Kapshagay.gov.kz

Хабарландыру

Главная


2016 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендегі көрсеткіштермен сипатталады:  
Ауылшаруашылығы саласында
Ауыл шаруашылығы саласында 2016 жылдың 10 айында жалпы өнім көлемі 10914,9 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 101,5% жетті, жылдық жоспар 103,3%.
1821 тонна тірі салмақта (102,3%), 3666,0 тонна сүт (100,9%), 1176,0 мың дана жұмыртқа (100,0%) өндірілді.
Ауыл шаруашылығы малдарын вакцинациялау 100,0%-ке орындалды.
Қаланың өнеркәсіптік кәсіпорындары  41680,2 млн.теңгенің өнімін өндірді. Нақты көлем индексі 100,4%-ды құрады. 2016 жылы аталған көрсеткіш 36000,0 млн.теңге болып белгіленді.    
Қапшағай қаласы мен ауылдық округтерде 3261 шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысатын субъектілер өз қызметтерін жүзеге асыруда. Аталған салада 16311 адамға жетті. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің өндірген өнім көлемі 9916,1 млн.теңгені құрады. Шағын кәсіпкерлік саласынан  бюджетке түскен жалпы салықтық төлемдердің көлемі 2068,3 млн.теңгені құрады. Ол барлық бюджетке түсімдердің 16,0%  пайызын құрайды.
Бөлшек сауда айналымы 12283,9 млн.теңгені құрады немесе 2015 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 121,8% құрады. Нақты көлем индексі 101,3%-ды құрады.
Негізгі капиталға 15010,0 млн.теңге инвестиция тартылды. Нақты көлем индексі 73,8%-ды құрады.
2016 жылдың  10 айында  7,36 мың шаршы метр тұрғын үй берілді.  2016  жылдың жоспары – 8,7 мың шаршы метр. Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемі 10385,2 млн.теңгені құрады. Нақты көлем индексі 82,7%-ды құрады.
Алматы обласының Ақөзек ауылында 120 орындық орта мектебі  құрылысының  жобалау-іздестіру жұмысы әзірленді. Жұмыстың жалпы сомасы 15,7 млн. теңгені құрады. 
№12 "А" шағын ауданда жеке тұрғын үй құрылысына арналған инженерлік коммуникациялардың құрылысы үшін жобалау-іздестіру жұмысы әзірленді. Осы нысанның құрылысына бюджеттен 250368,0 мың теңге қаражат бөлініп, 124307,0 мың теңгесі игерілді. 
Алматы облысы Қапшағай қаласындағы 12 «Б» үшін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және жайластыруға 155,0 млн.теңге және «Арна 2 кезең» ықшам ауданыны құрылысына 155,0 млн.теңге қаражат қарастырылған. 
Ұлттық қордың нысаналы трансферттер есебінен  032 бағдарлама бойынша «Алматы облысының Қапшағай қаласындағы «Арна» ықшам ауданы инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылымды дамыту және жайластыру» нысанын іске асыруға 371039,0 мың.теңге көлемінде бюджеттік қаражат бөлінді, мемлекеттік сатып алулардың қорытындылауда.
Қапшағай қаласы бойынша «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Заречный ауылының Абай мен Советская көшелері бойындағы су құбырлырына ағымдағы жөндеу жұмыстарына 3119,0 мың теңге мен Кербұлақ ауылы көшелерін абаттандыру мен жарықтандыруға ағымдағы жөндеу жұмыстарына 9826,0 мың теңге қарастырылып, игерілді.    
Бюджетке түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдер 2016 жылдың 10 айында 12915,4 млн.теңгені құрап, 102,9 % орындалды.  Республикалық бюджетке 9488,5 млн.теңге қаражат түсіп, жоспар 101,9% орындалды. Жергілікті бюджетке түсетін салықтар жоспары 105,7% орындалып, 3426,9 млн.теңге қаражат түсті.
Қала бюджетінің шығыстар бөлігі 96,4% орындалып, 3928,5 млн.теңге шығыстар қаржыландырылды және бюджеттік бағдарламаның негізгі іс-шаралары іске асты.
2016 жылдың 10 айында жұмыспен қамту бөліміне 1715 жұмыссыз азаматтар жүгінген, жұмыспен қамту бөлімінің қатысуымен 1050 адам жұмысқа орналастырылды. Жұмыспен қамтылу деңгейі 61,2% құрады.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға 481 адам жіберілді. Жастар практикасына 40 адам жіберілді.4 мамандық бойынша 80 адам оқу курстарын оқып бітіріп шықты, оның ішінде  37 ауылдық елді мекендерден. Әлеуметтік жұмыс орындарына 27 адам жіберілді.
2016 жылдың 10 айында келесі  әлеуметтік көмектер түрлері көрсетілді:
        Мемлекеттік мекен-жай көмегін алушы 54 адамға  2171,8 мың теңге төленді;
  18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасыларынан 473 балаға 5801,0 мың теңге көлемінде жәрдемақы  төленді;
Туберкулезбен ауратын 23 адамға 1230,1 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
 «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру және тірек ауылдарды кешенді дамыту»  бойынша бағдарлама шарттарының бірінші кезеңнен өтіп,  24 адам  81,7 млн. теңге көлемінде шағын несие алды.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 3 жас маманға үй сатып алу үшін жалпы сомасы 9544,5 мың теңге несиелер берілді.
Барлығы 2130 жұмыс орны ашылды, жылдық жоспар 83,5% орындалды.
 «Жұмыспен қамтудың 2020 бағдарламасы» аясында 3 инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда 34 жұмыс орны ашылды.
Қалада және аймақта 7 мемлекеттік, 1 жеке меншік мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді. Мектептер жанынан ашылған 9 шағын орталықтарда 622 бала, барлығы 2455 бала мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелемен қамтылып, көрсеткіш деңгейі 90,7% құрады. Барлық оқушылар саны 9671 құрайды.
«Гүлдер» балабақшасына күрделі жөндеу жұмысына 231,2 млн. тенгеқаражат бөлініп, оның 123,0 млн.теңгесі игерілді.
Жалпы, қаладағы қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру бойынша барлық шаралар қабылдануда.

 

    Бөлім басшысы                                                     А. Сатыбалдиева


Қапшағай қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі


Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .