 1359,5 млн.теңге шығыстар қаржыландырылды және бюджеттік бағдарламаның негізгі іс-шаралары іске асты.
Бюджет саласында: өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда берешек 27,6% төмендеп, 485,2 млн. теңгені құрады. («Еркін Құрылыс Компани» ЖШС – 30,0 млн.теңге, «Дос Строй ДК» ЖШС – 6,9 млн.тенге, «Холдинг «ТЭМО» ЖШС -  10,0 млн.тенге,  «АЗОК» - 35,9 млн.тенге, «Стройимпульс» - 6,4 млн. теңгені құрады).
Шағын кәсіпкерлік саласында
2017 жылдың 1 тоқсанында шағын және орта кәсіпкер субъектілерінің өндірген өнімі 3333,2 млн.теңгені құрап, алдыңғы жылдың көрсеткішінен 71,8% құрады.  Шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын жұмыс істеп тұрған субъектілер саны 3679 дана. Шағын және орта кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысатын тұлғалардың саны 16451-ға жетті.
Шағын кәсіпкерліктен бюджетке түскен салықтар 681,6 млн.теңгені құрады. Бөлшек сауда айналымы 2303,4 млн.теңгені құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 117,1%  құрады. Нақты көлем индексі 108,1% құрады.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында
Қаланың коммуналдық шаруашылық саласында айтарлықтай іс-шаралар атқарылып, көркейту, көгалдандыру, қаланы және ауылды елді мекендерді санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде.
2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша кіші қалаларды жылумен қамту бағдарламасы аясында жалпы сомасы 441,0 млн. теңге бөлініп, 8,2 мың тонна мазут отыны сапыт алынды.
Көшелерді жарықтандырудың техникалық қызметіне 14,0 млн.теңге қараджат бөлінді, оның 2,4 млн.теңгесі игерілді.
Қала елді мекендерін жарықтандыруға 37,5 млн.теңге қаражат бөлініп, 6,2 млн.теңгесі игерілді.
Санитарияны қалыпта сақтау үшін 52,8 млн.теңге қаражат бөлініп, 8,8 млн.теңгесі игерілді.
Аялдамаларды ағымдағы жөндеуге 63,0 млн.теңге бөлініп, 14,4 млн.теңгесі игерілді.
Мерекелік безендіру мен жалауларды сатып алу мен орнатуға 10,7 млн.теңге бөлініп, 3,6 млн.теңгесі игерілді.
Жеңіс паркін ұстауға 53,0 млн.теңге бөлініп, 1,9 млн.теңгесі игерілді.
Екі жағажайды қалпына келтіруге 265,0 млн.теңге бөлініп, 36,4 млн.теңгесі игерілді.
Жерлеу орындары мен туысы жоқ тұрғындарды жерлеуге 3,616 млн.теңге бөлініп, 604,0 мың теңгесі игерілді.
Бағдаршамдар мен жол белгілерін техникалық қызмет етуге 3015,0 мың теңге бөлініп, 502,5 мың теңгесі игерілді.
Автомобиль жолдарын қысқы ұстауға 12,5 млн.теңге қаражат бөлініп, 6,0 млн.теңгесі игерілді.
Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізуге 330,6 млн.теңге қаражат бөлініп, 20,2 млн.теңгесі игерілді.
Ауылды жерлер мен қала көшелерін паспортизациялауға 67,0 млн.теңге бөлінді.
2017 жылдың I-ші тоқсаны бойынша барлық қылмыс бойынша 288 факті тіркелген, 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 25,0 пайызға төмендеген. Жалпы қылмысты ашу дерегі 60,6% құрады (2016 ж 1 тоқсанында – 53,2%).
 

 


Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .