Kapshagay.gov.kz

Қазақстан бойынша 46 ХҚКО-да туу туралы куәлікті 3 сағат ішінде алуға болады

Главная


 

 

Азаматтық хал актілерін тіркеу, баланың туылуын тіркеу, қайтыс болуды тіркеу, неке бұзуды тіркеу (ерлі-зайыптылықты) секілді қызметтерді енді 3 сағат ішінде алуға болады.
Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлескен пилоттық жобасы айдың басынан басталғанын естеріңізге саламыз. Бұл ретте, азаматтық хал актілерін тіркеуді тек Астананың тұрғындары ғана            № 1 Есіл аудандық бөлімнен ала алатын. Енді пилоттық жобаны Е-ХҚКО қағидаты бойынша 10 облыс және Астана мен Алматы қалаларының тұрғындары пайдалана алады. Жеделдетілген режимде АХАТ бағыты бойынша қызметтерді ресімдеуге болатын ХҚКО-ның толық тізімін https://gov4c.kz/kk/2017/07/20/aza-stan-bojynsha-46-h-ko-da-tuu-turaly-ku-likti-3-sa-at-ishinde-alu-a-bolady/ алуға болады.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жобаның мәні - «Е-ХҚКО» бірыңғай қызмет көрсету орталығы қағидаты бойынша қызмет берушіден қызмет алушыға құжаттарды жедел жеткізу.  
«Азаматтардың жеделдетілген режимде АХАТ қызметтерін алуы үшін, Астана қаласы бойынша біз Астана қ. № 1 ХҚКО бөлімінде АХАТ қызметкерлері үшін жұмыс орындарын, ал өңірлерде - «Е-ХҚКО» қағидаты бойынша АХАТ қызметкерлерінің ХҚКО бөлімдерімен бір ғимаратта орналасуын ұйымдастырдық. Енді олар логистикаға уақыт жоғалтпай, азаматтық хал актілеріндегі жазбаларға өзгерістер енгізу функцияларын сол жерде орындайтын болады», - дейді Оспанов.
Ол пилотты іске қосқан сәттен бастап жеделдетілген режимде 462 мемлекеттік қызмет берілгенін де айтып өтті, оның ішінде 428 - туу туралы куәлік, 17 - қайтыс болуды тіркеу,                 17 - соттың шешімі негізінде некені бұзу.
Бұрын АХАТ бағыты бойынша бұл қызметтер мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, қайтыс болуды тіркеу - бір жұмыс күні ішінде, бала тууды тіркеу және 2008 жылдан кейін тіркелген, заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде некені бұзуды тіркеу - 2 жұмыс күнінде жүзеге асырылған.
Сағат 17.00-ден кейін берілген өтініштер бойынша көрсетілген қызметтердің нәтижесі келесі күні сағ. 12.00-ге дейін берілетінін айта кеткен жөн.  
Жақын уақытта Е-ХҚКО қағидаты бойынша қызметтерді алуға болатын фронт-офистердің толық тізімі:
Алматы қ.
1. Бостандық аудандық № 1 бөлімі –Алмагүл ш/а, Ходжанов к-сі, 9А
2. Жетісу аудандық № 1 бөлімі, Құлагер ш/а, Серіков к-сі, 6А
Ақмола облысы
3. Сандықтау аудандық бөлімі - Балкашино а., Абылайхан к-сі,119 А.
4. Зеренді аудандық бөлімі - Зеренді а., Бейбітшілік к-сі, 52
Алматы облысы
5. Ақсу аудандық бөлімі - Жансүгіров к., Қабанбай батыр к-сі, 20.
6. Алакөл аудандық бөлімі - Үшарал қ., 8 наурыз к-сі, 63.
7. Балқаш аудандық бөлімі –Бақанас а., Бижанов к-сі, 25А.
8. Қапшағай қалалық бөлімі – Қапшағай қ.. 1 ш/а., 41
9. Еңбекші аудандық бөлімі - Есік қ., Абай к-сі, 314 А
10. Есіл аудандық бөлім і- Қарабұлақ к., Шестаков к-сі, 17
11. Іле аудандық бөлімі - Өтеген Батыр к., Қуат ш/а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 23
12. Қаратал аудандық бөлімі – Үштөбе қ., Абылай хан к-сі, 22
13. Кербұлақ аудандық бөлімі - Сарыөзек к., Момышұлы к-сі, 1В
14. Панфилов аудандық бөлімі - Жаркент қ., Головацкий к-сі, 51Б
15. Райымбек аудандық бөлімі - Кеген а., Момышұлы к-сі, н/з
16. Сарқан аудандық бөлімі - Сарқан қ., Жамбл к-сі, 44
17. Талғар аудандық бөлімі – Талғар қ., Лермонтов ксі, 53А
18. Талғар ауданы Текелі қ. бөлімі секторы – Текелі қ., Тәуелсіздік к-сі, 9
19. Ұйғыр аудандық бөлімі - Чунджа а., Қасымбеков к-сі, 35
Атырау облысы
20. Мақат аудандық бөлімі - Мақат к., С. Мукашев к-сі, 36
Шығыс Қазақстан облысы
21.Өскемен қ. № 3 бөлімі - Белинский к-сі, 37А
22. Абай аудандық бөлімі – Қарауыл а., Құнанбай к-сі, 12
23. Бородулиха аудандық бөлімі – Бородулиха а., Молодежная к-сі, 25
24. Зырян аудандық бөлімі - Зырян қ. Стахановская к-сі, 39
25. Курчатов қ. бөлімі – Тәуелсіздік к-сі, 4
Батыс Қазақстан облысы
26. Бөкейорда аудандық бөлімі – Сайхин к. Бергалиев к-сі, 1
27. Сырым аудандық бөлімі - Жымпиты к. Қазақстан к-сі, 11/2
Қарағанды облысы
28. Қарағанды қ. № 2 бөлімі - Чкалов к-сі, 7
29. Қарағанды қ. № 4 бөлімі –Архитектура көш., 8
30. Балқаш қ. бөлімі - Бөкейхан к-сі, 20А
31. Қаражал қ. бөлімі - Ленин к-сі, 18
32. Қарқаралы аудандық бөлімі - Қарқаралы қ., Аубакиров к-сі, 21
33. Нұра аудандық бөлімі - Киевка к., Сүлейменов к-сі, 2
34. Осакаров аудандық № 1 бөлімі – Осақаров к., Пристанционная  к-сі,12
35. Саран қ. бөлімі - Жамбыл к-сі, 85/3  
36. Шахтинск қ. №1 бөлімі  -  Абай даңғ., 65Б
Қызылорда облысы
37. Қызылорда қ. № 1 бөлімі - Ғ. Мұратбаев к-сі, 2Е
Маңғыстау облысы
38.Отдел Мунайлинского района - с.Мангистау,  24 квартал, строение 10/3
Павлодар облысы
39. Ертіс аудандық бөлімі - Ертіс а. И. Байзақов к-сі, 14
40. Качир аудандық бөлімі - Тереңкөл а., Тургенев к-сі, 85А
41. Павлодар аудандық бөлімі - Павлодар қ., Толстой к-сі, 10
42. Успен аудандық бөлімі - Успен а., Тәуелсіздікке 10 жыл к-сі, 30
43. Лебяжі аудандық бөлімі-Аққу а., Ташимов к-сі, 114
44. Павлодар қ. № 2 бөлімі – Исиналиев к-сі, 24
45. Ақсу қ. бөлімі – Ленин к-сі, 10
Солтүстік Қазақстан облысы
46. Петропавл  қ. № 2 бөлімі – Қазақстан Конституциясы к-сі, 72

Пресс-служба некоммерческого
акционерного общества
«Правительство для граждан»


 


"Азаматтарға арналған үкімет"

Система Orphus


"WD_Likurg"
Тел.: 8-727-724-3656; email: Likurg@kapshagay-gov.kz
Адрес: Акимат города Капшагай, 040800: ул. Жамбыла 13, офис 105 .